124
математика үшін формальды дұрыстық, формальды есептеу немесе қорытынды
шығару ең негізгі мəселе (жалғыз болмаса да) екендігін баса көрсетеді. Алайда
математиканы практикада – ғылым мен техникада қолдануға келгенде мəселе
түбірімен өзгереді. Мысалы, көп өлшемді геометрияда жалаң формальды
жолмен ғана бекітілген жəне формальды ақиқат деп есептелетін теоремалар мен
тұжырымдар бар. Әзірше олар ешқандай нақты физикалық үдерістерге
қолданылмайтындықтан, олардың шындықпен сəйкестілігі туралы сөз қозғау
артық. Сонымен бірге, оларды жалған деп есептеуге де болмайды, өйткені, олар
қатаң дəлелденген. XIX ғасырда Лобачевскийдің, Риманның жəне Больяидің
евклидтік емес геометриясы ашылған кезде, оларды материалдық шындыққа
қолдануға келмейтін математикалық курьез деп есептеді. Олар тек дəлелдеуші,
дұрыс құрылымдар саналды. Алайда, XIX ғасырда Эйнштейн гравитацияның
жаңа теориясын – салыстырмалылықтың жалпы теориясын құрды. Ол
евклидтік емес геометрияға сəйкес келетіндей физикалық үдерістер
кеңістікте
жүзеге асатындығын дəлелдеді. Салыстырмалылық теориясы эксперименталды
түрде дəлелденді.
Белгілі бір тұжырымдар сыртқы нақтылыққа сəйкес келуі тиіс Деген
позицияны ұстанатын ақиқаттың корреспонденттік теориясы да кездеседі. Бұл
сəйкестікке қалай жетуге болады? Сөйлемдер бақыланған қасиеттер мен
қатынастарды бейнелейтін ұғымдарды білдірген жағдайда, мысалы «қызыл»,
«шар тəрізді», «қышқыл», «қатты» жəне т.б. білдіргенде бұл мəселенің шешілуі
оңай. Затты көрсең, жаласаң немесе сипасаң жеткілікті. Алайда ғылымда
тікелей бақылауға көнбейтін ұғымдар да кездеседі. Мысалы, «спин»,
«элементарлық бөлшектер», «кварк» жəне т.б. Мұндай жағдайда не істеу керек?
Ақиқаттың корреспонденттік концепциясын жақтаушылар ғылым тілін үш
қабатқа бөледі: бақылау тілі, теория тілі жəне корреспонденттік тіл
немесе
интерпретация (түсіндірме) тілі. Түсіндірме тілдің көмегімен тікелей бақылауға
көнбейтін теориялық ұғымдар («спин», «кварк» жəне т.с.с.)
бақы- лау тіліне
аударылып, сезінуді сипаттаушы ұғымдармен алмастырады. Теориялық
сөйлемдердің өзі толық бақыланатын ахуалдарды сипаттайтын сөйлемдерге
аударылады. Міндет қарапайым күйге түскен тəрізді. Алайда бұл
қарапайымдылық сырт көзге ғана солай көрінеді. Көптеген ахуалдар мен
үдерістер құбылмалы, өзгермелі жəне тікелей бақылауға бағынбайды. Оның
үстіне теориялық сөйлемдерді қадағалау тіліне толық аудару мүмкін емес.
Жəне, ақырында, корреспонденттік концепция математиканың көптеген жоғары
бөлімдеріне қолданылмайды, бұл концепцияны жетекшілікке ала отырып,
олардың шынайылығы немесе жалғандығы туралы айту мүмкін емес.
Жоғарыда айтылғаңдардан туыңдайтыны объективті ақиқаттың үнемі
дамуда екендігін түсіну болып табылады. Ол ақиқаттың абсолютті жəне
салыстырмалы екі формасы түрінде көрінеді.
Абсолюттік ақиқат ешқандай
күмəнсіз, өзгермейтін жəне мəңгіге бекітілген білім болып табылады. Бірақ
бізді қоршаған объектілер өте күрделі, шексіз көптеген байланыстар мен
қатынастарға енген, өздері үнемі өзгереді, диалектика заңдары бойынша
дамиды жəне өзге сапаға өтеді. Осы жағдайларға орай скептиктер жəне
агностиктер абсолюттік, объективтік шындыққа жету мүмкін емес деп түйін
125
жасайды. Мұндай түйін қате. Біріншіден, объективті ақиқат көбіне абсолюттік
формада емес, салыстырмалы формада больш келеді. Екіншіден, абсолюттік
ақиқат біздің біліміміз үнемі оған жетуге ұмтылатын белгілі бір үлгі немесе
шек ретінде қарастырылуы тиіс. Осы шекке жету жолында біз жаңа
салыстырмалы шындыққа ие боламыз, яғни объектілердің жекелеген
байланыстарын, қасиеттері мен қатынастарын терең танып, оларды синтездеп
жəне осы мағынада біз үнемі абсолютті ақиқатқа жақындаймыз. Догматтық
тұрғыда ойланатын философтар мен ғалымдар қандай да бір салыстырмалы
шындықтарды абсолюттік ақиқат ретінде қабылдайды.
Қалыптасқан білім
неғұрлым ұзақ уақыт шыдаған сайын, соғұрлым ол əдетке айналып,
адасушылықтар да тамырын тереңге жібере түседі. Ғылымда объективті əлемді
толығырақ жөне тереңірек бейнелейтін жаңа ашылымдар ай- қындалып, жаңа
ақиқаттар қалыптасады, ал бұрынғы білімдер дəл жеткілікті емес деп теріске
шығарылып жатқанда, мұндай ойшылдар шарасыздықтан ақиқат жоқ, біздің
біліміміз шартты,
салыстырмалы, үмітсіз деп түйіндей бастайды. Мұндай
жағдай жаңа жəне ескі теориялар мен ілімдердің жақтастары арасындағы
драмалық қақтығыстарға əкеледі.
Салыстырмалы жəне абсолютті ақиқат диалектикасының ерекшелігі, біздің
танымымыз қоршаған əлемді дəл жəне жан- жақты қамтуға ұмтылу үшін, бірақ
өз жолында кездесетін қайшылықтарды шешу үшін оған тура жолмен емес,
спиралды түрде қозғалуымен жəне объективті нақтылықты терең бейнелеуімен
сипатгалады. Ақиқат теориясы бойынша қазіргі логикалык зерттеулер
қоршаған əлем туралы біздің біліміміздің дəлдік, толық- тық жəне күмəнділік
деңгейін ықтималдылық теориясы мен ықтималдылық логикасы көмегімен
анықтауға, дəлелдеуге, «есептеуге» жəне «өлшеуге» болатынын айқындайды.
Казіргі кезде қалыптасқан өте көптеген математикаландырған теориялар мен
формулалар ықтималдылыққа теңестірілген салыстырмалы шындықтардың
абсолютті дəл күмəнсіз білімге жақындағанын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: