Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


 Техника философиясы батыс философиясының бір бағыты ретінде



Pdf көрінісі
бет41/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   130
Философия Оқулық (3)

 
6.2. Техника философиясы батыс философиясының бір бағыты ретінде 
Философия тарихында адамзат өркениеттерін, тарихты зерттеуде, талдауда 
əртүрлі тəсілдер, принциптер, критерийлер қолданылады. Олардың қатарына 
экономикалық, 
географиялық, 
биологиялық, 
діни, 
гуманистік 
детерминизмдерді жатқызуға болады. Олардың арасында қазіргі қоғам 
өміріндегі бүгінгі өзгерістерді неғұрлым толық бейнелейтіні технологиялық 
детерминизм болып табылады. Технологиялық детерминизм – бұл қоғамдық 
дамудағы 
техниканың 
анықтаушы 
рөлі 
туралы 
көзқарастардың, 
постулаттардың біріккен жиынтығы. Шындығында да қазіргі өмірде теника 
мен технологияның маңызы жəне рөлі орасан зор. 
“Адаммен бетпе-бет келген бұл мəселенің маңыздылығы сонша, - деп 
жазады К.Ясперс, қазіргі уақытта техника біздің ахуалымызды түсінудің 
басты мəселесіне айналды. Қазіргі техниканың өмірдің барлық салаларына 
енгізілуін жəне оның біздің өмір сүруіміздің барлық қырларына тигізген 
салдарын қайта бағалау мүмкін емес. Мұны түсінбей жəне ойлау барысында 
дəстүрлі тарихи таңбаларды қолдана отырып біздің қазіргі жəне өткен
өміріміздің арасында салыстыру жүргізу мүмкін емес. Өткен мен біздің заман 
арасында параллель жүргізу үшін міндетті түрде қазіргі техникамен 
байланысты орын алған радикалды өзгерістерді ескеру қажет” 
(Смысл и 
назначение истории, М., 1991, 113 б.). 
Техника мен технология бүгінгі қоғамның жедел дамуының маңызды 
факторына айналды жəне техника ықпалын тигізбеген адам өмірінің бірде-бір 


132 
саласы қалмады. Қазіргі коммуникация құралдарының арқасында мемлекеттің 
еркі оның ең шалғай аудандарына дейін қамтып, кез-келген уақытта əрбір үйде 
өзін білдіре алады. Техниканың əсерімен терең процестер орын алады, еңбек 
өнімділігі өте шапшаң өседі. Оның мазмұны өзгереді. Қоғамның əлеуметтік 
құрылымы өзгереді. Оның үстіне адам да өзгереді. Қазіргі техника тіпті 
адамның терең тылсымдық жақтарына да ықпалын тигізеді. Егер ертеректе 
адамға табиғаттағы да, əлеуметтік саладағы да өмір сүрудің өзгерген 
жағдайларына бейімделуі үшін жеткілікті дəрежеде уақыт бөлінсе, ал қазір 
табиғат пен қоғамдағы техника мен технологияның ықпалмен болатын 
өзгерістердің жылдамдығы сонша, қазіргі адам өмір сүрудің өзгерген 
жағдайларына бейімделіп үлгіре алмайды жəне əрқашанда таусылмайтын жаңа 
мəселелердің үнемі туындап отыруына əкеледі. Осыған байланысты қазіргі 
философияда адам мəселесін зерттеудің техника философиясы түріндегі жаңа 
қырын қою қажеттілігі туындайды.
Техника философиясы – бүгінгі күні өзінің гүлдену кезеңін бастан кешіп 
жатқан батыс философиясының қазіргі бағыттарының бірі. Батыста техника 
философиясының қалыптаса бастауын И.Бекманның есімімен жəне 1777 жылы 
басылып шыққан оның “Технология бойынша жетекшілік, немесе қолөнерді, 
фабрикалар мен мануфактураларды тану” деп аталатын еңбегімен 
байланыстырады. Бірақ көпшіліктің пікірінше, бұл саладағы негіз қалаушы 
еңбек 1877 жылы жарияланған жəне жүз жылдан кейін Германияда қайта 
басылып шыққан Э.Капптың “Техника философиясының негізгі белгілері” деп 
аталатын жұмысы болып саналады.
Техника 
философиясы—қазіргі 
əлемдегі 
техника 
феноменін 
философиялық-методологиялық жəне дүниетанымдық тұрғыда зерттеуге 
негізделген қазіргі философиядағы бүтіндей бір бағыт. Бұл бағыт бастапқыда 
Батыс Европа мен Солтүстік Америкада, кейінірек 60-80 жылдары Жапонияда 
кеңінен таралды. Батыстағы қазіргі техника философиясының бастапқы 
өкілдері қатарына Э.Капп жəне Ф.Дессауэрмен қатар О.Шпенглерді, Ортега-и-
Гассетті, Мэмфордты, К.Шиллингті жəне т.б. жатқызуға болады. Бірақ, 
сонымен қатар техника ұғымы ертедегі ойшылдарда да кездеседі. Мысалы, 
еңбектің табиғи жəне жасанды органдары арасындағы анология туралы ой 
Платон мен Аристотельде ұшырасады. Егер Аристотель қолды “құралдың 
құралы” деп атаса, Гегель де осы идеяны қайталайды. Гегель техника 
табиғатын түсінуде бірқатар идеялар ұсынады. Гегельдің пікірінше техникалық 
жабдықтар объекттің табиғатымен анықталады, ал екінші жағынан жабдықтар 
техникалық құралдар арқылы іске асатын мақсаттың тасымалдаушысы болып 
табылады. Гегель былай деп жазады: “адам өзінің мақсатында сыртқы 
табиғатқа бағынышты болғанымен, өзінің құралдары арқылы үстемдікке ие 
болады”. Антикалық авторлар мен Гегельдің бұл идеяларын Батыстың кейінгі 
философтары Э.Капп жəне Л.Нуаре жалғастырды. Олардың негізгі идеясы 
техника феноменін “органопроекция” негізінде түсінумен сипатталады. 
Олардың пікірінше техника жасанды орта болып табылады, бірақ ол адам 
органдарының табиғи материалға проекциясы ретінде көрінеді, яғни 


133 
техниканың бүкіл дамуы адамның табиғи еңбек органдарын көшіру арқылы, 
оларды сыртқы əлемге “проекциялау” арқылы жүзеге асады.
Техника феноменін түсіндіруде өзге, қарама-қарсы позицияны ұстанған 
философ-неотомист Ф.Дессауэр болды. Ф.Дессауэр Э.Капптың жəне 
Л.Нуаренің техниканың биологиялық концепциясымен келіспеді. Ол техника 
табиғат заңдарымен байланысты жəне оның шектерінен тысқары шықпайды 
деп есептейді. Алайда бұл да еш нəрсені айқындамайды, техниканың 
автономды да мəні бар. Оның пікірінше техникалық идеялар адамның 
ақылында пайда болмайды, ол ақылдың көмегімен ауланады. Техникалық 
идеялар құдайдың ойы, жаратушының құдіретті ақыл-ойының көрінісі. 
Техника мəселесі Хайдеггер философиясында негізгі орындардың бірін 
алады жəне оның көптеген шығармаларында үнемі кездесіп отырады. Бірақ бұл 
тақырыпқа арналған оның ең маңызды шығармасы “Техника туралы мəселелер” 
деп аталады. Бұл жұмысында М.Хайдеггер техниканы пайымдауды жаңа 
іргетасқа қойды. М.Хайдеггер былай деп жазады: “техниканың мəні белгілі 
мағынада техникалық емес. Сондықтан да біз ол туралы жəй ғана ойлағанда, 
оны қолданғанда, оны басқарғанда немесе одан қашқақтағанда техниканың 
мəніне деген өз қатынасымызды ешқашанда сезіне алмаймыз. Барлық осы 
жағдайларда, оны қызығушылықпен қолдасақ та, теріске шығарсақ та біз 
техникаға құлдар секілді ажырамастай таңылғанбыз. Біз техниканы бейтарап 
нəрсе деп есептеген кезде, оның нағыз тұтқынына айналамыз. Қазіргі кезде кең 
өріс алған мұндай көзқарас оның мəніне деген мүлде көрсоқырлықты 
туындатады” 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет