Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет43/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Современная 
техника 
// 
Новая 
технократическая волна на Западе, 119 б.).
Қазіргі техниканың пайда болуымен 
барлығы да өзгереді. Ең алдымен, К.Ясперстің пікірінше, адамның табиғатпен 
байланысы өзгерді. Адам техниканың көмегімен табиғатты бағындыра отырып, 
өзі табиғаттың ықпалына түседі, табиғат адамның тиранына айналады. Техника 
адамның барлық күнделікті өмірін өзгертіп жіберді, ол “бүкіл өмір сүруді 
белгісіз техникалық механизмнің əрекетіне, ал бүкіл планетаны – тұтас 
фабрикаға айналдырды. Сонымен бірге адамның өзінің түбірінен толық 
ажырауы жүзеге асты жəне бұл бүгінгі күні де жалғасуда. Адам отансыз жердің 
тұрғынына айналып, дəстүр жалғастығын жоғалтты. Рух пайдалы 
функцияларды орындау мен оқып-үйрену қабілетіне айналды” (Современная 
техника, 121 б.). Ары қарай К.Ясперс былай деп жазады: “Мына нəрсе күмəнсіз: 
техника адамның өзін өзгертуге бағытталған. Адам енді өзі қалыптастырған 
техниканың ықпалынан босанып шыға алмайды. Жəне техникада шексіз 
мүмкіндіктермен қатар, шексіз қауіп-қатердің де бар екендігі күдік туғызбайды. 
Адам өзінің техниканың билігі астына қашан жəне қалай түскенін аңғармай да 
қалды” (Современная техника, 145 б.). К.Ясперстің пікірінше, техниканың 
маңызы мен рөлінің құдіреттілігі сонша, оның мəнін ашпай қазіргі ақуалды 
пайымдау мүмкін емес. Техниканың нақтылығы адамзат тарихындағы үлкен 
бетбұрысқа əкелді, біз адамзат өмірін механикаландырудың нағыз дер кезінде 
тұрғанымызбен оның барлық салдарларын болжау небір ұшқыр көріпкелдердің 
де қолынан келмейді.
80-жылдары 
техника 
философиясында 
антропологиялық 
аспект, 
прогрестің адамзаттық өлшеміне көңіл аудару күшейе түсті. Көптеген батыстық 
философтар техниканың мəнін ұғыну оны техника мен технологияны тарихи 
ағымында ғана қарастырмай мүмкін емес деген қорытындыға тоқталды. 
Техника мəселесіндегі антропологиялық тəсіл американдық философ 
Х.Сколимовскидің “Техника философиясы адам философиясы ретінде” деген 
жұмысында айқын көрінеді. Х.Сколимовски техниканың дамуы үнемі мəдени 
мутациямен, терең əлеуметтік өзгерістермен байланысты ма деген мəселені 
зерттеумен айналысады. Ол осыған байланысты Қытайда техниканың гүлденуі 
ХІV жүзжылдықта, яғни батыстық Ренессанс пен европалық ғылыми 
революцияға дейін жүзеге асқандығы туралы айғаққа көңіл аударады. Демек, 


135 
ғылыми революция əрқашанда техника гүлденуінің қажетті алғышарты бола 
бермейді, ал техниканың өріс алуы міндетті түрде қандай да болсын қоғамдық 
өзгерістерге əкеле бермейді. 
Х.Сколимовски техника философиясын адам философиясы ретінде 
түсінуді ұсынады. Бұл мағынада адам техникалық императивке бағынғаннан 
гөрі, техника адам императивіне бағынуы тиіс. Ол адамның табиғаттағы нəзік 
тепе-теңдікке құрметпен қатынасуын жəне əлемді бұлайша жабдықтандыру осы 
тепе-теңдікті бұзбай, бекіткенде ғана рұқсат беруді ұсынады. Оның ойынша 
адамның білімі қалған барлық жаратылыстарға қарсы бағытталмай, білім 
бақылау мен жұмсау мақсатындағы күш ретінде қолданылмай, керісінше 
заттардың табиғатын дұрыс түсінуге жəне үйлесімділікке қызмет етуі тиіс.
Прогрестің гуманистік түсінігі табиғаттың өзге жаратылыстарының, сонымен 
бірге адам жаны мен оның сезімдік потенциясының жойылуын емес, керісінше 
оның рухани əлемінің кеңеюі арқасында жүзеге асатын адамның өзіндік 
келбетінің өсуін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет