Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


». (Абай  (ИбраҺим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. –



Pdf көрінісі
бет50/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   130
Философия Оқулық (3)

». (Абай 
(ИбраҺим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. – 
Алматы, Жазушы, 2005. – 336 б., 91).
Абай адамның рақымды болуы оның құдай тағаланың көрінен қо-
рыққандығына байланысты емес, оның өз қылықтары үшін ар алдында, ақыл-
ойы, өзін қоршаған адамдар алдында жауапкершілігін сезінуімен деп есептейді.
Абайдың философиялық тұжырымдамаларында «еңбек» ұғымының айрықша 
орны бар, өйткені қазақтың ойшыл-ақынының еңбектің адам өміріндегі мəні 
туралы айтылмайтын шығармасы жоқ деп əсірелеусіз айта аламыз. Еңбек 
əрекетін Абай адамның рухани, ақыл-ойының калыптасуының негізі деп 
есептеді: «Ақыл, ғылым – бұлар – кəсиби
» (Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. 
Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. – Алматы, Жазушы, 2005. – 336 
б.).
Ол сонымен қатар, еңбек адам жанын түлетеді, ал еңбектен алыс жүретін 
жалқауларда жаман əдеттерге бейімділіктер көп кездесетінін келтіреді. 
«Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, 


161 
ұятсыздық, кедейлік – бəрі осыдан шығады», – деп жазады ол «Ғақлиясында» 
(Абай (ИбраҺим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ-том. – 
Алматы, Жазушы, 2005. – 336 б., 142).
Еңбек, халық атына еңбек ету – адамның мінез-құлқы мен іс-əре-кеттерінің 
өлшемі, ең жоғарғы игілікті іс деп сенеді ойшыл. Халыққа қызмет ету идеясы, 
өз мүддесінен халық мүддесінің басымдылығы Абай шығармашылығының 
арқауы болып өтті. 
Адамның қалыптасу процесінде тəрбиенің, қоршаған ортаның рөліне үлкен мəн 
бере отырып, Абай өзін-өзі тəрбиелеумен айналысудың қажеттілігі туралы 
ойды баса айтады. Адам өз-өзіне басқаша көзбен қарауға, өзіндік талдау
өзіндік баға беру, өзіндік бақылау қажеттілігі туралы есте сақтауға тиіс. 
«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мəртебе, болмаса 
жұмасында бір, ең болмаса, айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп 
алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге 
жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не 
қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» – деген тоқтамға келеді қазақ 
ойшылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет