Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет56/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   130
Философия Оқулық (3)

ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ 
1. 
Адам өмірі жəне оның құндылығы мен өзіндік ерекшелігі. 
2. 
Адамзат – əлемдік қауым. 
3. 
Адамның табиғаты, мəні, тағдыры. 
4. 
Философиядағы адам мəселесі. 
5. 
«Адам», «жеке адам», «даралық», «кісі» ұғымдарының диалектикасы. 
6. 
Адамның руханилығы. Адамның табиғи, əлеуметтік-психологиялық жəне рухани
себептел уі. 
 
 
 
 
 
8-ТАҚЫРЫП. ӨМІРДІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ 
Тақырыптың мақсаты: Адам өмірінің экзистенциалдық мәселелеріне философиялық 
талдау беру 
 
8.1 Адами болмыстың мәнділігі 
Адамның мəнділік пен мағыналық келбеті оның Менімен байланысты. 
Әдеп адамның бірлесе өмір сүру тəсілі болғандықтан, оның басты белгісіне 
адамдық қатынастардың мəдени деңгейі жатады. Бұл міндетті түрде Мен – Сен 
– Ол мəселесін алға қояды. Осы атаулар тек З. Фрейд шығармашылығымен 
байланысты деп түсіну де дұрыс емес. Абай бұл түсінікке XIX ғасырдың 
өзінде жеткен: 
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, 
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. 
«Мені» мен «менікінің» айырылғанын 
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес 
(Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығ. екі 
томдық жиынтығы. – Алматы: Ғылым, 1977. - 1 т. – 454 б.).
Мен, ақынның ойы бойынша, таза тəн де, таза жан-рух та емес, ол олардың 
айырықша біріккен бітіміне жатады. Абайтанушы ғалым Ғарифолла Есім 
«Мен» мен «менікіне» мынандай түсіндірме береді: «Ақынның «мені» тəн, жан 
жəне рухтың өткінші сипатын білдіреді. Тəн өлген соң жан жəне рух өзге күйге 
көшеді. Енді «мен» мен «менікі» айырылады. Табиғат (тəн) өлген соң, жан мен 


167 
рух өздеріне өзгеше өмір сүру формасын іздейді. Тəннен айырылғанымен, олар 
объективтік мазмұндарын жоймайды. Керісінше, олар мəңгілік мазмұнға ие 
болып, шексіз шындықпен бірігіп кетеді. Алайда, олардың қандай да формада 
өмір сүретіні – бізге (адамдарға) жұмбақ. Адамдардың кеудесінен жан «ұшып» 
шыққаннан кейін, рух, «аруақ» күйіне көшеді деп болжамдар жасайды»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет