(Абайдың дүниетанымы мен философиясы / ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: Ғылым,
1995. – 184 б.).
Ғылыми əдебиетте «Мен» деп өзімен-өзін бірегейлендіре алатын
жəне өз əрекеттерінің субъектісін айтады. Мендік сезімнен ажыраған субъект
адамдық кейіптен де алыстайды. Мысалы ғалымдар «персонсыздандыру»
немесе «Менді жоғалту» жағдайында адамдар өздерінің кім екендігін білмейтін
қалыпқа түседі дейді
(Мейли Р. Различное аспекты Я // Психология личности.
Тексты. – М.: МГУ, 1982. – С. 132-141).
«Мен» ұғымын алғашқы енгізгендердің бірі жəне прагматизмнің негізін
салушы У. Джемс өзіндік сана тұрғысынан Мен жəне тұлғаны айыра білу керек
дейді. Ұғымның кең мағынасында тұлғаға оның тек өзі емес, сонымен қатар
«менікі» деп атай алатын барлық нəрселері жатады (тəні, жаны, рухы, үйі,
əйелі, балалары, достары т.т.). Мені үшін ол бар қайраты мен күшін аямайды
(Джемс У. Личность // Психология личности. Тексты. – М.: МГУ, 1982. – С. 61-70).
Егер дəстүрлі адам туралы ғылымда Меннің жан мен тəннен
тұратындығына көбірек назар аударылса, онда У. Джемс тұлғаның үш
элементіне жататындары деп денелік, əлеуметтік жəне рухани тұлғаны өтеп
өтеді. Тұлғаның денелік аймағына оның тəні ғана емес, оған қоса киетін киімі,
тұрмыстық заттары т.т. жатады. Алайда, тұлға ұғымы жоғарыдағы жіктеудің
екінші жəне үшінші деңгейлерімен тікелей қатысты. Қазақ тіліндегі əдебиетте
тұлғаны орыстың «личность» атауының калькасы ретінде қолдану тəжірибесі
кең таралған, тұлға қазақ тілі констекстінде елі мен жерінің қорғаушысы,
басқаларға «сүйеніш болатын адам» мағынасында қолданылады. Яғни тұлға
болу əрбір адамның қолынан келе бермейді, ол ерекше əдепті адамдарға ғана
тəн. Оны мысалы, Жамбылдың мынандай сөздерінен: «Батыр тұлға бола алмай,
Елдің түгі жығылды, Үш бөлінді көп дулат», немесе «Қамбар батыр»
эпосындағы: «Бөтен туған бала едің, Жұртқа тұлға болғандай, Сол себепті сені
тежеймін» анық көруге болады. Сол себепті азаматтық əр адамның
имандылық, əлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіретін болса, пенде болу көптің
бірі болу ғана болса, тұлға болу дегеніміз елден ерекше болуды, қатардан алға
бөлініп шығуды қажет етеді
Достарыңызбен бөлісу: |