Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет78/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Гете. Фауст. – 2 бөлім, 5 акт). 
Нарықтық бағдардың жемістіліктен айырмашылығы шартты сипатқа ие. 
Нарықтық бағдарды сынау жоғары этика тұрғысынан жүргізілетінін ескеру 
қажет. Нарықтық бағдар қалыпты нəтижелер беру үшін, оның қатысушылары 
белгілі бір ережелерді сақтауы тиіс. Тек жүріс-тұрыстың жалпы ережелері ғана 
нарықтық тəртіптің тұтастығын бере алады. Аралас тəртіп жағдайында 
беімделу қабілетін арттыруға мүмкіндік беретіндей етіп жүріс-тұрыс 
ережелерін өзгерткен топ қана табысқа жете алады. Мұндай эволюция тура 
жолмен емес, əр түрлі типтегі тəртіптер арасындағы бəсекелестік барысында 
үздіксіз "тəжірибелер жасау", үнемі сынақтар мен қателіктер процесінде 
қалыптасады. "Жүріс-тұрыс эволюциясы тегіс өтпейді",  деп жазады Ф.Хайек - 
өйткені оларды сақтайтын күштер дұрыс жəне əділетті деп есептелетін 
қалаптасқан көзқарастармен қайшылыққа келеді" 
(Пагубная самонадеянность. 
М.,1992, 39 б.).
Егер өркениет бірте-бірте алдын-ала моральды өзгерту 
пиғылының нəтижесінде қалыптасса, онда негізгі моральдық құндылықтардың
жоқтығы нарықты оның сыбайлас жəне қылмыстық вариантына айналдырады 
деген тұжырым келіп шығады. 
Әрине, өмірдің алдында бас ию этикасы бойынша жақсылық пен тұлға 
рыногының арасында келісім болуы екіталай. Алайда, мынадай сұрақ 
туындайды: нарықтық бағдар қай моральға келеді? Бірақ жоғары адамгершілік 
құндылықтар моральдың бүкіл мазмұнын тауыса алмайды. Сонда, нарықтық 
бағдардың құндылықтары қандай моральды ұстанады? Жеке мүдделердің өзара 
əрекетін реттейтін қатынастарға өзінің əділеттілік (сіңірген еңбегіне қарай), 
теңдік (құқық), тұлға автаномиясы, адам абыройы сияқты принциптермен бірге 
əлеуметтік келісім моралы сəйкес келеді. 
ПЫСЫҚТАУ СҰРАҚТАРЫ 
1. Этика, қарым-қатынас жəне iшкi жан дүние құндылықтары туралы. 
2. Мораль жəне өмiр сүру құндылықтары:
3. Құндылықтар дегенiмiз не жəне олардың адам өмiрiндегi атқаратын рөлi. 
4. Қоғам өмiрiндегi iзгiлiк құндылықтардың ролi. 
5. Философиядағы қазiргi этикалық концепциялар
6. Неге қазiргi адамзат материалдық құндылықтардың жетегiнде кеттi ? 
7. Бiз жабайы адамнан iзгiлiк жағынан алысқа кеттiк пе ? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет