Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет79/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   130
Философия Оқулық (3)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


222 
10-ТАҚЫРЫП. БОСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ. АДАМ
ҚҰҚЫҚТАРЫ

Тақырыптың мақсаты: Адам бостандығы мен құқықтары мәселесіне философиялық 
талдау беру 
 
10.1. Бостандық философиясы 
 
Тоталитарлық жүйе күйрегеннен кейін жаңа тəуелсіз мемлекеттердің 
конститутциялары əлемдік өркениет мойындаған 1948 жылы БҰҰ қабылдаған 
«Адам құқықтарының жалпы Декларациясына» сəйкес қабылданды. Бұл 
Декларацияның 1 Бабын бостандықтың рəмізі немесе кредосы деп атауға толық 
негіз бар: «Барлық адамдар тумысынан азат жəне қадір-қасиеті мен құқықтары 
тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, 
сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары 
тиіс»  
(Бейбіт мәдениеті жолында / Нұржанов Б.Ғ. және т.б. – Алматы: ЮНЕСКО – 
ҚазҰУ, 2001. – 281 б.).
Адам бостандығының философиялық негіздемесін белгілі неміс ойшылы 
И. Кант өзінің атақты «кесімді императив» түсінігінде түйіндегенін атап өту 
қажет. Оның мəнісі – «əркім өзінің еркін əрекетінде жалпылама құндылықты 
табуы қажет». Адам құқықтары, азаттық, жоғары əдеп құндылықтары, 
демократия жəне т.б. Қазақстан Республикасының Ата Заңында жарияланған 
жəне оларды əртүрлі ұстанымдар тұрғысынан зерттеу əрі өзекті, əрі 
мемлекеттік жалпы саясатпен үндес болып табылады

Қазiргi батыстық үлгiдегi жаһандану тек материалдық құндылықтарға ие 
болуды көздеген, рухани-адамгершiлiк бағыттан айрылған «мəдениеттiң» 
бекуiне əкеледi. Мұндай жалған, бүркеме мəдениет қоғамға күшке табыну, 
қатыгездiк, өзге адам құқығын аяққа басу, қандай жолмен болсын басымдыққа 
ұмтылу сияқты келеңсiз заңдылықтарға жол бередi. Бұл ұрпақ тəрбиесiн 
жаңаша жүргiзу мен iзгiлендiру мəселесiн күн талабына қойып отыр. Тек 
адамгершiлiгi жоғары, рухани жаңарған моральдық жүйе ғана жаһанданудың 
жағымсыз жақтарына қарсы тұра алады. 
Адамзат мəдениетiнiң алға жылжуы адамның рухани дамуымен 
байланысты. Аталмыш адамгершiлiк принципiнiң мазмұны сенiм, адамға деген 
махаббат пен сыйластық, жеке тұлғаны кемсiтудiң барлық түрiмен күресуден 
көрiнедi. Бүгiнгi күнi iзгiлiктi, рухани дамыған адам болу дегенiмiз - адамды 
жеке тұлға ретiнде тану, абырой, ар-намысын құрметтеу. Iзгiлiк - жоғары 
мəдениет пен бiлiмдi, сөз бен iстiң бiрлiгiн талап ететiн, немқұрайлылықпен 
күресетiн белсендi өмiрлiк ұстаным. Адам қандай құндылықтар жүйесiн 
ұстанады, ненi мақсат етiп, неге талаптанады деген сұрақтарды анықтау да 
өзектi. Денсаулық, махаббат, сұлулық, бiлiм, сүйiктi жұмыс сияқты 
құндылықтар қай дəуiрде болмасын маңызын жоғалтқан емес. Адамгершілік іс 
жүзінде адамдар арасындағы барлық қарым-атынастарды, олардың мемлекет 
пен қоғамға қатынасын қамтиды. Адамның күнделікті өміріне мемлекет пен 
қоғамның қойған талаптары нормалары оның ішкі сеніміне айналып, сезімдерін 
басқарады, оның үйреншікті əдетіне ауысады. Қоғамдық мораль қоғамдық жəне 


223 
мемлекеттік құрылымның одан əрі бекітілуіне жəрдемдеседі, белсенді тұлғаны 
қалыптастырады. Сонымен, тұрақты моральдық тəртіпті ұстап тұру үшін ақыл-
ойға барынша қысым көрсетуді бірде əлсіз, бірде наразы түрде талап ететін ескі 
жүйені алмастыру үшін, дəл осы адамгершіліктің салтанат құруы мақсатында, 
жағымды ойлаудың жалпыға ортақ басымдылығына жету үшін бүгінде қызу 
жұмыс істеу қажет. Енді жаңа философия ғана біздің əртүрлі 
мұқтаждықтарымызға қатысты, құмарлықтардың тегеурініне қалқан болуға 
шынайы қабілетті терең жəне əрекетшіл көзқарастарды бекіте алады. Оның 
адамзатқа көзқарастарына сəйкес, қазір біздің тегіміз ие болған орасан зор 
тəжірибеге сүйенген теріске шағарылмайтын дəлелдемелер əрбір қылыққа, 
əрбір себепке жəне əрбір бейім немесе қоғамдық шынайы ықпалды дəл анықтай 
алады.
Біздің алдын-ала жасаған, шын ниетімізбен əрі қарай жақсарту мақсатымен 
талдап-зерделеуге жəне сын айтуға ұсынатын, бағдарламамыз мыналардан 
тұрады:
1. Бостандықты нығайту жəне одан туындайтын жауапкершілікті 
мойындау. Біз ең жоғары жеке бостандыққа жетуге тырысамыз. Бірақ, ол тек 
өркениетті қоғамда, яғни, күш қолданбау идеясын толықтай мойындайтын 
қоғамда ғана болуы мүмкін. Өркениетті қоғамның айырықша белгісі, оның алда 
тұрған мəселелерді шешудің бейбіт, күш қолданбайтын жолдарын іздеумен 
тұрақты түрде айналысуы болып табылады.
2. Барлық жерде бейбітшілік орнату. Атом бомбасын жəне оқ 
тұмсықтарды жасап шығаруға байланысты барлық өркениетті қоғамдар 
бейбітшілікті сақтау үшін қарым-қатынас жасаулары керек жəне ядролық жəне 
термоядролық қарулардың таратылмауын мұқият қадағалап отыруы тиіс. Бұл, 
шынында да біздің ең басты міндетіміз, олай болмаған жағдайда, өркениетіміз 
құриды, онымен қоса адамзат та жер бетінен жойылады. (Осы жəй ғана 
ақиқатты кейде Батыстың империализмінің идеологиялық доктринасы деп те 
атайды. Ақылды айтылған тəрізді боп көрінеді, бірақ мүлде орынсыз айтылған.)
3. Кедейшілікпен күрес. Техниканың дамуы арқасында, əлем, кедейлікті 
жоюға, сондай-ақ жұмыссыздықты ең төменгі деңгейге дейін жеткізуге ең 
болмағанда, əлеуеттік, жеткілікті байлығы бар. Экономистер жұмыссыздықты 
жоюдың оңай шаруа еместігін түсінді – ол шыныменен де солай. Сондықтан да 
олар күтпеген жерден (шамамен 1965 жылы) оны жоюды өздерінің негізгі 
мақсаты деп есептемейтін болды. Бұл мəселе кенеттен сəннен шығып қалғандай 
болды, жəне көптеген экономистер өздерін, оның шешілмейтіндігі дəлелденген 
сияқты болып, ұстайтын болып жүр. Ал шындыққа келгенде жұмыссыздық 
мəселелерін шешудің мүмкін екендігін көрсететін дəлелдер (əрі, біреу емес) 
бар, оны шешуде еркін рыноктың механизміне кейбір араласушылықтан аттап 
өту өте қиынға соғады. Біз, бірақ та оған мүмкін, қажеттіліктен гөрі, үнемі 
көбірек араласамыз. Бұл мəселе жедел шешуді қажет етеді, оның қазір сəннен 
қалғаны – біз үшін өте ұят нəрсе. Егер экономистер артық ештеме ұсына 
алмаса, онда жеке меншік секторында қажетті қоғамдық жұмыстарды 
ұйымдастыру керек – мысалға, жолдарды, мектепті салу, оқытушыларды 
даярлау т.б., мұнда, экономикалық құлдырау кезеңдерінде жұмыссыздықтың 


224 
өсуіне қарай, бұл жұмыстар антициклды саясатты жүзеге асыру мақсатында 
дұрыстап қарқындатылуы керек.
4. Демографиялық дүмпумен күрес. Қазір, жүкті болуға қарсы құралдар 
табылғаннан кейін, сондай-ақ тұқым өсушілікке бақылау жасаудың басқа да 
əдістері пайда болғаннан кейін, биохимиялық технология, демографиялық 
бақылау əдістерін үйрену əлемдегі əрбір адамға қол жететіндей, жағдайға жетті. 
Демографиялық бақылау – Батыстың империалистік саясатының бір бөлігі 
дейтін тұжырымды, ашық қоғам өздерінің — мүлде азайып бара жатқан – 
халықтарының санының төмендеуімен жұмыс істей бастағанда, жоққа шығара 
алады. Бұл кезек күттірмейтін маңызды нəрсе, ол адамгершіліктік 
бағдарламасы бар əрбір партияның саяси күн тəртібінде тұруы керек. Біздің 
экологиялық деп аталатын мəселелеріміздің бəрі халық тұрғындары санының 
дүмпуінің салдарынан болуы əбден айқын. Жан басына электр қуатын 
пайдалану бізде өте жоғары, оны төмендету қажет, деп пайымдайтындардікі 
дұрыс та шығар. Егер осы рас болса, онда, шамасы кедейлік пен 
сауатсыздықпен байланысты болған, демографиялық дүмпудің себептерімен 
күрестің маңызы арта түспек. Бұлардан басқа, біз адамгершілік ой тұрғысынан 
қарағанда, тек күткен балалардың туылуына ұмтылуымыз керек, өйткені, 
физикалық немесе моральдық зорлықтың құрбаны болып кетуі мүмкін, 
күтілмеген балаға өмір беру аса қаталдық болған болар еді.
5. Зорлық жасамауға үйрету. Соңғы кездері дүниеде қатыгездік көбейіп 
бара жатыр деген пікір бар. Бұл, əрине, тексеруді қажет ететін ғылыми болжам 
ғана. Біз балаларымызды қатыгездіктің пайда болуына төзімділікке тəрбиелеп 
жүргеніміз жоқ па, дегенді зерттеу қажет сияқты. Егер ол рас болса, онда тез 
арада шара қолдану қажет, себебі, қатыгездікке төзімділік деген еш күмəнсіз, 
өркениетке қауіп төндіру болып табылады. Жалпы алғанда, біз барлық кезде 
балаларды дұрыс тəрбиелеп, қажетті кеңестермен тез арада көмекке келуге 
дайынбыз ба? Бұл өте кезек күттірмейтін маңызды сұрақ, өйткені біздің 
балаларымыз өте жас кезінде барлық жағынан бізге тəуелді, сондықтан, біз 
олар үшін ешқандай өлшеуге келмейтін жауаптылықтамыз.
Қазір осы педагогикалық мəселелер туралы айту сəн болмай бара жатыр. 
Қазір, тіпті, - қазіргі сəнді емес моральдық ұстанымдардың көзқарасымен 
қарағанда, - жексұрын көрінетін, бір жағынан, көп екі жүзділіктің моральмен 
байланыстылығынан туындаған нəрселерді де істеуге рұқсат етіле берілетін 
бостандық түсінігі сəнге айналды. Канттың өз кезінде айтқан: «Дана болып 
көр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет