Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет8/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   130
Философия Оқулық (3)

асабек А., Алтаев Ж. Қазақ 
философиясы тарихы. Алматы, 1998).
Қазақ халқының философиялық дүниетанымын арнаулы зерттеген 
ғалым О.А. Сегізбаев қазақтардың ой қызметінің алғашқы кезендерінде дүние 
мен оны түсіну туралы информацияны жинап, сақтайтын жəне жалғастыратын 
коммуникативтік функцияны атқарған модельдік-бейнелеу (тасқа қашалған 
суреттер) мен символдық-белгілік (таңба-ру белгілері) жүйелердің орнын 
басқан вербальды-дискурсивті ойлау орта ғасырларда қалыптасқанын айтып, 
“енді басты рольді халықтың ауызекі тілі атқара бастады, бірақ бұл тұрмыстың 
коммуникация функциясының аумағынан шықпайтын тіл емес, адамдардың 
араласуының творчестволық формасына тəн дискурсивтік, яғни пайымдық тіл 
еді. Вербальды-дискурсивті дамудың негізгі құралы – тіл, дыбыстық сөз”, – деп 
атап көрсетеді. 
Қазақ философиясын мойындадық делік, тілі бар, діні бар, ділі бар, 
мəдениеті мен тарихы бар, билер мен даналары бар халықта философия 
болмады дегенге сену қиын. Сонда: “Қазақ философиясы қандай философия?” 
деген сұрақ ойға оралады емес пе? Бұған Ғұмар Қараштың сөзімен «өмір 
пəлсапасы” деп қысқа жауап беруге болады. ХХ ғасырда “экзистенциализм”, 
“экзистенциалдық философия” деген ұғымдар кең тарады. Көпшілік мұны тек 
біздің заманымыздың туындысы деген пікірге апарады. Шындығында
экзистенциалдық мəселелер философтарды сонау гректер заманынан бері 
толғандырып келеді 
(Т. Рысқалиев. Даналық пен түсініктің үлгілері. Алматы, 1999.). 
“Қазақ философиясынан методологияны да, гносеологияны да іздеп əуре 
болудың қажеті жоқ“, – деп, ойын жалғастырады қазақ философиясын 
зерттеушілердің бірі – Т. Рысқалиев. Олардың орнын табиғи туа біткен сезім, 
аңғару, интуиция басып жатыр. Философия дегенді анықтайтын негізгі белгілер 
осы мəселелердің төңірегінде болып келеді: рационалдық-теориялық 


15 
философиялық жүйе, бірімен-бірі байланысты категориялар жүйесі, ғылым, 
методология, гносеология, онтология, идеология. Қазақ философиясынан таза 
түрде бұлардың бірде бірі орын алмаған. Олай болса, бір кезде Мұхтар Әуезов 
айтқандай, Абайды да, Шəкəрімді де, Ыбырайды да, Ғ. Қарашты да философтар 
қатарына жатқыза алмайды екенбіз. Осы дағдылы түсінік бойынша, біз өмірге 
ғаламат көркем, мəнді де сырлы терең толғамдар, суырып салма айтыстар 
(диалогтар) əкелген халықты философия əлемінен алшақтатуға мəжбүр 
боламыз. Философиялық дəстүрі, арнаулы философиялық трактаттары мен 
еңбектері, философиялық жүйелері жоқ халықты философияға жақындату 
қиынның қиыны болып шығады. Осы ма сонда мəселенің тоқ етері? Жоқ. 
Мəселе – қазақ философиясының өзіндік сипатында, ерекшелігінде болып отыр 
( Т. Рысқалиев).
Қазақ философиясын зерттеу жаңа заманда жаңа деңгейге көтеріле 
бастады. Төмендегідей қазақ философиясының ерекшеліктерін атап өткенді 
жөн көрдік:
1. Қазақ философиясы философиялық емес сарындағы даналық 
тəжірибесіне жатады (М. Орынбеков, І. Ерғалиев, Т. Рысқалиев жəне т.б.). 
2. Қазақ философиясы табиғатқа бас июмен, оны тəңірі тұтумен 
сипатталады, оның терең экологиялық мазмұны бар (Ғ. Ақпанбек, С. Мырзалы,
А. Қасабек жəне т.б.). 
3. Қазақ философиясы көшпелілік менталитетпен тығыз байланысты (Д. 
Кішібеков, Ж. Молдабеков, С. Ақатай жəне т.б.). 
4. Қазақ философиясы онтологиялық жəне гносеологиялық мəселелерден 
гөрі этика мен антропологияға көбірек көңіл бөледі. 
5. Қазақ философиясында аксиологиялық мəселелерге, əсіресе рухани 
құндылықтарға ерекше назар аударылады (Ә. Нысанбаев, С. Нұрмұратов, А. 
Сағиқызы жəне т.б.).
6. Қазақ философиясы өзінің ғарышпен, əлеммен үндестігі арқылы 
сипатталады (М. Хасанов, Қ. Нұрланова). 
7. Философиялық мəселелер, қазіргі тілмен айтқанда, негізінен 
экзистенциалдық, дидактикалық жəне прагматикалық сипатта қарастырылады. 
8. Қазақ философиясында нəпсіден, байлықтан, табыстан гөрі ар-намыс, 
қанағат, тəубе, əділеттілік жəне тағы басқалары жоғары қойылады, алудан гөрі 
беру дəріптеледі (Қ.Затов, Б.Сатершинов). 
9. Ұжымдық мүдде жеке мүддеден жоғары қойылады (Сегізбаев О. А. жəне 
т.б.).
Егемендіктің таңы атқан бүгінгі заманда жағдай мүлдем өзгерді. 
Қазақстандық қоғамдық ғылымдардың қай саласы болса да ең бастысы - 
əлемдік өркениетпен қатар дамыған қазақстандық өркениеттің əлемге əйгілі 
болып, ол туралы ғылыми тұжырымдардың нақты мəдени-философиялық 
қағидаларға айналуын, сондай-ақ қазақ халқының мəдени болмысының əлемдік 
мəдениетпен ұштасып, біте қайнасып жақындығын жəне оның мыңдаған 
жылдарға созылған рухани өзегінің көп өзгерістерге ұшырамай, қасіретті зар 
замандардың сынынан мүдірмей өткендігін көрсетуге ұмтылуда. Бүгінгі 
таңдағы философиялық дискурс шеңберінде өркениет дегеніміз əлемдік діндер 


16 
мен өнер, құқық, мораль жүйесінен орын алып, əмбебап құндылықтардың 
негізінде қалыптасқан əлеуметтік-мəдени қауымдастық ретінде түсіндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет