225
ақыл-ойдың логикасына) сəйкес
өрбіп отыратындықтан, оны жеке адамдар
танып-біле алмайды. Адамзат тарихы, оның заңдылықтары дегеніміз қоғамның
ілгері қарай дамуы негізінде жеке тұлғалардың ең жоғары принципі –
бостандық идеясына үздіксіз ұмтылуы. Олай болса, дүние жүзілік тарихтың
даму бағытын айқындап, оны жетелейтін ұлы жеке тұлғалар емес, бостандық
идеясы. Гегельдің бұл концепциясы бойынша, бостандық сəулесі бозарып келе
жатқанда тарих басталады. Ол алғаш рет шығыста көрінді, бірақ бұл əлі де
болса бостандық сəулесі емес еді, ол
тек оның бастамасы, оны сезіну ғана.
Себебі, азияттық деспотияда бір адамның (деспоттың) ғана бостандығы
болатын, ал қалған адамдардың ерік-жігерлері, бостандықтары сол деспоттың
ерік-жігеріне, бостандығына бағынышты еді. Бұл бостандық идеясының бірінші
сатысы.
Бостандықтың екінші сатысында, əлемдік рух шығыстан Эллада
жағасына қарай ауысады. Ежелгі Грекияда бостандықты құндылық ретінде
саналы түрде түсініп соған ұмтылу жəне бостандыққа,
ерікті адамға табыну
ерекше орын алады. Бірақ бұл кезде тек құл иеленушілер ғана бостандыққа ие
болады да, құлдарда бостандық болмады. Басқаша айтқанда, біреулерінің
брстандығы, екіншісін одан айырудың арқасында ғана мүмкіндік алды.
Шындап келгенде, мұндай бостандық, басқалардың бостандығын жаншудың
жамылғысы еді. Сондықтан, олардың бостандығы көп ұзаққа бармады.
Бостандықтың үшінші сатысы – герман халықтарының арасында
христиан дінінің таралуынан басталады. Әлемдік рух Германия шекарасын
өткеннен бастап өзін үйдегідей сезінді. Себебі, Германияда адам – адам
болғандықтан бостандыққа ие, ал рухтың
бостандығы оның табиғатының
негізгі қасиеті болып саналады деген қағида мойындалады. Бірақ, дейді Гегель,
бұл басты қағида əзірше сана арқылы түсінілуде, ал оны жүзеге асыру тарих
деп аталатын, ұзақ уақытты талап етеді. Сайып келгенде, Гегельдің түсінігінше,
тарих “кездейсоқтықтың құрбаны” емес, оны таза ақыл-ойда болған белгілі бір
жоспармен əлемдік рух басқарады. Осыдан келіп, философияның негізгі міндеті
осы жоспарды біліп, тарихтың ішкі логикасын анықтау. Ұлы жеке тұлғалар өз
уақытының жасырын шындығын алғашқылардың бірі болып білгендіктерінің
арқасында ұлы болады. Ал, халық – жүйеленбеген қара тобыр. Ол өз мақсатын,
мəнін тек мемлекетте ғана табады. Мемлекет – “құдайдың қоғамдық əлемдегі
іс-қимылы”, саналы түре жүзеге асатын рух. Басқаша айтсақ, “таза ақыл-ой”
өзін қоғамда мемлекет арқылы жүзеге асырады. Сондықтан, мемлекет –
“бостандықтың нақтылығы”, өзін-өзі қалайтын бостандық. Адамның
құндылығы, оның барлық рухани нақтылығы тек мемлекетке байланысты ғана
өмір сүреді.
Адам өмірі өз билігінде емес, себебі ол мемлекет меншігі,
сондықтан
мемлекет кез-келген уақытта оның өмірін өзіне қайырып ала алады. Мемлекет
түрлерінің ішіндегі құндысы – конституциялық монархия. Монархия – ұлт
бірлігінің символы, халықтың ерік-жігерінің бейнесі. Мемлекетті билеуде
монархтың жеке басының қасиеттері ешқандай роль атқармайды. Одан гөрі,
көптеген көмекші шенеуіктерге сүйенген бюрократиялық сатылап басқару
тəсілінің дұрыс істеп тұрғаны əлде қайда маңыздырақ. Осы тұрғыдан алғанда
226
Гегельдің бұл ілімі жалпы тоталитарлық басқару жүйесінің қалыптасуына
тікелей əсер етті ме деп қаласың. Гегель түсінігінше, жеке адамдардың
бостандығы дегеніміз жеке меншіктің бостандығы. Меншіктің мөлшері – жеке
тұлға өлшемінің куəсі, оның еңбегінің, талантының салдары. Сондықтан
меншікті теңестіруге болмайды. Жеке меншік міндетті түрде “аластату” сияқты
қоғамдық
құбылысты тудырады, оны біз Германияда қалыптасқан қоғамда,
өздері өсірген тұқымдарына, тіккен маталарына, салған суреттеріне ие бола
алмай билік жүргізе алмай жүрген шаруалар, жұмысшылар жəне суретшілерден
көре аламыз. Олай болатын себебі, олардың өздері шығарған өнімдері билеп-
төстейтіндердің меншігі.
Мұндай тығырықтан шығуға бола ма? Гегельдің пікірінше, бостандыққа
ие болу да, қаналу да əр адамның, халықтың ерік-жігеріне байланысты. Егер
олар бостандық үшін күреске шығып, өз құқығын қорғауға ұмтылса – ол өз
еріктері. Жалпы алғанда, философ тек əлемдік
рухтың ішкі логикасының
қозғалысын ғана танып-білуге тырысады, ол – ешқандай да тығырықтан шығу
жолын көрсетпейді. Гегельдің ілімі ХІХ-ХХ ғасырлар философиясына үлкен
əсер етіп, осы кезеңге дейін маңызын жоймай келеді.
Адам күнделікті азық үшін, материалдық игіліктер үшін ғана өмір
сүрмеуі керек. Ол үшін, ең алдымен, шындық пен бостандық, ар-ұят пен қадір-
қасиет, адамгершілік пен гуманизм жоғары тұруы тиіс. Сол себепті де, жеке
тұлғаның жоғары моральдық қасиеттері ретінде қарастырылатын адам мінезінің
түрлері құқыққорғау органдары қызметкерлерінің қызметтік іс-əрекеттерінің
ажырамас бөлігі, олардың кəсіби шеберлігінің, адамгершілік жəне мəдени даму
деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Кез-келген қоғамда өмір сүріп, еңбек ету – бұл өз мақсаттарына жетуге
ұмтылған қазіргі күнгі адамдардың қызметі ғана емес. Бұл – ғасырлар бойы
қалыптасқан қатынастар жүйесі де, адам ескеріп-сыйлауға міндетті қоғамдық
адамгершілік қағидалары да, əрбір еңбек үдерісімен қатар жүретін, қоғамда
үстемдік құрған идеялар,
теориялар, көзқарастар да. Б.э. дейінгі ІV ғасырда
Аристотель азаматтың қалыптасуы қалай жүретіні туралы жазған. 18 жасқа
толғанда бозбала Халық жиналысына келіп, ант береді: «мен заңдардың
талаптарын бұзбаймын, ұлтымның қасиетті ережелерін сақтаймын, қажет
болған жағдайда, Отаным үшін күресемін». Бұдан кейін ол екі жыл əскерге
кетеді. Осыдан кейін ғана ол толыққұқылы азамат деп танылған.
Ежелгі
заманның өзінде адамдар мемлекеттегі əскердің маңызды ролін түсінген. Ал
қазіргі кезде көптеген адамдардың мемлекет алдындағы кез-келген
міндеттерден бас тартуын байқауға болады. Сылтаулар мынадай: еш пайдасы
жоқ, қиын, қауіпті
Достарыңызбен бөлісу: