Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


(Аристотель. Никомах этикасы // Әлемдік философиялық мұра



Pdf көрінісі
бет81/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Аристотель. Никомах этикасы // Әлемдік философиялық мұра. 
Жиырма томдық. - Алматы: Жазушы, 2005. – 2 т. - 198-230 бб.).
Бүкіл əлемде мемлекеттік қызметтің кəсіпкерлікке қарағанда пайдасы 
азырақ екендігі белгілі. Алайда, қоғамның саған билікті бергенін сезіну, 
мемлкеттік қызметтің кейбір артықшылықтары белгілі бір материалдық 
шығындардың орнын толтырады. Қоғамды, мемлекеттік қызметкерлерді 
сыйлау – қоғамның рухани жəне адамгершілік жағдайының, мемлекеттің 
тұрақтылығы мен беріктілігінің маңызды көрсеткіші.


227 
Бостандықты нормалар мен құндылықтар жүйесі ретінде талдау оны 
статикалық жағдайдағы қоғамдық құбылыс ретінде көруге мүмкіндік береді. 
Моральдық таңдау көзқарасы тұрғысынан бостандықты танып-білу оның 
динамикалық жағын ашуға, қоғамдық қатынастарьжүйесіндегі нормалардың, 
қағидалардың, адамгершілік құндылықтардың жəне бағалаудың қызметін 
көтеруге мүмкіндік береді.
Моральдық таңдауды кейде, тіпті, тар мағынада, адамның шешім 
қабылдаудағы саналы əрекетіретінде түсіндіреді. Алайда, осы шешім 
қабылдану үшін белгілі бір объективтік жəне субъективтік алғышарттардың, 
таңдау шарттарының жəне осы таңдауды жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы 
қажет. Жəне де шешімнің қабылдануымен таңдау əрекеті аяқталмайды. Оның 
жалғасы болып шешімді жүзеге құралдарын таңдау, оны іс жүзінде жүзеге 
асыру жəне нəтижелерді бағалау табылады. Сол себепті де, моральдық 
таңдауды қарастыру кезінде адамның жүріс-тұрысының барлық объективтік 
жəне субъективтік құрамдас бөліктері көзге түседі.
Бұл көзқарас тұрғысынан моральдық таңдаудың құрылымын былай 
көрсетуге болады: мəселені анықтау, таңдау түрлерін тану, шешім қабылдау, 
мақсатқа жету құралдарын тану, таңдауды іс жүзінде жүзеге асыру, 
нəтижелерге жету жəне оларды бағалау. 
Сонымен қатар, адамның мəселені шешу жолын таңдауы объективтік 
жəне субъективтік жағдайларға байланысты екендігін ескерген жөн. 
Объективтік жағдайлардың қатарына жүріс-тұрысты таңдау жəне оларды 
жүзеге асыру мүмкіндіктерінің түрлерінің болуын жатқызуға болады. Ал 
субъективтік жағдайларға тұлғаның адамгершілік дамуының деңгейі, оның 
белгілі бір мораль жүйесінің талаптарын түсіну дəрежесі, борыш, ар-ұят 
сезімінің дамуы жəне жеке тұлғаның басқа да адамгершілік мінездемесі 
жатады.
Адамның, қоғамның немесе топтың алдында тұрған моральдық таңдау 
қажеттігін анықтайтын мақсаттардың ауқымы өте кем. Ол субъектілердің 
ортақтығы дəрежесімен де, маңыздылығымен де, күрделілік деңгейімен де 
сипатталады. Яғни, əртүрлі мақсаттарды адамгершілік бағалаудың бірдей 
болуы мүмкін емес.
Шешім қабылдауға қажетті ақпарат көлемінің болмауы адамды 
ойланбаған əрекеттерге итермелеуі мүмкін, себебі, мұндай жағдайларда ол 
борыштың немесе белгілі бір идеалдың негізінде өз əрекеттерінің жағдайлары 
мен салдарына мəн бермейді. Бұл – жеке даралықты, мансапқорлықтың 
көріністерімен байланысты, басқалардан өзін бөліп көрсетумен сипатталатын, 
жауапкершіліксіз авантюралық жүріс-тұрыс.
Күрделі жағдайлардағы жүріс-тұрыстың тағы бір түрі – гамлетизм, яғни, 
бұл дегеніміз адамның қателесуден қорқуының салдарынан шешуші 
əрекеттерді жасамауы. Алайда, бұл жерде таңдаудан бас тартудың өзі де 
таңдаудың бір нысаны екендігін ескеріп өткен жөн. 
Егер таңдау түрлерін анықтау кезінде мораль таңдаудың жағдайлары 
мен мүмкіндіктерін толық жəне жан-жақты зерттеуге бағыттайтын реттеушінің 
ролін атқарса, онда жүріс-тұрыс түрін таңдай кезеңінде оған шешуші роль 


228 
беріледі. Жүріс-тұрыстың түрін таңдауда маңызды роль адамгершілік 
себептерге берілген. Неге дəл осы əрекет дұрыс? Мұндай таңдау неге 
негізделген? Осы сұрақтар жүріс-тұрыс түрін таңдауға мейлінше мол сипаттама 
береді. Таңдау əрқашанда белгілі бір құндылықтан бір құндылықтың 
артықшылығын білдіреді. Кейбір жағдайларда таңдауды негіздеу жəне 
таңдаудың өзі ешбір қиындылықтарды туғызбайды, ал бір кездері олар 
себептердің ерекше күресінің тууына негіз болады. Осы екінші жағдайды 
адамгершілік шиелініс жағдайы деп атайды.
Адамгершілік шиеліністің ерекшелігі мынада – белгілі бір жағдайдағы 
моральдық нормаға негізделген əрекеттің басқа бір норманы бұзуы. Бұл 
жердегі күрделілік адамның кейбір адамгершілік нормаларды білмеуі 
салдарынан таңдауц жасай алмауында емес, тіпті, оның моральдық талаптарды 
орындағысы келмейтінінде де емес, мəселе – осы талаптардың біріне қайшы 
келмеуін болдырмаудың қажеттігінде. Мысалға, құқыққорғау органдарының 
қызметкері сезіктінің немесе айыпталушының пəтеріне тінту жасауға келгенде 
төсек тартып жатқан науқас адамды көрді делік. Оның алдында мынадай таңдау 
тұрады: заң талаптарын орындай отырып, қатты науқас болсадағы, сол 
тұлғаның төсегіне тінту жасау немесе адамгершілік көзқарастар негізінде 
төсекті тінтуден бас тарту.
Шиеліністердің қатарынан сыртқы жəне ішкі шиеліністерлі атауға 
болады. Сыртқы шиеліністер адамдар арасындағы адамгершілік шиеліністер 
ретінде көрініс табады. Олар жеке тұлғалардың, əлеуметтік топтардың жəне 
қоғамның құндылықты бағыт-бағдарының қайшы келуін білдіреді. Ал ішкі 
шиеліністердің табиғаты басқаша. Олардың қайнар көзі болып тұлғаның жүріс-
тұрысының бір-біріне бағынышты себептерінің күрделілігі, əртүрлі сипатта 
болуы табылады. Ішкі шиеліністің ерекшелігі мынада – оған тұлға өзі дұрыс 
деп санайтын құндылықтардың, нормалардың күресі тəн. Ал сыртқы 
шиелініске өзінің көзқарастарына қайшы сенімдердің, көзқарастардың, 
құндылықтардың, идеялардың дұрыстығын жоққа шығару тəн.
Шиеліністің дамуы оны шешуге, яғни, жүріс-тұрыс немесе əрекеттің 
белгілі бір түрін таңдауға алып келеді. Мұндай жағдайда адамға өзі 
қабылдайтын шешімнің негізінде жатқан дұрыс бағытты анықтауға 
көмектесудің маңызы зор. Бұл бағыт адамның өзі қабылдайтын моральдық 
талаптары сенімге айналған сайын берік бола түседі. Әдебиеттерде 
адамгершілік шиеліністердің алдын алуға жəне оларды шешуге жəрдем беретін 
ұсыныстарды жасау ұмтылыстары біршама. Бұл жағдайда ортақ қағида ретінде 
адамгершілік құндылықтардың үстемдігі туралы ереже ұсынылады.
Таңдау жағдайында қабылданған шешімді жүзеге асыру үшін қойылған 
мақсатқа жетудің белгілі бір құралдары қажет. Бұл көзқарас тұрғысынан, 
құралдар таңдау мен мақсаттың ортасында аралық буын ретінде көрініс табады.
Моральдық таңдаудың бұл кезеңі мақсат пен оған жету құралының өзара 
қатынасының мəселесі ретінде сипатталады.
Адамдардың өз алдарына қойған мақсаттары мен оған жетуде 
қолданылатын құралдардың ара-қатынасы туралы мəселе көптеген ғасырлар 


229 
бойы дау туғызуда. Басқаша айтқанда, мақсат кез келген құралды пайдалануды 
ақтай ала ма? Әрине, бұл жерде адал ниетті мақсат туралы айтылып отыр. 
Этикалық ой тарихы мақсат пен құралдардың өзара байланысы туралы 
мəселеге қатысты екі баламалық жауап ұсынған. Олар макиавеллизм 
концепциясынан жəне абстрактілі гуманизмнен көрініс тапқан.
Бірінші бағыт «мақсат кез келген құралды ақтайды» қағидасы түрінде 
белгілі. Бұл бағытқа сəйкес, құралдар мақсатқа тəуелді, оған бағынады, ал 
мақсат құралдардан тəуелсіз. Құралдарды таңдаудың негізгі талабы ретінде 
олардың мақсатқа жетудегі тиімділігі ұсынылады, ал олардың адамгершілік 
жағдайы есепке алынбайды. 
Екінші концепция жоғарғыдағы концепцияға қарама-қарсы бағытты 
ұстанған, бұған сəйкес, ешқандай мақсат оған жету құралдарын ақтай алмайды. 
Құралдар мақсаттар толығымен тəуелсіз жəне өзіндік оң немесе теріс 
құндылыққа ие. Мысалы, бірінші концепцияның өкілі ретіндегі иезуиттер «егер 
ол мақсатқа тезірек жетуге жəрдемдессе, кез келген зорлықты атауға болады» 
деп санаған, ал екінші концепцияны жақтаушылар зорлықты абсолюттік 
зұлымдық ретінде тани отырып, оны мақсатқа жетудегі құрал ретінде қолдануға 
тыйым салған. Соңғылардың пікірінше, құралдар қандай болса, мақсат та 
сондай болады: адамгершілік сипаттағы құралдар адамгершілік сипаттағы 
мақсатқа алып келсе, арам ниетті сипаттағы құралдар арам мақсатқа алып 
келеді. Басқаша айтқанда, бұл концепцияның негізі мына анықтамада 
бекітілген: мақсат құралдарды анықтамайды, керісінше, құралдар мақсаттарды 
анықтайды. 
Әрине, иезуитизм немесе абстрактілік гуманизм таза күйінде сирек 
кездеседі. Тіпті, есімін «мақсат кез келген құралды ақтайды» қағидасымен 
байланыстыратын Макиавеллидің өзі де мақсатқа жету барысында қолданатын 
құралдардың адамгершілік мазмұнын толығымен есепке алмауға қарсы болған. 
Макивеллизмнің 
концепциясын 
да, 
абстракциялық 
гуманизм 
концепциясын да толығымен қолданысқа енгізе алмайтынымыз белгілі, себебі 
жоғарыдағы концепциялардың екеуі де мақсат пен құралдардың ара-қатынасы 
мəселесін шешуде тым қатты көзқарастарды ұстанған. Мейлінше дұрыс деп 
мақсат пен құралдардың объективті түрдегі байланысын, диалектикалық 
əрекеттесуін танитын көзққарасты атаған дұрыс болар.
Бұл көзқарасқа сəйкес адамдардың алдында тұрған мақсаттардың оларға 
жетудегі құралдармен өзара тығыз байланысы танылады. Сонымен қатар, 
құралдардың мақсатқа кері əсері де жоққа шығарылмайды, яғни, кейбір 
құралдардың адал ниетті мақсатты бұрмалау мүмкіндігі танылады. Құралдың 
алдыға қойылған мақсатқа сай болуы тиіс. Бұл сəйкестікте мақсат басты рольді 
иеленуі тиіс. Мақсат құралдардың құрамын анықтап, олардың адамгершілік 
мазмұнына мəн береді.
Мақсат пен құралдардың сəйкестігінің біртұтастығы əрекет немесе 
жүріс-тұрысқа негіз болады. Бұл əрекет немесе жүріс-тұрыс мақсат пен 
құралдың дербес құбылыстар ретінде теріс бағаланғанына қарамастан 
адамгершілік – оң сипатта деп бағалануы мүмкін. Яғни, жүріс-тұрісты бағалау 
мақсат 
пен 
құралдардан 
тəуелсіз 
жүзеге 
асырылады. 
Мысалы, 


230 
қылмыстылықпен күрес өз бетінше адамгершілік – оң сипаттағы құбылыс 
ретінде бағаланғанымен, оған жету жолындағы адамды мəжбүрлеу мəселелері 
теріс бағаланатыны сөзсіз. Алайда, біз қылмыстылықпен күрес пен 
мəжбүрлеуді мақсат пен құрал түрінде қарастырсақ, мұндай теріс бағалау 
жоғалып кетеді. Егер сот біреуді тонағаны үшін қылмыскерді бас 
бостандығынан айыру жазасына кессе – бұл əділ жаза, мұнда құрал мен 
мақсаттың сəйкестігі көрінеді. Ал, керісінше, көшені тыйым салған жерден 
кесіп өту үшін бас бостандығынан айыру əділетсіз жаза ретінде қабылданады, 
себебі, бұл жағдайда мақсат пен құралдың сəйкестігі қағидасы бұзылады. 
Таңдау дұрыс деп тануымен, болжаған нəтижелер оны шын мəнінде 
жүзеге асыруда əрқашан бола бермейді. Бұл əртүрлі кездейсоқтықтардың, 
таңдауды жасаушы адамның еркінен тыс объективті жағдайлардың болуымен 
байланысты. Сөйтіп, аталған жағдайлар соңғы нəтижеге əсер етуі мүмкін. Бұл 
кезде осы адам жауапкершілікке тартылмайды. Себебі, оның əрекеті оған 
тəуелсіз жағдайлар негізінде дұрыс емес деп танылғанымен, жалпы алғанда, 
əрекетті таңдауды ол дұрыс жүзеге асырған.
Қоғамдық болмыста индивидуальды бостандық бастауы да ынтымақтастық 
бастауы сияқты бастапқы болып табылады. Бұл бастаудың мəні мен мағынасы 
біз талдаған қоғамның онтологиялық табиғатынан келіп шығады. Бірақ 
«меннің» жеке болмысты құрайтын ерекше ішкі инстанция ретіндегі мəні дəл 
оыс бостандықта, спонтандықта, жеке өмір сипатталатын жəне ентелей 
қамтылатын əлде-бір əу бастапқылықта. Басқа жағынан, біз қоғамдық өмірдің 
негізінде рухани өмір жататындығын, қоғамдық тəртіптің алып, ауыр 
механикасы тек қондырма жəне рухани өмір күштері қозғалысқа келтіретін 
жеткізуші механизм екенін көрдік. 
Бостандықтың жоқтығы немесе оны ұмыту, елеп-ескермеу сондықтан 
адам жанының қамалғандығымен, тұйықтығымен бара бар; ол рухани 
тұншығумен, адам дем алатын жəне онсыз адам ретінде өмір сүре алмайтын 
рухани ауа самалының сарқылуымен бара бар. Әрине, бостандық адамның 
əлде-бір абсолютті жəне «туа біткен» құқы емес, өйткені мұндай құқық жалпы 
мүлдем жоқ, керісінше біз жоғарыда көргеніміздей, бостандық адамның барлық 
қалған парыздарын орындауының жалпы жəне жоғары шарты ретіндегі бірінші 
парызы; тек парыз ретінде ғана ол құқыққа айналады, өйткені құқық парызды 
орындауға деген абсолютті ұмтылыс (жоғарыдағыны қар). Сонымен қатар 
бостандық адам өмірінің онтологиялық алғашқы негізі болғандықтан дəл осы 
парыз болып табылады. Бостандықтан кез-келген бас тарту өзін өзі өлтіру, 
басқаның бостандығына қол сұғу оның бойындағы адамилықты өлтіруге 
талпыну, ондағы «Құдайылық бейне мен ұқсастықты» табиғатқа қарсы қолдану 
жəне оны жануарға айналдыру болып табылады.
Қоғамдық өмірдегі бостандық бастауының принципиальды маңызы осыдан 
айқындалады. Қоғамдық өмір адамның бірлескен, соборлық өмірі. Бірақ біз 
білетініміздей, адамның мəні оның құдаылық-адамилығында, эмпирикалық жан 
ретіндегі оның жоғарғы,құдайылық бастаумен байланысында; сонымен адам 
мəні оның бостандығында жатыр, бостандықтан тыс адам қоғамының жалпы 
болуы мүмкін емес. Қоғамдық өмірде мəжбүрлеу, ырыққа сырттан қысым 


231 
көрсету қаншалықты рөл ойнасада, сайып келгенде қоғамдылықтың мүшесі 
бəрі бір тұлға, спонтанды əрекет етуші индивидуальды ырық болып табылады. 
Ол қоғамдық өмірдің жалғыз қозғаушысы, ал оған қатысты қоғамдағы 
қалғанының бəрі тек беріліс механизмі ғана. Құл еңбегіне негізделген 
қоғамдарда болды жəне кез-келген қоғамда құлдық жағдайға дейін жеткізілген 
адамдар бар; бірақ сонда олар қоғамдық өмірдің мүшелері мен қайраткерлері 
болып табылмайды, олардың бейнесінде қоғам өзінде əлде-бір өмір сүруін 
тоқтатқан тұнбаны сақтап қалады. Ешқандай тəртіптің, ешқандай қатал 
қысымның арқасында адам рухының тереңінен жарып шығатын спонтанды 
күш бастауын алмастыруға болмайды. Ең қатал деген əскери жəне мемлекеттік 
тəртіп қоғамдық бірлікті жасай алмайды, тек реттеп жəне бағыттап қана отыра 
алады, оны жауынгер мен азаматтың батырлыққа деген еркін ырқы ғана 
жасайды. 
Адам «Құдайылық бейне мен ұқсастық» ретінде сыртқы соққы мен 
қысымның əсерінен əрекет ететін затқа немесе механизмге айналып кетпейді. 
Индивидуальдвы ырықты тежеп-басып тастауға бағытталған кез-келген 
талпыныс жүзеге аса алатындықтан, Құдайылық бейне ретіндегі адамның өз 
мəнін жоғалтуға əкеледі, сол арқылы өмірдің өзінің сал болып қалуы мен 
жансыздануына, қоғамның ыдырап, опат болуына алып келеді. Кез-келген 
деспотизм жекеленген болғандықтан жəне өз тарапынан бостандыққа 
негізделгеннен кейін ғана өмір сүре алады. Кез-келген диктатура бір жағынан, 
еркін адамгершілік ырықтан, оның белсенді мүшелерінің батырлыққа деген 
ырқынан туындағандықтан күшті, өміршең, онтологиялық құқылы болса, басқа 
жағынан алғанда қоғамның өзін іштей сауықтыру мақсатындағы тек өткінші 
шарасы, əлде-бір өзін өзі тəртіпке келтіруі немесе өзін өзі шектеуі, соңғы 
мақсаты қалыпты, яғни индивидуальды күштердің еркін өзара əрекетіне 
негізделген қоғам құрлысын, сол арқылы өзінің өзіндік шеттетілуін қалыпқа 
келтіру болып табылатын уақытша қатал аскеттік. Міне, сондықтан социализм 
өзінің негізгі əлеуметтік-философиялық түпкі ойында - индивидуальдық 
ырықты ұжымдық ырықпен тұтастай алмастыруында, «ұжымдық» болмысты, 
«қоғамдық тұтастықты» индивидуальды тұлғаның орнына қойып, оның өзіндік 
болмысын жоққа шығаруы немесе монадаларды «тобырдың» бір тұтас 
қамырына илеп, біріктіруі - қоғамдықтың негізгі өзгермейтін принципін 
бұзатынжəне қоғамның кемтарлығы мен ыдырауына алып келуі мүмкін 
мағынасыз идея. Ол адам өз шаруашылығының жоспарлылығы мен реттілігі 
жəне шаруашылық игіліктерін əділетті бөлу үшін өз бостандығынан, өзінің 
«меніннен» бас тартуға жəне тұтастай қоғамдық машинаның винті, қоғамдық 
күштер ықпал ететін тұлғасыз орта болуға қабілетті деген ессіз жəне қадірсіз 
арманға негізделеді. Іс жүзінде ол деспотиялық биліктің жүгенсіз 
есерсоқтығына жəне қол астындағылардың топастанған енжарлығына немесе 
хайуандық бас көтерулерінен басқа ештеңеге əкелмейді. Өйткені адами 
кейіптен айырылған адам, қоғамның мүшесі бола алмайды: ол тек хайуан 
немесе үй жануары бола алады; жалпы мұндай орны толмас жоғалтуды көз 
алдымызға елестету мүмкін болмағандықтан ондай қоғам болмайды; іс жүзінде 
тек жыртқыш хайуандардың жалқау, икемсіз үй жануарларына үстемдік етуі 


232 
ғана қалады, бірақ соңғылары жасырын түрде қолға үйренбегендей болып 
қалады жəне кез-келген сəтте өзінің хайуандық табиғатын көрсете алады. 
Социализм иленген адам қамырының қимылсыздығынан, жаныздығынан да 
жəне онда жасырынған жүгенсіз анархияның хаосынан да опат болуға кесілген. 
Жалпы айтқанда, қоғамның басым көпшілігіне немесе тіпті оның 
айтарлықтай бір тобына бостандық бастауын, қоғамдық өмірге еркін 
творчестволық араласуды енгізуге талпыну мен қоғамды немесе оның бір 
бөлігін билік етушілердің аз ғана тобының жансыз құралына айналдыру бір 
жағынан, ұтастық ретіндегі қоғамның тым əлсіреуіне, еркін əрекетте 
жасырынған күш-қуат қорларының пайдаланылмай қалатын əлде-бір 
əлеуметтік атонияға, екінші жағынан, анархиялық күштердің қиратушы 
күштердің қорлануына алып келеді. Тұлға тереңдігінен бастау алатын өзінің 
қалыпты айқындалуында қысымға, кез-келген кідіріске ұшыраған органикалық 
ұмтылыс тек айырықша потенциальды кернеуге ие болып қана қоймайды, 
сонымен қатар ауыр өзіндік қайта туындауды бастан кешіреді. Қалыпты 
жағдайда қоғамдық өмір мен қоғамдық творчестволыққа еркін араласу, еркін 
қызмет ету ретінде жүзеге асатын бостандық, қысым мен басып-жаншуға 
ұшырағанда, өзін орнықтырудың қиратушы ашушаңдығына, ызасына 
айналады. Дүниедегі барлық революциялар, олардың саяси мақсаттары мен 
саналы ұрандары қандай болмасын, адам жандарында шектен тыс басылып-
жаншылудан жиналып қалған жəне еркін əрекетшілдікте қалыпты шығу жолын 
таппаған анархиялық құмарлықтардың рухани-психологиялық жарылыстары. 
Өздерінің мəні бойынша мұндай жарылыстар тек қиратушы бола алады; терең 
қабаттарға қуып тығылған бостандықты аңсау қара бас қамын ойлайтын 
құштарлықтармен, қызғанышпен, жек көрушілікпен ұштасады, көзсіз 
көтеріліске, адамның қараңғы күштерінің қайнауына - жани стихиялықтың 
хаосына айналады. Бу қазанының жарылысы өз сынығын жөндей алмайтыны 
секілді революция да өз өздігінен қоғамдық тəртіпті түзете де, босата да 
алмайды. Бірақ революция бейнесінде, қоғам адам бойындағы көрініс беруінің 
қалыпты жағдайында қоғамдық саулық пен қуаттың бастауы болатын сол бір 
ырықты, спонтанды адами қуатты басып-жаншығаны үшін имманентті жазаны 
бастан кешіреді.
Жалпы жəне бастапқы əлеуметтік-философиялық мағынасында бостандық 
бастауы, əрине оның қазіргі жаңа «саяси бостандық» ұғымына кіретін арнайы, 
жеке мазмұнымен сəйкес келмейді. Қоғам азаматтарына белгілі мөлшерде 
мысалы, баспа жəне ауызша сөз бостандығы, жиналыстар мен одақтар 
бостандығы, саяси сайлауларға қатысу бостандығы берілу керек - бұл нақты 
қоғамның нақты рухани жағдайына байланысты жəне тек жалғыз бір жалпы 
бостандық бастауынан априорлы анықталмайды. «Саяси бостандықтар» деп 
аталатындардан тек сенім бостандығы ғана рухани өмір бұлағы ретіндегі 
бостандық бастауынан тікелей шығатын нағыз алғашқы құқық. Өйткені наным-
сенім бостандығына қол сұғу рухани өмірге, яғни ақиқат адамның құдайылық- 
адами болмысына қол сұғу, ол қоғамдық болмыстың алғашқы негізіне қауіп 
төндіреді. Сенім бостандығынан – «сенім іссіз өлі болғандықтан» – 
творчестволық бостандық – сол немесе басқа формадағы жəне аймақтағы– 


233 
қоғамдық құылысқа белсене араласудың жалпы бостандығы тікелей келіп 
шығады. Бұл белсенді қоғамдық істің, адам ырқының осы спонтанды қуатын 
творчестволық табудың жолдары мен формалары қандай, қоғамдық бірлік пен 
тəртіпті жəне олардың өз арасындағы үйкелісті минимальдау мүддесі үшін, 
яғни қоғамдағы еркін əрекет ететін күштердің жиынтығын максимальды 
пайдалану үшін олар өзара қалай келісілу керек - мұның бəрі қолданбалы 
саясаттың мəселелері, олар жоғарыда айтылғандай, əрбір нақты қоғамның 
нақты эмпирикалық жағдайларын есепке алғанда ғана шешімін таба алады. 
Адам тұлғасының белгілі бір, қатаң белгіленген жəне бостандықтың 
бұзылмайтын ауқымын мен оларды табудың белгілі бір формаларына құқы 
туралы индивидуалистік идея, «адамның туа біткен құқықтары» туралы жалған 
ұғымнан шыққандықтан қызмет етудің жоғары бастауымен сəйкес келмейтін 
ретінде жалпы теріске шығарылуы керек, ал жеке бостандық идеясының өзі тек 
қызмет ету бастауымен байланыста ғана өзін ақтап шыға алады. Іс жүзінде 
əлемдегі тіпті ең либеральды жəне демократиялық деген бірде бір қоғам 
мызғымай белгіленген адам құқықтарын нақты іске асыруға жол бермейді: 
қоғамға қауіп төнген кезде бұл құқықтар сөзсіз шектеледі; жалпы қоғамның 
рухани жағдайына жəне қызмет етудің жалпы бастаулары іске асатын ағымдағы 
қоғамдық міндеттердің сипатына байланысты бұл құқықтардың жалпы ауқымы 
мен олардың əр қайсысының жеке салыстырмалы салмағы айтарлықтай 
өзгереді. Жалпы бостандықтың өз мүдделері, еркін қоғамдық құрылыс 
жекеленген адам «құқықтарын» шектеуді талап етеді, ал олардың өзі қызмет 
ету бастауларымен жəне онымен байланыстағы ынтымақтастық пен 
бостандықты тауып, іске асырудың тек қосалқы құралы болғандықтан əрқашан 
салыстырмалы жəне туынды болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет