Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


(Қазақстан  Республикасы мәдени саясат концепциясы. Жоба. – Алматы: Мәдени зерттеулер



Pdf көрінісі
бет85/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Қазақстан 
Республикасы мәдени саясат концепциясы. Жоба. – Алматы: Мәдени зерттеулер 
институты, 2010. – 165 б.) 


240 
Осы үш ерекшелікті бaсқa ұлт өкілдерінің ұйытқысы ретінде қолдaну aрқы-
лы ынтымaқтaстықты дaмытa отырып, жaлпы мемлекеттік сүйіспеншілікке же-
телеу. Жуық aрaдa ескеретін, aғымдық міндеттер: қоғaмның тыныс тіршілігінде 
болып жaтқaн құбылыстaрды стрaтегиялық міндеттер негізінде реттеп, бaқылaп 
отыру. 
Отыз жылдығы аталып жатқан тəуелсіз Қазақстанның жаһандану 
жағдайындағы міндеттерінің бірі – халқымыздың ежелгі тарихи, мəдени жəне 
рухани əлемінің терең тамырларын анықтап, оларды қопара зерттеп, 
философиялық тұрғыдан біртұтас жүйеленген ұлттық мұрамызды жаңғыртып 
жасап шығару. Қазақ халқының əлемдік өркениетке мен дегізерлік өзіндік 
болмысымен енуіне мүмкіндік беретін, ілгері дамуымызға тұғыр болатын 
ұлттық санамыздың ұстанымды ерекшеліктерін саралау өте маңызды жəне бұл
ғасырлар тұңғиығымен тамырласып жатқан ұстын-құндылықтар, яғни біздің 
ұлттық тұтастануымыз үшін табан тірейтін тұғырларымыз ұлттық 
руханиятымызды жаңа өркениеттік көзқараспен, терең біліктілікпен жан-жақты 
талдау.
 Қазақтың 
тəуелсіздік 
философиясын 
деконструкциялау 
тек 
партикулярлық ұстындармен шектеле алмайды жəне бұл қазақ халқының 
ғасырлар бойы жинақтаған тарихи тəжірибесіне сай келмейді. Алдымен бұл
мəселенің ұрпақтар сабақтастығы мен тарихи санаға тікелей қатысы бар
екендігін ескерген жөн. Осы мақала кеңмəтінінде жадылық тұрғыдан
ұлттық тарихи сананың үш бітімін атап өтуге болады: 
1. Адами-өмірбаяндық естегі еркіндікке ұмтылу. Әркім өзінің 
ұрпақтарының жадысында сақталған уақытқа дейін өмір сүре береді. Дəстүрлі 
қазақ қоғамындағы «Жеті атасын білмеген ұл жетесіз» деген нақыл сөз
осыған мегзейді. Қазақ болмысында еркіндік басты құндылық ретінде 
анықталады. 
2. Шежірелік (генеалогиялық) немесе ауызекі жадыдағы тəуелсіздік 
құндылықтары. Бұл формада жеке-дара кісілік естің ауқымы кеңейтілгенімен, 
мəдени артефакт (тарихи тұлға, оқиға, құндылық т.б.) туралы тарихи білім
бейсаналық формалармен толықтырылады. Елдік ауызекі санада тəуелсіздік 
архетиптік тұғырға көтеріледі.
3. Тарихи жадыдағы ұлттық идея деңгейіндегі тəуелсіздік. Жазбаша мəтін
тарих сындарынан өтетін тəуелсіздік құндылықтары сақталуының кепілі.
«Ырық бітіг» пен «Алтын жарық», Орхон-Енисей жазбалары, «Қорқыт ата 
кітабы», Бабыр, Дулати, Халид жəне т.б. тарихи туындылары осындай 
функцияны атқарады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет