Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


(Ғабитов Т.Х., Сатершинов Б.М. Тәуелсіз Қазақстанның тарих



Pdf көрінісі
бет86/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   130
Философия Оқулық (3)

абитов Т.Х., Сатершинов Б.М. Тәуелсіз Қазақстанның тарих 
философиясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2021. - 365 б.). 
Қазақ халқының ғасырлар сынында қалыптасқан тəуелсіздік философиясы 
күрделі инверсиялық үдерістермен жəне құндылықтық бағдарлардың үнемі 
өзгеруімен байланысты. Сондықтан тарихи сананың қалыптасуы мен дамуын 
уақыт ағымы мен кеңістікте қарастыру бұл түсініктің мəнін аша түседі 
(Сатершинов Б.М. Қазақстан мəдениеті тарихы мен теориясының кейбір 
мəселелері. - Алматы: Сорос-Қазақстан қоры – Атамұра, 2012 – 160 б.).


241 
Қазақ халқының біртіндеп тəуелсіздіктен айырылуы ұлттық санада да 
нышан бере бастады. Асан Қайғы іздеген «Жерұйық» Зар заман кейіпкер-леріне 
орын бере бастады. Болашақты сүреңсіз етіп, ақырзаман түрінде елестету Зар 
заман ақындарынан үлкен орын алатын тақырып. Фəлсəфалық ойдың осы бір 
байырғы дəстүрі халықтың отаршылыққа түсіп, одан құтылар жол таппай 
аласұрған тұсында күшейе түскендей. Расында да бүкіл халықтың қол-аяғы 
тұсалып, жіптің енді шешілместей күрмелгенін олар өз көзімен көріп, 
арқасымен сезіп отырған заманда жарқын болашақ туралы сөз қозғауды 
көпшілік түсінбеген де, қабылдамаған да болар еді. Болашақты ғажайып 
мамыражай заман түрінде елестету үшін алдымен сондай үмітке жетелейтін 
осы шақтағы шындық керек. Ал отарлау дəуірінің шындығы құлаған 
хандықтан, ондаған сəтсіз күрестен, күннен күнге күшейген темір құрсаудан 
тұрғандықтан келе жатқан жақсы өмір туралы көсіліп жырлауды көпшілік 
жалғандыққа жорыған болар еді. 
Бодандықтың теріс əсерлері, əсіресе, қазақы əдеп пен мінез-құлық 
жүйесіне тиді. Ұлан-ғайыр, кең-байтақ жерді иеленіп келген қазақ табиғатынан 
батыр мінезді, бостандық пен еркіндікті қастерлеген қайсар халық еді. Бірақ 
270 жылға созылған тəуелділік жылқы мінезді халықты момын, қой мінездіге 
айналдырды. «Жаман үйді қонағы билейдінің», «Есіктен кіріп, төр менікінің» 
күйіне түсе бастады. Озбырлық саясат нəтижесінде халқымыз құнарлы, сулы, 
нулы жерлерінен шөл, шөлейт жерлерге ырыстырылды, тек мал бағумен күн 
кешкен елге күн көрудің өзі қиын болды. Бұрын «у ішсең – руыңмен», 
«ағайынның аты озғанша – ауылдастың тайы озсын», деп, елдік пен бірлікті 
мұрат еткен қазақтардың арасында өзімшілдік, дарашылдық өріс алды. 
Кейбіреу ақты – қара, қараны – ақ деп бірінің үстінен бірі арыз жазса, 
басқалары бастықтың алдында майлы қасықтай құрша жорғалап, жылпылдаған 
жағымсыз қылықты бойына дарытты. Қолында билігі барлардың арасында 
екіжүзділік, озбырлық, тамыр-таныстық, жүгенсіздік, парақорлық өріс алды. 
«Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп келген 
халықтың ішінен сан мыңдаған мəңгүрттер шықты. Қазақтың дəстүрлі əдет-
ғұрыптық жəне əдептік жүйесі қазақ хандығы Ресейдің құрамына енген кезден 
бастап түбегейлі өзгерістерге ұшырады. 
Қазақтың дəстүрлі мəдениетіндегі түбегейлі өзгерістер, сонымен, табиғи 
жолмен емес, күштеу ұстыны арқылы жүргізіліп отырылды. XІX ғасырдың 
ортасы мен XX ғасырдың басы – қазақ халқының отаршылдыққа қарсы 
толассыз көтерілістер кезеңі. Батыс зерттеушілерінің пікірі бойынша, Ресейдің 
отарлау тəсілдері басқа еуропалық ірі мемлекеттердің тəсіліне қарағанда 
қаталдау болды. Қазақтар саяси жəне қарулы жолмен өз мақсаттарына жете 
алмайтын еді. Олар барынша жауынгер жəне ержүрек болғанымен, нашар 
қаруланған жəне орыстарға қарсы оқпен атылатын қару мен артиллерияны аз 
пайдаланды. Егер қазақтар жақсы қолбасшысы бар армияға біріге алғанда 
орыстардың оларға қарсы жасаған жорықтары əлдеқайда қиындау болатын еді. 
Батыс тарихшылары орыстардың жүргізген экономикалық саясатына қарсы 
қазақтардың мұндай наразылығының негізгі себебі, олардың қазақ руларының 
жайылымдары мен шабындықтарын тартып алып, Еуропадан келген 


242 
келімсектерге беруінен көрінетін аграрлық саясат деп көрсетіп жүр. XІX ғ. 
аяғында бұл саясат үкімет тарапынан қолдау тауып, ресми сипатқа ие болды. 
Қазақтың дəстүрлі мəдени реттеу тетіктерінің біртіндеп істен шығуы далада тек 
мінез-құлықтық ретсіздік ғана емес, сонымен бірге ұлттық сананың оянуына 
əкелді. Қазақ қоғамында ұлт-азаттық қозғалыс дүмпуі басталды жəне бұл қазіргі 
тəуелсіз Қазақстанға дейін апарған сара жолға жатады. Қазақ қайраткері М. 
Дулатұлы ХХ ғасыр басында өзінің атақты «Оян, қазақ!» деген мəдени 
бағдарламасын жариялады. Одан бір үзінді келтірейік: «Қазақстаннан болған 
социал-демократтарға бірауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды 
жастар төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, 
орыстың қара халқы мазлүм күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы 
алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жəрдемсіз 
азып-тозып кетер» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет