253
оның
практикалық қажеттіліктері, оның идеалдары мен əсем өмір туралы
көзқарастарымен немесе сұлулықтың өлшемі ретіндегі арақатынасының
нəтижесі. Төртінші парадигма (француз материалистері): əсемдік салмақ, түс,
форма жəне т.б. сияқты табиғат құбылыстарының кəдуілгі қасиеттері болып
табылады.
Кез келген құбылыстың əсемдікке ие болуы оның өзінің толық сезімдік-
нақты тұтастығында қоғамдық-адами құндылық ретінде көрінуімен, тұлғаның
үйлесімді дамуына жағдай жасауымен, адамзаттың барлық жақсы қабілеттері
мен күш-жігерінің іске асуына мүмкіндік беруімен, адамның нақты болмыста
бекітілуі жəне оның еркіндігін кеңейтуге ықпал етуімен байланысты болады.
Сондықтан сұлулық эстетикалық идеалды бекіте жəне
байыта отырып, адам
бойында қуаныш, сүйіспеншілік, еркіндік сезімдерін ұялатады.
Асқақтық – бұл өзінің ерекше мағыналылығымен жəне құдыреттілігімен
өзгешеленген əсемдікті сипаттайтын эстетикалық категория. Сондықтан да
кейбір асқақ құбылыстардың формалары өзінің сыртқы ұсқынсыздығына
қарамастан шаттанудың, шабыттанудың, ерекше танданудың қоздырушы
сезімдерін оятады. Әлемнің шексіздігі мен мəңгілігі, табиғат пен адамның ішкі
күш-қуатының құдіреті, əлемді игерудің шексіз мүмкіндіктері – мұның
барлығы асқақтықты (эстетикалық категория ретінде) бейнелейді.
Егер əсемдік пен асқақтық эстетикалық құндылықтардың бейнелері
болса, онда тұрпайылық пен таяздық оның антиподтары болып табылады.
Тұрпайылық пен таяздық əсемдік пен асқақтыққа қарсы ұғымдар.
Аксиологияда, жоғарыда айтылғандай, “кұндылық”
ұғымының көлеміне
қатысты біржақты қалыптасқан пікір жоқ. Кейбір авторлардың пікірінше,
құндылықтар тек жағымды белгілермен ғана болмайды, жағымсыз құндылық
ретінде оның жағымсыз белгісі де болады. Әрине, құндылықтарды жағымды
жəне жағымсыз деп бөле салуға да болар еді, алайда бұл терминнің қоғамда
қалыптасқан дəстүрлі түсінігі “құндылық” ұғымының тек жағымды мағынасын
ғана қабылдайды, өйткені құндылық - бұл құны бар, жағымды нəрсе деген сөз.
Мұнан шығатын қорытынды: құндылықтың қатынастар шеңберіндегі
жағымсыз мағынаға ие заттарды,
құбылыстарды, оқиғаларды “антиқұндылық”
терминімен белгілеуге болады. Демек, бір-біріне қарсы тұрған əсемдік пен
тұрпайылық - бұл эстетикалық құндылық жəне антиқұндылық.
Жиіркеніштілік – асқақтықтың үнемі сыртқы сұлулығы бола бермейтіні
секілді, бұл да кейде сыртқы сұлулығы болатынына қарамастан
антиқұндылықты білдіреді. Жиіркеніштілік өте жағымсыз құндылық ретінде
сипатталады. Тұрпайылықты ең түркі шегі болып табылады. Бұл адамның
еркіне толық бағына қоймаған, олар үшін қауіп-қатер тұрғызатын жағымсыз,
құпия, жасырын күштер. Егер адамзат өз қоғамдық қатынастарын игермесе,
онда ол үлкен қасіреттердің көзіне айналып кетуі мүмкін. Осындай қаһарлы
қатерлерге қатысты барлық құбылыстар – фашизм, тирания, соғыс жəне т.б.
адамдар жиіркенішті қабылдайды. Жиіркеніштілікпен тұрпайылық тығыз
байланысты.
Тұрпайылық кері итерсе, əсемдік өзінің бір көрінісімен баурап алады.
Тұрпайылық
- бұл дисгармония, патология, ішкі байлығы, жарығы, рухы жоқ
254
бос нəрсе, бірақ ол адамзатқа қауіп-қатер төндірмейді, өйткені бұл заттардағы
күштерді адамдар игерген.
Трагедиялық пен комедиялық құндылықтар мен антиқұндылықтардың
күресі процесінде қалыптасқан күштердің күрделі қиюласуы нəтижесінде пайда
болады. Трагедиялық – бұл өзіне дұшпан күштермен кұресте қасіретке немесе
өлімге ұшырайтын оқығаның немесе əлеуметтік қоғамның, құбылыстың,
адамның эстетикалық құндылықтарының бекітілуі: Қасіреттің, өлімнің өзі
қүндылық болып саналмайды, бірақ солар арқылы құндылық бекітіледі.
Трагедиялық эмоция – бұл эстетикалық-адамгершілік тұрғыда “тазалайтын”,
рухани шынықтыратын, ондағы ашылған сұлулыққа
жақындастыратын терең
қайғы мен жоғары шаттықтың қосындысы. Трагедияның адамға əсерін кезінде
Аристотель “катарсис” – тазалану деп атаған болатын.
Комедиялық та құндылық пен антиқұндылықтың қайшылығының
нəтижесі. Өйткені комедиялықтың мəні қайшылықта. Комедиялық қарама-
қарсы тұрудың, контрастың, айырылудың нəтижесі, тұрпайылық пен
əсемдіктің, жиіркеніштік пен асқақтықтың, жалған мен ақиқаттың, аңғалдық
пен ақылдылықтың жəне т.б. Комедиялық - бұл ақырында антиқұндылық
болып шығатын адамдар мен құбылыстардың өзін-өзі айқындап қоюы, оның
нағыз құндылықтық мағынасын аңғару. Комедиялықты эстетикалық күйде
қабылдау адам бойында күлкі, əжуа туғызады.
Адамдар қандай да бір
ақымақтықтың мəнін оның шынайы құндылығын бейсаналы түрде салыстыра
отырып, өзінің бағалау қабілетіне орай келеке етеді. Комедиялықта ұлтшылдық
ерекшелік бар, бірақ сонымен бірге жалпы адамзаттық белгілерді де аңғару
қиын емес. Әлеуметтік дамудың жалпы заңдылықтарына орай бір құбылысты
барлық халықтар да бірдей күлкіге айналдыра алады.
Сезімдер мəдениетінің саласы ретінде эстетикалық құндылықтар сезімге
ісер ете отырып, адамның рухани əлемінің маңызды бөлігіне айналады. Өйткені
сезімдер адамның ақыл-ойына ықпал етіп қана қоймай, көбіне оның алғышарты
да бола алады. Эстетикалық құндылықтардың жаратылысын қарастыру
барысында, оның мынадай көзқарасы қалыптасады. Эстетикалық құндылықтар
қоршаған нақтылыққа деген эмоционалды-бағалаушы-сезімдік реакцияны
сипаттай отырып, рухани келісімнің бір бөлігін білдіреді. Эмоция – бұл адамды
қозғайтын, тоқтататын, рационалды анықтауға бағынбайтын сезімдердің
сыртқа шығарылуы.
Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: əдебиет, театр, живопись
(сұңғат), мүсін, би, əн, графика (сызба), сəулет, қолданбалы жəне декоративті
өнер, цирк,
көркем фотография, кино, теледидар. Өнердің түрлерге бөліну
принципі – нақтылықтың эстетикалық байлығына сүйенетін, əлемді көркемдік
игеру саласындағы адамның қоғамдық практикасы типтерінің алуан түрлілігі.
Адамзаттың əлемдік-тарихи практикасының негізінде, адамдардың еңбек
əрекеті процесінде адамзат рухының байлығы қалыптасты, адамның
эстетикалық сезімдері, оның əуезді құлағы, форманың сұлулығын көретін көзі,
сұлулықпен шабыттану қабілеттері дамыды.
Сазгер табиғаттың картинасын естіп қабылдайды, ал суретші сол
картинаны дыбыспен емес, көрумен қабылдайды,
формалардың сұлулығынан,
255
линиялардың, жарық пен көлеңкенің ойынынан лəззат алады. Тек бір ғана зат –
адамға жақын табиғат өмірін суретші де, музыкант та бірдей қабылдағанымен,
ол өнердің əрқайсысы бөлек түрлерінде əртүрлі қырымен бейнеленеді. Бірақ,
нəтижесінде тек сол нақтылық қана бейнеленеді жəне қабылданады.
Өнердің дамуы үшін оның əрқайсысының өз ерекшеліктеріне орай
бөлінуімен қатар, əрқайсысы өз қайталанбастығымен дараланатын музалардың
өзара əрекеті де маңызды ықпал етеді. Өнер түрлерінің бірігуге, қосылуға
жақындығына қарамастан, олар осы өздерінің арнайы ерекшеліктерін сақтай
отырып, адамзаттың көркемдік мəдениетіне, əлемдік эстетикалық игеруге жаңа,
өзгеше үлестерін қосып отырады. Өнердің алуан түрлілігі əлемді өзінің күрделі
жəне бай күйінде эстетикалық тұрғыда игеруге мүмкіндік береді. Басты немесе
екінші деңгейдегі өнер түрлері жоқ. Бірақ əрбір түрдің өнердің өзге түрлерімен
салыстарғанда əлсіз жəне басым тұстары бар.
Достарыңызбен бөлісу: