Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п


(О.Сүлейменов. Язык письма. Алматы-



Pdf көрінісі
бет98/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   130
Философия Оқулық (3)

(О.Сүлейменов. Язык письма. Алматы-
Рим, 1998, 203-бет.).
Тіл қалыптасуының тарихи процесінің өзі əлемді 
ассоциативті қабылдауға, нақтылықты көркем бейнелеуге дайындады. Әдебиет 
өзінің əртүрлі жанрларында əрекетті драмалық тұрғыда қайта қалпына келтіру 


257 
арқылы, оқиғаларды этикалық тұрғыда баяндау арқылы немесе адамның ішкі 
əлемін лирикалық тұрғыда ашу арқылы осы материалдарды қамтиды. 
Театр. Театр – əлемді драмалық əрекет арқылы көркемдік тұрғыда 
игеретін, оны актерлар көрерменнің көз алдында іске асыратын өнер түрі. 
Театрдың негізі – драматургия. Сонымен қатар ол өз құрамына живописьті, 
мүсін өнерін, кейде сəулет өнерін (декорация), кейде кино, музыка, би 
өнерлерін де енгізеді. Театр өнерінің синтетикалылығы оның ұжымдық 
сипатымен анықталады: спектакльде драматургтың, суретшінің, сазгердің, 
актердің шығармашылық күш-жігерлері біріктіріледі. Театрдағы көркемдік 
бейненің “құрылыс материалы” – тірі адам, актер. Драматург пен режиссердің 
ойы актер арқылы іске асады. Ол сахнадағы барлық нəрсеге театралдылық 
береді. Сахнада бөлменің интерьерін, пейзажды, қала көшесінің кейпін дəл 
беруге болады, алайда, егер актер өзінің сахналық əрекетімен шындықты 
тірілтпесе, бұл декорацияның бəрі өлі бутафория болып қала береді. Жəне, 
керісінше, актер пъесаның іс-əрекетіне сай жағдай мен ортадағы адамның 
бейнесін дəл, толық бере алса, қоршаған ортаның ең жалпы деген белгілерінің 
өзі (мысалы, Шекспир театрындағы сияқты,“бақ”, “дала” немесе “сарай” 
жазулары бар тақтайшаларға дейін) театралдық өмірмен біте қайнасып кетеді. 
Тетрдың маңыздылығының ерекшелігі, мұнда шығармашылық акт (бейнені 
сомдау) көрерменнің көз алдында жүзеге асады. Осыған байланысты театр 
аудиторияға əсер етудің орасан зор мүмкіншілігіне ие болады. Кинода 
көрермен шығармашылықтың нəтижесін көрсе, ал театрда процестің өзін 
көрсетеді. Спектакльдің ең басты ерекшелігінің кілті осында. Өйткені театр – 
бұл ең алдымен актердің көрерменмен тірі байланысы, аудиторияның көз 
алдындағы щығармашылық. 
Эстетикалық мəдениеттің маңызы мен əлеуметтік рөлін қарстырғанда 
оның жетістіктерін өнер, фольклор, сəулет өнері жəне т.б. шығармаларының 
деңгейі мен көлеміне əкеліп тіреу жеткіліксіз болар еді. Бұл жерде мəдениеттің, 
оның ішінде эстетикалық мəдениеттің маңызды функциялар атқаратындығын 
естен шығармау керек. Бұл түсінік бізге эстетикалық мəдениетті бүтіндей 
қабылдаудың бағдарын береді. Мұндай қабылдаудың негізін эстетикалық 
мəдениет құбылыстары мен айғақтарын “заттандыру мен затсыздандыру” 
процесінің тұтастығы концепциясы құрайды. Бұл концепцияның қарапайым 
мəнін эстетикалық сала құбылыстарының деңгейі, саласы ретінде ғана емес, 
эстетикалық мəдениет дамуының өлшемі болып табылатын берілген қоғамдағы 
оның сұраныс деңгейі ретінде де көрінеді. 
Батыстың жəне Шығыстың дəстүрлі мəдениеттеріне ұқсамайтын өзге 
халықтар мен ұлттардың өзіндік эстетикалық мəдениеті мен төлтума дамуы 
болғандығын ескеру қажет. Мысалы Тынық мұхит аймақтарының социумдары, 
кейбір солтүстік тайпалар, австралиялық аборигендер жəне т. б. осыған мысал 
бола алады. Бұл тұрғыдан алғанда Ю.Бромлейдің өз дəстүрінің 
тұйықтылығымен, 
консервативтілігімен, 
қатаңдығымен 
сипатталатын 
мəдениеттердің ерекшелігі туралы ойы көңілге қонымды. Кез келген сыртқы 
ықпалға деген тосқауыл, тұрақтылық, қарапайым қайта өндіруге ұмтылу – 
олардың жалпы ерекшелігі. Мəдениетте үш саланы (немесе қабатты) бөліп 


258 
алуға болады: материалды, рухани жəне көркем. Сонымен бірге көркем 
мəдениет (немесе өнер) өнерге бағытталған бүкіл əрекеттің барлық түрлерін 
жинақтап, дербес сала қалыптастыру қабілетіне ие. Эстетикалық мəдениет 
жалпы мəдениет емес, ол ұлтжанды, жалпы универсалды феноменнің 
модификациясы ғана емес. Қай халық болмасын, өзінің рухани əлемінің 
байлығына қарамастан өзінің ұлт жанды əлемін сақтайды. Ол белгілі бір 
кеңістіктік-уақыттық ортада пайда болады, оның мəні мен мүддесін білдіреді. 
Ол осынысымен құдыретті жəне сонымен бірге шектеулі. Оның үстіне онда 
жетістіктер өзекті мəселелермен, мазасызықтармен қатар өмір сүреді. 
Сондықтан ол өзіндік, өмір сүруге қабілетті өзге көркемдік əлемдермен 
байланысқа түсуге тəуелді. 
Көркем мəдениеттің өзегіне енген адам əрекетінің бір қырын білдіретін 
мəдениет құбылыстарының жекелеген бөліктерін - мəдениет салалары, ал 
оларды құрайтын топтарды – мəдениет аймақтары деп атауға болады. Адам 
əрекетінің негізінде оның қажеттіліктерін жіктеу нəтижесінде пайда болған 
топтарды-мəдениет түрлері деп атайды. Құрылымдық түзілім ретінде 
қарастырылатын эстетикалық мəдениет əрекет түрлерінің жүйесі сияқты түрде 
көрінуі мүмкін, алайда бұл эстетикалық мəдениетті өнерге ғана, көркемдік 
мəдениетке ғана əкеліп тіреуді білдірмейді. Көркемдік мəдениет эстетикалық 
мəдениет обьективациясының бір түрін ғана білдіреді.
Көркем абстракциядағы адамзаттың алғашқы қадамдары көркемдік 
бейнелерді “заттандырумен” байланысты болды. Эстетикалық бастаудың бұл 
көрінісін ерте заманғы фольклормен қатар, тұрмыс жабдықтарынан, киімнен, 
тұтынатын заттардан жəне т.б. аңғаруға болады. Көркемдік парасаттың 
жетілген түрлері кейінірек пайда болады. Жəне қолданбалы өнердің қарапайым 
технологиясын игерген дамыған қоғамда ғана əсемдіктің негізі ретіндегі 
эстетикалық идеал пісіп-жетіледі. 
Өнер туындысының жоғары көркемдік белгісі ретінде жаратушының бұл 
көркем туындыны алуан түрлі əлеуметтік маңызды мазмұнымен толтыруы 
саналады. “Форма мен мазмұнның тұтастығы осыдан көрінеді. Ертедегі 
эпостардың өзінде-ақ, гректің “Илиада мен Одиссеясында”, қазақтың 
“Қобыланды батыры” мен “Алпамысында” жалпы түріктің “Көрұғлысында”, 
қырғыздың “Манасында” этикалық мəн мен мазмұн əсем сұлулық пен күш-
жігердің жарқын көркемдік бейнелерімен тұтастықта көрінеді. 
Өнер дамуының онан кейінгі жолы жалпылықты біріктірудің жолдары мен 
құралдарын іздестірумен, нақтылықты индивиуалдық тұрғыда қайта өңдеумен 
байланысты болды. Біздің ойымызша ұлттық өнердің диалектикасы қоғамдық 
байланыстар мен процестердің күрделіленуіне, əлеуметтік өзгерістерге орай 
осыған дейін болған формалар - символдар мен белгілер туралы 
көзқарастардың күресімен сипатталады. Бұл ғұрыптың поэзия белгілерінің 
сипатын зерттеген Д.Фрезердің еңбектерінде айқын көрінеді. Кез-келген 
күнтізбелік немесе отбасылық тұрмыстық ғұрып фольклорлық күнтізбелік жəне 
отбасылық-ғұрыптық поэзия сияқты белгілер мен символдарға толы. Қазіргі 
халықтық санада ғұрыптың əлеуметтік-практикалық, нақты-экзистенциалды 
жəне эстетикалық белгілері арасындағы терең байланыстар жойылған. Алайда 


259 
ұлттық поэзияның атмосферасын эмоционалдық қабылдаумен оңай аулауға 
болады. 
Белгілі бір ұлттық эстетикалық мəдениеттің бірте-бірте қалыптасуы 
ғасырлар бойына созылатын ұзақ процесс. Алайда бұл мəдениеттің қалыптасуы 
оның көптеген белгісіз жаратушыларының эстетикалық əрекетінің нəтижесі 
екендігін ескеруіміз қажет. Тұрмысық қатынастың эстетикалық элементтерінің, 
ұлттық əдет-ғұрыптармен қатар, көркем шығармашылықтың кейбір 
салаларының негізін қалаушылардың атын біз атай алмаймыз. 
Халықтар мен ұлттардың эстетикалық санасы қоғамда қалыптасқан 
эстетикалық көзқарастардың, арнайы дəстүрлердің негізінде құралады. Жалпы 
мəдениет сияқты эстетикалық мəдениет те қоғамның белгілі бір тарихи 
кезеңімен байланыстырылады. Тарихи дамудың əртүрлі кезеңдерінде əрбір ұлт, 
əлеуметтік топ өзінің эстетикалық мəдениетін, əсемдік туралы өз көзқарасы мен 
ұғымдарын қалыптастырады. 
Адамдардың кейпінде, олардың қатынастарында, киімінде, заттарында, 
тілі мен өнер туындыларында эстетикалық мəдениеттің ерекшеліктері, 
принциптері аңғарылады жəне олардың экономикалық даму деңгейі мен тағы 
басқа алғы шарттарынан ұлттың тарихи тағдыры туындайды. Сондықтан əрбір 
халық өз ерекшелігі мен күш-жігеріне орай əлемдік мəдениеттің қазынасына өз 
үлесін қосады. 
Кез келген эстетикалық деталь, белгі, бейне пайда болысымен үнемі жетілу 
үстінде болады. Эстетикалық көзқарастың түбірлері кейде ұмытылғанымен, 
ұзақ сұрыптау процесі барысында бұл көзқарас кейде ұлттық эстетикалық 
сананың бір элементіне айналады. Қ.Ш.Нұрланова былай деп жазады: 
“Қазақтарда адамның Ғаламмен өзара байланысын сезіну нəресте кезден 
беріледі, сондықтан бұл дүниетанымдық мəдениет абстракциялық маңыздылық 
деңгейінде қалып қоймай, əлем мен жанның бірегейлігі сезіміне ауысады жəне 
бұл рухани ішкі сезім терең қанағатшылдыққа толы болады. Әлемге деген бұл 
қатынастың түбірі тереңде жатқандықтан болмыстың құпиясына, өмірдің 
құпиясына жақындатады жəне сондықтан əрбір адам өмірінің мəнділігі өмірдің 
өзінің сыйы сияқты шексіз. Адвм өмірінің өн бойын алып жатқан бұл 
қатынастар өмірдің барлық алуан түрлі қатынастарына қайталанбас рең бере 
отырып, əрбір адамның бай рухани өмірін түсінуге септігін тигізеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет