Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет99/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   130
Философия Оқулық (3)

” (Человек и 
мир. Казахская национальная идея. А., 1994, 13-бет.). 
Отбасылық жəне тұрмыстық деңгейдегі оқиғалардың маңыздылығы көбіне 
эстетикалық құралдар арқылы жеткізілді. Ұлттың эстетикалық мəдениетке тəн 
символдар, белгілер, атрибуттар жүйесі бірте-бірте қалыптасты жəне оның 
мағынасы əркімге де түсінікті болды. “Жаңа ошақ құруға арналған некелесу 
ғұрпы ең алдымен, жаңа отбасын құру үшін айдан жəне жұлдыздардан рұқсат 
сұрайды. Кейінірек нəресте дүниеге келгеннен кейін жас ананы жалаң аяқ жер 
бастырып, жерден қолдау сұрайды. Жас отау үшін бұл ғұрыптың маңыздылығы 
əлемнің мазмұндық бейнесін ашатын этикалық мəнділігімен қатар, қасиетті 
сандық белгілермен ерекшеленетін əлемнің əсемдігімен де сипатталады: 
вертикальдық деңгей (жоғары əлем, орта əлем, төменгі əлем) жəне 


260 
горизонтальды деңгей (төрт қиырлы шартарап) жеті санын құрайды” 
(Человек и 
мир, 20-бет.). 
Әртүрлі ұлттық ортада эстетикалық көзқарастар үнемі біртекті болған жоқ, 
əлеуметтік сатының төменгідегі жəне жоғарыдағы өкілдерінің арасында 
айырмашылық 
болды. 
Алайда, 
(зерттеушілердің 

этнографтардың, 
тарихшылардың жəне өнертанушылардың байқағанындай) жоғары əлеуметтік 
ортада қалыптасқан эстетикалық көзқарастар бірте-бірте халық арасына сіңеді. 
Ғұрыптың, стильдің, қатынастың, жүріс-тұрыстың эстетикалық қасиеттерін 
бағалаудың өлшемі, оның сұрыпталуы олардың əлеуметтік қажеттілігіне, 
моральдық-этикалық көзқарастардың даму деңгейіне жəне т.б.сай келуіне 
байланысты болды. 
Эстетикалық мəдениет белгілі бір талғамдардың, нормалардың, 
идеалдардың ұрпақтан ұрпаққа беріліп (дəстүр, тəрбие, өнер арқылы) 
сақталуын жəне олардың өзгеруі барысында жаңа идеалдардың, нормалардың, 
талғамдардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ұлттық эстетикалық мəдениеттің 
белгілі 
бір 
элеметтерінің 
қалыптасуы 
мен 
көрінуі 
процесін 
қарапайымдандыруға болмайды. Эстетикалық дəстүрлердің, жүріс-тұрыс 
нормаларының бастауы кездейсоқтықтан басталмайды. Автор өз қиялымен 
қанша безендіргенімен шығарманың мазмұны объективті нақтылықтың бейнесі 
болып табылады, өйткені қанша бай қиял, қанша бай елес болғанымен, ол 
бəрібір өзінің пішінімен тірі өмірдің формаларын еске түсіреді. 
Адам əрекетінің саналылығымен ерекшеленетіні белгілі. Өйткені əрекет 
басталмай тұрып-ақ оның қалаулы нəтижелерінің картинасы субъекттің 
санасында туады, қалыптасады жəне нақтыланады. Мұнда алдын-ала 
жинақталған тəжірибе, əлеуметтік-психологиялық стереотип үлкен рөл 
атқарады. Ол бір жағынан шешімдер мен іс-əрекеттің тиімділігіне сілтесе, 
екінші жағынан сəтсіз қадамдар мен қимылдардан сақтайды; бұл тұрғыда 
жағымсыз тəжірмбенің де пайдасы жағымды тəжірибеден бір де кем емес. 
Эстетикалық дəстүрлерді, оның ішінде жүріс-тұрыс нормаларын да 
практикалық тəжірибе теріске шығара алады. Мысалы, мұсылмандықтың 
қалыптасуы екіжақты процесті туғызды: мұсылмандыққа дейін болған жүріс-
тұрыс нормаларының бір бөлігі сəйкес символикаға еніп, діни қолдауға ие 
болса, ал қалғандары бастапқыда қайшылықты қатынас тудырып, бірте-бірте 
жойылды. 
Эстетикалық мəдениеттің пайда болу себептерін терең əрі толық 
айқындамай оның мəнін ұғыну мүмкін емес. Бұл феномен кездейсоқ құбылыс 
па, əлде қажеттілік пе? Ағартушыларда, мысалы И.Кантта оның жауабы 
мынадай: адам бойындағы эстетикалық мəдениетке, эстетикалық қабылдаудың 
дамуына деген қажеттілік оның (адамның) жаратылу актінің өзінде-ақ жүзеге 
асады. 
Адамзат дамуының бастапқы кезеңдерінде əлемді эстетикалық игеру адам 
əрекетінің утилитарлық қызметімен тікелей байланысты болғандығын еске 
түсірейік. Адам санасының, шығармашылықтың мүмкіндіктері мен 
құралдарының шектеулігі бұл əрекет түрінен тысқа шығып кетуге мүмкіндік 
бермеді. Көптеген зерттеушілердің, антропологтардың, этнографтардың, 


261 
мəдениет тарихшыларының, əсіресе Л.Морганның еңбектерінде ерте 
қауымдастықтарда өмірқамына деген қажеттілік нақты өмірлік мақсаттарға 
рационалды жолмен жетудің жолдары мен құралдарын іздестіруге мəжбүр етті. 
Жоғарыда қойылған сұрақтың жауабы осыдан келіп шығады. Әрекеттің 
мақсатына жетудің жолы неғұрлым қарапайым болған сайын, оны ұрпақтарға 
тəжірибе тасымалының басым тəсіліне айналдыруға мүмкіндігі көбейе түсті. 
Мұнан ары қарай адам жеткілікті шектеулі ізденістердің мүмкіндік 
шеңберінен асып түсудің жолдары мен құралдарын іздестіруге ұмтылды. 
Функционалды сəйкестіктен құралдарды немесе жабдықтарды, заттарды 
пайдалануды жеңілдетуге ұмтылды. Осылайша алғашқы қауымдық технология 
пайда болды. Адамның жасаған өнімдері жетіле түсті. Ол кездегі шеберліктің 
деңгейіне қарағанда бұл жетістіктерге жету үшін ғасырларға созылған уақыт 
кетті. Бұл функционалды жетістікті қажеттілікті өтеудің жаңа тəсілдерімен 
біріктірудің мүмкіншілігіне орай алғашқы қауымдық дизайн пайда болды. 
Дайындаушының шеберлігі алғашқы қауымдық қолөнердің өзге өнімдері 
арасында үстемдікке ие болды. Алайда шеберлік – бұл əлі де өнер емес еді. 
Халықтардың эстетикалық дамуы адамзаттың қалыптасуы мен дамуы 
процесінде ғасырлар бойы жүзеге асты. Өзінің эстетикалық дамуы барысында 
адамзат қоршаған табиғатты бастапқы сезімдік қабылдаудан əсемдіктің қазіргі 
түсінігіне дейінгі үлкен жолынан өтті. Адамның қалыптастырған заттай 
құндылықтар əлемінде бастапқыда тұрпайы, кейінірек мазмұнды эстетикалық 
көзқарастар пайда болады. Еңбек өнімдері ерте кезден-ақ адам бойында 
эстетикалық сезім тудырды, өйткені оларда адамның бүкіл қоғамдық мəні, 
қабілеті мен шеберлігі бейнеленетін еді. Процесс барысында субъекттің өзі де 
өзгереді: оның қабілеттері дамыды, қажеттіліктердің көлемі мен құрамы, оның 
санасының деңгейі өзгерді. Әдебиеттерде қажеттілік пен əрекеттің байланысы 
мен өзара байланыстары туралы кеңінен қарастырылса, бұл диалектиканы 
эстетикалық мəдениеттің дамуына да қолдануға болады. 
Әлемді эстетикалық игерудің ең жоғарғы жəне күрделі формасы өнер 
болып табылады. Онда қоғамды ғана емес, оның танымын да игерудің шексіз 
мүмкіндіктері бар, сонымен қатар эикалық, эстетикалық, моральдық, 
философиялық жəне өзге принциптер орын алады. Мұндай мазмұнға дизайн да, 
эстетикалық əрекеттің өзге түрлері де ие бола алмайды. 
Өнердегі субъекттің нақтылығы интеллектуалды тұрғыда күрделі, 
эмоционалдық тұрғыда толық жəне руханилықтың деңгейімен тығыз 
байланысты. Онда ұлттық сананың, ұлттық төлтумалылықтың элементтері өте 
нəзік көрінеді жəне көбіне оны анықтау қиынға соғады. Өнердің эстетикалық 
табиғатында ұлтжандылық көрінісінің орасан зор мүмкіндіктері бар. 
Эстетикалық мəдениеттің мазмұны кең жəне алуан түрлі. Форма мен 
мазмұнның байланысы, олардың органикалық тұтастығы мəдениеттің өмір 
сүруі мен дамуының негізгі анықтаушы шарты болып табылады. Өнерде бұл 
байланыс айқын көрінеді. Өнерге қатысты оның формасы бейнелі (обазды) 
деген тұжырым мойындалған. Алайда бейнелік форма тек өнерге ғана тəн бе? 
Эстетикалық мəдениеттің өзге түрлеріне қатысы жоқ па? 


262 
Өнерде образ өзінің жеке қасиетінде көпшіліктің белгісі мен сапасын 
білдіреді. Ал біздің тұрмыстық қарым-қатынаста, “имидж” шеңберінде бұл 
қандай орын алады? Эстетикалық бағдардағы ғұрып та берілген “имиджде” 
“тəрбиелі адамның” жүріс-тұрысында барлық тартымды нəселерді, жүріс-тұрыс 
белгілерін бойына жинақтайды емес пе? Дəстүрлі қауымдастықтардағы 
“топтық бақылау” да индивидуумның жүріс-тұрыс қалпы қарым-қатынас 
дəстүрінің қалыптастырған “имиджіне” идеалды сəйкес келуін қатаң 
бағалайды. Бір ұлттық мəдениеттегі қарым-қатынас жəне жүріс-тұрыс 
нормасын өзге ұлттық мəдениеттің қабылдамауы мүмкін. Өнермен 
салыстырғанда тұрмыстық қарым-қатынас дəстүрдің сақталуымен сипатталады. 
Ол ғасырлар бойы сақталуы мүмкін. Алайда эстетикалық мəдениеттің бұл 
саласы əлеуметтік процестің жеделдеуіне сай адам болмысында, іске асып 
жатқан өзгерістерге бейім келеді. Мысалы, өмір темпінің жеделдеуі, бос 
уақыттың азаюы тұрмыстық ғұрыптардың бірте-бірте жоғалуына, оның 
формальдылығының қысқаруына əкеледі. 
Енді ХІХ-ХХ ғасырдағы көркем мəдениеттің динамикасына тоқталайық. 
ХІХ ғасырдың өркениет дамуы тарихындағы, нақтылықты көркемдік игеруден 
көрінетін бетбұрысты кезең болғандығы белгілі. Бір ғасырдың ішінде 
Ағартушылық 
Романтизммен, 
Реализммен, 
Декаденттікпен 
алмасты. 
Романтизм нақтылықты жоғары идеал тұрғысынан теріске шығаратын 
мəдениеттің барлық саласын қамтыған көркем мəдениеттегі стильді білдіреді. 
Романтизмнің өзіндік санасының философиялық формасын (онда декаденттік 
мотивтердің бар екендігіне қарамастан) жоғары тұлға идеясы түрінде Ф.Ницше 
жасады. Декаденттік болса ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы Батыстың 
əлеуметтік-мəдени болмысын көркемдік пайымдауды білдіреді. Индустриялық 
қоғам негіздерінің жүйелік дағдарысы рухани мəдениеттегі құлдырауды, 
нақтылықтан кетіп, өзге мəдениет негіздерін іздестіруді туғызды. Бұл 
мəдениеттің негізгі бағыттарына импрессионизм (О.Ренуар, К.Моне, К.Даге 
жəне басқалары), постимпрессионизм (П.Сезанн, В.Ван-Гог, П.Гоген жəне т.б.), 
символизм (Ш.Бодлер, О.Врубель, Верлен жəне т.б.), модернизм (Пруст, Кафка, 
Т.Манн; И.Стравинский жəне т.б.), акмеизм,экспрессионизм) жəне т.б. жатады. 
Бұл бағыттардың барлығы ХХ ғасыр көркем мəдениетінің өзіндік санасы 
– постмодерннің қалыптасуына ықпал етті. Постмодерннің əлеуметтік-мəдени 
парадигмасы эстетикалық ізденістің пəні мен объектін түбірлі өзгертеді. 
Эстетиканың объекті тылсымдық нақтылықтармен, саңаның өзгерген 
жағдайымен, аутистік ойлаумен, неомифологизммен жəне мүмкін болатын 
əлемнің 
семантикасымен 
сипатталатын 
көркемдік 
əлемдік 
əлемнің 
гиперкеңістігіне, гипермəтініне, гиперəлеміне көшіріледі. Мəдени мəтіндер 
бұқаралық санаға терең енеді. Эстетика пəнінің өзі символикаландыру мен 
категорияландыру арқылы көркемдік нақтылықтың кеңістік пен уақытта 
тəртіпке келтірілуімен, яғни мəдениеттің трансляциялануымен ерекшеленеді. 
Символдар мен мағыналардың жүйесі ретінде оны зерттеуді эмпирикалық жəне 
теориялық талдауға көнетін əлеуметтік-мəдени нақтылықтардан тыс жүргізу 
қажет, өйткені көркемдік мəдениеттің объекті өзінше өмір сүреді. Мұндай 
талдау символдардың өзара байланысын, сонымен қатар, мəдени тəртіптің 


263 
алғышарттары мен принциптерін белгілеуге мүміндік береді. Мысалы, 
“атжалман қасқырдың” символикалық образын Қазақстан Республикасындағы 
қазіргі социомəдени процестердің контекстінде қарастыруға болады (альманах 
“Тамыр” 1999, вып.1). Постнодернизмде мəдени талдаудың пəні мен объекті 
сананың ағымымен үнемі қиылысып отырады. У.Джеймс былай деп жазады: 
“Біздің қалыпты сергек саңамыз, ақылды саңамыз – бұл сананың ерекше 
типінің бірі ғана. Саңаның өзге де формалары бар екендігі туралы білмей-ақ біз 
өмірден өтуіміз мүмкін, алайда дер кезінде қажетті стимул қолдасақ болғаны ол 
лезде-ақ пайда болады жəне бұл көңіл-күйдің өзге кездері қолдануға бейімді 
болуы мүмкін”. Эстетикалық талдаудың объекті мүлдем күтпеген формаға ие 
болуы да мүмкін. Мысалы тіпті, компьютерлік көркем əдебиеттер де бар. Бұл 
көркем мəтіннің ерекшелігі, оны компьютердің дисплейінен ғана оқуға болады. 
Ол гипернақтылық ретінде құрылған. Ондағы кнопөкалар арқылы сюжеттің 
қозғалысын өткенге жəне болашаққа ауыстыруға, эпизодтардың орнын 
алмастыруға, оның ақырын өзгертуге жəне т.б. қимылдар жасауға болады. 
Француз 
мəдениеттанушысы 
Ж.Бодрийяр 
біз 
қазірдің 
өзінде 
гипернақтылықта өмір сүрудеміз деп тұдырымдайды. Біз дауылды күнгі кеме 
сияқты гипернақтылықтың бір шетінен екінші шетіне аударылып түсіп жүрміз. 
Оның ойынша Ирактағы “Құмдағы боран” операциясы (1991 жыл) қарапайым 
нақтылық болған жоқ. Бұл видеопроектордың экраны мен компьютер 
дисплейлеріне “отырғызылған” гипермəтіндік соғыс болды. Бұл мистика емес –
бұл гипернақтылықтың ерекше метафизикасы. Мұндай жағдайларда адамның 
өзіндік бірегейлігі (самондентификация) өзгеріп, ол “ойнайтын адамға” 
айналады. 
Ойын ретіндегі мəдениет концепциясын голланд ойшылы Й.Хейзинга 
ұсынады. Өзінің “Homo ludens” еңбегінде ол мəдениеттің мəнін ойын 
əлеметтері басым жағдайға ие болатын əлемді көркем қабылдаумен 
байланыстырады: “Кез-келген тірі, гүлденуші өркениетте поэзия өмірлік, 
əлеуметтік жəне литургиялық функция атқарады… Поэзия өзінің ерте 
мəдениеттің факторы ретіндегі бастапқы функциясында ойын ретіндегі ойында 
пайда болады. Бұл қасиетті ойын, алайда өзінің осы қасиеттілігінде бұл ойын 
үнемі құмарлықтың, əзілдің, көңіл көтерудің жиегінде қалып қояды. 
Әсемдіктің қажеттілігін саңалы түрде өтеу əлі де болса жоқ. Ол экстаз ретінде, 
мерекелік масайрау, ғажайып ретінде сезілетін жəне өзін поэтикалық формада 
іске асыратын қасиетті акттың қайта тірілуінде жасырынған (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет