Меңдіқара ауданында жастар саясатын іске асыру туралы Істің жағдайын біліп, «Меңдіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі»



жүктеу 27.77 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі27.77 Kb.
Жоба
Бесінші шақырылымның кезекті сессиясы
Меңдіқара ауданында жастар

саясатын іске асыру туралы

Істің жағдайын біліп, «Меңдіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Е.Ш. Исмағұловтың ақпаратын тыңдап, аудандық мәслихат сессиясы ауданда өкілетті және атқарушы органдармен жастарға қолдау көрсету бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Қостанай облысы статистика департаментінің деректері бойынша Меңдіқара ауданында 14 жастан 29 жасқа дейін 5372 адам тұрады. Жұмыс істейтін жастардың саны 1597 адам. Жұмыс істемейтін және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар 3676 адамды құрайды.Студенттердің саны 921 адам.14 жастан 18 жасқа дейінгі оқушыларды жалпы саны 1899 адам. Еңбекке қабілетті ресми жұмыс істемейтін жастар 856 адам немесе жалпы жастар санынан 16,2 %. 2014 жылдың басынан жұмыспен қамту қызметіне жұыс іздеп 243 адам жүгінген, 29 жасқа дейінгі жастардың ішінен 173 адам жұмысқа орналастырылды.

Ауданда мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Оның ішінде «Дипломмен ауылға!» жас мамандарға қолдау көрсету бағдарламасымен ауданға 2011 жылы-15 адам, 2012 жылы-16 адам, 2013 жылы-19 адам, 2014 жылы-8 адам келді.

Ең төменгі көнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сонымен қатар жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастар үшін орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Ағымдағы жылда облыс әкімінің және аудан әкімінің гранты бойынша еңбек нарығында сұранысы бар мамандықтарға халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын жастардың ішінен 11 адам оқиды. 8-педагогикалық мамандық бойынша, 3-медициналық бойынша. 2011 жылдан «Қаркен» ЖШС шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаражаты есебінен медициналық мамандық бойынша 1 адам оқып жатыр.

2

Ауданда жастарды жұмысқа орналастыруда ерекше көңіл бөлінеді. Ағмдағы жылдың басынан 29 жасқа дейінгі жастардың ішінен 132 адам «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының қатысушылары болды.



«Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша жеке ісін кеңеуту және дамытуға 6 адам микрокредиттер алды.

«Оқыту және қоныс аудару арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағдарламасының үшінші бағытының шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтардың ішінен 20 адам жұмысқа орналастырылды. Орташа еңбекақы айына 37000 мың теңгені құрайды.

Жұмыссыздардың бейімделуіне сабағаттық көмек тұрақты негізде жұргізіледі, бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Аудан әкімдігі қаулысының жобасы, халықтың нысаналы топтарының қосымша тізбесі әзірленді, онда жұмысқа орналасуға басым құқығы бар 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар кірді.

ЖҚЖК-2020 бағдарламасының бірінші бағытының шеңберінде жыл сайын алған мамандығы бойынша еңбек өтілі жоқ мамандар үшін жастар тәжірибесі ұйымдастырылады. 2013 жылғы 1 қыркүйекте 12 адам жастар тәжірибесіне жіберілді, оның ішінде 2 адам түрақты жұмысқа орналастырылды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша кәсіби оқытуға 29 жасқа дейінгі жастардың ішінен 10 адам жіберілді.

Жыл сайын Меңдіқара ауданының ауылдарында және ауылдық округтерінде қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылады, ол жұмыссыздарға уақытша жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сонымен қатар елді мекендерді абаттандыруға бағытталған. 2014 жылы жастардың ішінен қоғамдық жұмыстарға 22 адам қатысты.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Меңдіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының ақпараты назарға алынсын.

2. Меңдіқара аудандық мәслихатына ұсынылсын:

2.1. Мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында және әкімдіктің отырыстарында аудан жастарына жәрдемдесу мәселелері жүйелі түрде талқылансын.



Сессия төрағасы О. Нұрабаев
Аудандық

мәслихаттың хатшысы В. Леонов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет