Медициналық биофизика және биостатистика модулі поәК


Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет4/10
Дата18.07.2016
өлшемі1.18 Mb.
#208498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Курс: 2


Пән: Биологиялық статистика

Құрастырған: доцент Аймаханова А.Ш.

аға оқыт. Раманқұлова А.А.

аға оқыт. Бекенаева Қ.С.

Алматы, 2012 ж.

Модуль отырысында

талқыланды және бекітілді

№ ____ хаттама ______________ ж.

Модуль жетекшісінің м.а., профессор _________ Нұрмағанбетова М.О.

1 тақырып: Дискретті статистикалық қатар және оның сандық сипаттамалары.


Мақсаты: Статистикалық деректерді өңдеу және реттеу ұғымдарын қалыптастыру. Таңдама тәсілдің негізгі ұғымдарымен танысу. Статистикалық деректерді өңдеу және реттеу дағдыларын қалыптастыру, дискретті статистикалық таралумен танысу.
Оқытудың міндеті:

таралудың дискретті статистикалық қатарын құру, таңдаманың сандық сипаттамаларын табу, жиілік және салыстырмалы жиілік полигондарын тұрғызу дағдыларын қалыптастыру.



  • Вариациялық қатар, таралудың дискретті статистикалық қатарын құру, таңдаманың сандық сипаттамаларын табу, жиіліктер және салыстырмалы жиіліктер полигонын құру дағдыларын қалыптастыру.

  • «Варианта», «жиынтық», «жиілік», «орта мән», «дисперсия», «орта квадраттық ауытқу», «орта мәннің стандартты қатесі» терминдеріне анықтама беру.

  • Таралудың дискретті және интервалдық статистикалық қатарлары, сенім аралығының жаңа ұғымдарын енгізу.

  • Таңдама орта, дисперсия, орта квадраттық ауытқуды есептеу формулаларын қолдануды үйрету.

  • Кәсіптік әдебиетпен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту.

  • Жекеаралық қатынас дағдыларын жетілдіру


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Варианта, жиілік, таңдаманың көлемі туралы түсініктер.

  2. Вариациялық қатар туралы түсінік.

  3. Таңдаманың сандық сипаттамаларының формулалары: таңдама орта, таңдама

дисперсия, орта квадраттық ауытқу, мода, медиана.

  1. Асимметрия және экцесстің таңдама коэффициенттері туралы түсінік.

  2. Жиіліктер және салыстырмалы жиіліктер полигоны туралы түсінік.



Оқыту және оқу әдістері – ситуациялық есептерді шығару.
Практикалық сабақ сағаттарының үлестірімімен берілген сабақтың жоспары мен ұйымдастыру құрылымы



Сабақ құрылымы

Уақыт

1.

Студенттерді түгендеу және сабаққа келмеген, дайын емес студенттер болса, себебін анықтау.

2 мин.

2.

Сабақ тақырыбын жариялау және бақылау сұрақтары бойынша студенттерді сұрау.

10 мин.

3.

Студенттердің өзіндік жұмысы.

20 мин.

4.

Оқытушы студенттердің тапсырманы орындау кезінде жіберген жалпы қателерін талдап, тақырыптың негізгі жерлеріне тоқтайды.

3 мин.

5.

Ситуациялық есепті шығару (өз бетімен)

10 мин.

6.

Білімді жалпы бағалау.

3 мин.

7.

Келесі сабаққа тапсырма.

2 мин.

Қалыптастырылатын құзіреттілік: практикалық дағдылар.


Әдебиеттер:

  1. Ә.Н.Шыныбеков.Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері. Оқу құралы.-Алматы:Экономика,2008.-236 б.

  2. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.

  3. Медик В.А.,Токмачев М.С.,Фишман Б.Б.Статистика в медицине и биологии. М.: Медицина, 2000.

  4. И.В. Павлушков и др. Основы высшей математики и математической статистики. (учебник для медицинских и фармацевтических вузов) М., «ГЭОТАР - МЕД»; 2008

  5. Гланц С. Медико-биологическая статистика – М.:Практика,1999.

  6. Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.


Бақылау:

Студент төмендегі сұрақтарға жауап беруі, «Бақылау-өлшеуіш құралы» жинағындағы сауалнамалық тапсырмаларды және ситуациялық есептерді шығара алуы тиіс.


Сұрақтар:

  1. Вариациялық қатардың анықтамасы.

  2. Дискретті статистикалық таралудың анықтамасы.

  3. Дискретті статистикалық таралудың сандық сипаттамаларының формулалары.

  4. Жиіліктер полигонының анықтамасы.

  5. Полигонның ең жоғарғы нүктесі таңдаманың қай сипаттамасына сәйкес келеді?

  6. Асимметрия және экцесстің таңдама коэффициенттері нені сипаттайды?

2 тақырып: Интервалдық статистикалық қатар және оның сандық сипаттамалары.


Мақсаты: Статистикалық деректерді өңдеу және реттеу ұғымдарын қалыптастыру. Таңдама тәсілдің негізгі ұғымдарымен танысу. Статистикалық деректерді өңдеу және реттеу дағдыларын қалыптастыру, интервалдық статистикалық таралумен танысу.
Оқыту міндеті:

  • Вариациялық қатар, таралудың интервалдық статистикалық қатарын құру, таңдаманың сандық сипаттамаларын табу, жиіліктер мен салыстырмалы жиіліктер полигонын тұрғызу дағдыларын қалыптастыру.

  • Тиімді топтар санын және интервалдық статистикалық таралудың қадамын табу, жиіліктер және салыстырмалы жиіліктер гистограммасын тұрғызу, интервалдық таралу бойынша таңдаманың сандық сипаттамаларын табу.

  • «Варианта», «жиынтық», «жиілік», «орта мән», «дисперсия», «орта квадраттық ауытқу», «орта мәннің стандартты қатесі» терминдеріне анықтама беру.

  • Таралудың интервалдық статистикалық қатары, сенім аралығының жаңа ұғымдарын енгізу.

  • Стерджес формуласын қолдануды үйрету.

  • Кәсіптік әдебиетпен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту.

  • Жекеаралық қатынас дағдыларын жетілдіру.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Варианта, жиілік және таңдама көлемі туралы түсінік.

  2. Вариациялық қатар туралы түсінік.

  3. Таңдаманың сандық сипаттамаларының формулалары: таңдама орта, таңдама дисперсия, орта квадраттық ауытқу, мода және медиана.

  4. Асимметрия және эксцесстің таңдама коэффициенттері.

  5. Жиілік және салыстырмалы жиілік полигоны.

  6. Интервал санын есептеу үшін Стерджес формуласы.

  7. Интервалдық қатардың қадамын есептеу формуласы.

  8. Таңдаманың интервалдық статистикалық таралуын тұрғызу.

  9. Жиілік және салыстырмалы жиілік гистограммасы.

  10. Интервалдық статистикалық таралу бойынша таңдама орта табу.


Оқыту және оқу әдістері – ситуациялық есептерді шығару.
Практикалық сабақ сағаттарының үлестірімімен берілген сабақтың жоспары мен ұйымдастыру құрылымы



Сабақ құрылымы

Уақыт

1.

Студенттерді түгендеу және сабаққа келмеген, дайын емес студенттер болса, себебін анықтау.

2 мин.

2.

Сабақ тақырыбын жариялау және бақылау сұрақтары бойынша студенттерді сұрау.

10 мин.

3.

Студенттердің өзіндік жұмысы.

20 мин.

4.

Оқытушы студенттердің тапсырманы орындау кезінде жіберген жалпы қателерін талдап, тақырыптың негізгі жерлеріне тоқтайды.

3 мин.

5.

Ситуациялық есепті шығару (өз бетімен)

10 мин.

6.

Білімді жалпы бағалау.

3 мин.

7.

Келесі сабаққа тапсырма.

2 мин.


Қалыптастырылатын құзіреттілік: практикалық дағдылар.
Әдебиеттер:

  1. Ә.Н.Шыныбеков.Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері. Оқу құралы.-Алматы:Экономика,2008.-236 б.

  2. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.

  3. Медик В.А.,Токмачев М.С.,Фишман Б.Б.Статистика в медицине и биологии. М.: Медицина, 2000.

  4. И.В. Павлушков и др. Основы высшей математики и математической статистики. (учебник для медицинских и фармацевтических вузов) М., «ГЭОТАР - МЕД»; 2008

  5. Гланц С. Медико-биологическая статистика – М.:Практика,1999.

  6. Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.


Бақылау:

Студент төмендегі сұрақтарға жауап беруі, «Бақылау-өлшеуіш құралы» жинағындағы сауалнамалық тапсырмаларды және ситуациялық есептерді шығара алуы тиіс.


Сұрақтар:

  1. Вариациялық қатар анықтамасы.

  2. Интервалдық статистикалық таралу анықтамасы.

  3. Интервалдық статистикалық қатардың топтар санын және қадамын табу формулалары.

  4. Интервалдық статистикалық таралудың дискретті статистикалық таралудан ерекшелігі неде?

  5. Жиіліктер және салыстырмалы жиіліктер гистограммаларының анықтамалары.

  6. Жиіліктер гистограммасындағы дербес төртбұрыштың ауданы неге тең?

  7. Салыстырмалы жиіліктер гистограммасындағы дербес төртбұрыштың ауданы неге тең?

  8. Жиіліктер гистограммасындағы дербес төртбұрыштардың аудандарының қосындысы неге тең?

  9. Салыстырмалы жиіліктер гистограммасындағы дербес төртбұрыштардың аудандарының қосындысы неге тең?

3 тақырып: Бас жиынтықтың параметрлерін бағалау.


Мақсаты: Бас жиынтықтың параметрлерімен және оларды нүктелік және аралық бағалар көмегімен бағалау әдістерімен танысу. Берілген сенімділікпен сенім аралықтарын анықтауды үйрену
Оқытудың міндеті:

  • Бас жиынтық параметрлерін тыңғылықты, ығыспаған және тиімді бағаларды есепке ала отырып бағалау дағдыларын қалыптастыру.

  • Жиынтық параметрлерінің нүктелік және аралық бағалары,сенім ықтималдықтары мен сенім аралықтары ұғымдарын енгізу.

  • Таңдама ортаның стандартты қателігі, сенім аралығы, берілген сенімділік сияқты жаңа ұғымдарды енгізу.

  • Кәсіптік әдебиетпен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту.

  • Жекеаралық қатынас дағдыларын жетілдіру.


Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  1. Таңдама ортаның стандартты қатесінің формуласы.

  2. Нүктелік баға.

  3. Интервалдық баға.

  4. Тыңғылықты, ығыспаған және тиімді бағалар.

  5. Сенім ықтималдығы.

  6. Сенім аралығы.

  7. Бас орта үшін нүктелік баға.

  8. Бас дисперсия үшін нүктелік баға.

  9. Бас орта үшін интервалдық баға.


Оқыту және оқу әдістері – ситуациялық есептерді шығару.
Практикалық сабақ сағаттарының үлестірімімен берілген сабақтың жоспары мен ұйымдастыру құрылымы



Сабақ құрылымы

Уақыт

1.

Студенттерді түгендеу және сабаққа келмеген, дайын емес студенттер болса, себебін анықтау.

3 мин.

2.

Сабақ тақырыбын жариялау және бақылау сұрақтары бойынша студенттерді сұрау.

10 мин.

3.

Студенттердің өзіндік жұмысы.

17 мин.

4.

Оқытушы студенттердің тапсырманы орындау кезінде жіберген жалпы қателерін талдап, тақырыптың негізгі жерлеріне тоқтайды.

5 мин.

5.

Тестілеу

10 мин.

6.

Білімді жалпы бағалау.

3 мин.

7.

Келесі сабаққа тапсырма.

2 мин.

Қалыптастырылатын құзіреттілік: білім.
Әдебиеттер:

  1. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.

  2. Медик В.А.,Токмачев М.С.,Фишман Б.Б.Статистика в медицине и биологии. М.: Медицина, 2000.

  3. И.В. Павлушков и др. Основы высшей математики и математической статистики. (учебник для медицинских и фармацевтических вузов) М., «ГЭОТАР - МЕД»; 2008

  4. Гланц С. Медико-биологическая статистика – М.:Практика,1999.

  5. Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.


Бақылау:

Студент төмендегі сұрақтарға жауап беруі, «Бақылау-өлшеуіш құралы» жинағындағы сауалнамалық тапсырмаларды және ситуациялық есептерді шығара алуы тиіс.


Сұрақтар:

  1. Таңдама ортаның стандартты қателігі қай формуламен есептеледі?

  2. Нүктелік және интервалдық бағалардың анықтамасы.

  3. Нүктелік және интервалдық бағалардың анықтамасы.

  4. Бас орта, бас дисперсия үшін нүктелік бағалары.

  5. Бас орта үшін интервалдық бағалары.

  6. Берілген сенімділікпен сенім аралығы қалай анықталады?

4 тақырып: Қалыпты таралу.



Мақсаты: Қалыпты таралудың негізгі сипаттамалары. Гаусс қисығы туралы түсінік беру. 3-сигма ережесі.
Оқытудың міндеті:

  • Қалыпты таралудың негізгі сипаттамаларын тексеру дағдыларын қалыптастыру.

  • Таңдаманың қалыпты таралу заңына бағынуын тексеру үшін 3-сигма ережесін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

  • Кәсіптік әдебиетпен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту.

  • Жекеаралық қатынас дағдыларын жетілдіру.


Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  1. Қалыпты таралудың негізгі сипаттамалары.

  2. Қалыпты таралудың негізгі сипаттамалары графикалық көрінісі.

  3. Үш сигма ережесі.


Оқыту және оқу әдістері – ситуациялық есептерді талдау, ауызша сұрау.

Практикалық сабақ сағаттарының үлестірімімен берілген сабақтың жоспары мен ұйымдастыру құрылымы



Сабақ құрылымы

Уақыт

1.

Студенттерді түгендеу және сабаққа келмеген, дайын емес студенттер болса, себебін анықтау.

3 мин.

2.

Сабақ тақырыбын жариялау және бақылау сұрақтары бойынша студенттерді сұрау.

10 мин.

3.

Студенттердің өзіндік жұмысы.

17 мин.

4.

Оқытушы студенттердің тапсырманы орындау кезінде жіберген жалпы қателерін талдап, тақырыптың негізгі жерлеріне тоқтайды.

5 мин.

5.

Тестілеу

10 мин.

6.

Білімді жалпы бағалау.

3 мин.

7.

Келесі сабаққа тапсырма.

2 мин.

Қалыптастырылатын құзіреттілік: Коммуникативті құзіреттілік.
Әдебиеттер:

  1. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.

  2. Медик В.А.,Токмачев М.С.,Фишман Б.Б.Статистика в медицине и биологии. М.: Медицина, 2000.

  3. И.В. Павлушков и др. Основы высшей математики и математической статистики. (учебник для медицинских и фармацевтических вузов) М., «ГЭОТАР - МЕД»; 2008

  4. Гланц С. Медико-биологическая статистика – М.:Практика,1999.

  5. Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.


Бақылау:

Студент төмендегі сұрақтарға жауап беруі, «Бақылау-өлшеуіш құралы» жинағындағы сауалнамалық тапсырмаларды және ситуациялық есептерді шығара алуы тиіс.



Сұрақтар:

  1. Қалыпты таралудың негізгі сипаттамаларын атаңыз.

  2. Қалыпты таралуды қай сандық сипаттамалардың теңдігі анықтайды?

  3. Қалыпты таралуды қандай график сипаттайды?

  4. Гаусс қисығы астының ауданы неге тең?

  5. Қалыпты таралу қисығының формасы немен анықталады?

  6. Гаусс қисығының ұштары қалай өзгереді?

  7. 3-сигма заңы.

  8. Барлық мәндердің қанша пайызы орта мәннен ±1 орта квадраттық ауытқу аралығында жатады?

  9. Барлық мәндердің қанша пайызы орта мәннен ±2 орта квадраттық ауытқу аралығында жатады?

  10. Барлық мәндердің қанша пайызы орта мәннен ±3 орта квадраттық ауытқу аралығында жатады?

5 тақырып: Биомедициналық деректерді талдау үшін Стьюдеттің t -критерийі.
Мақсаты: Статистикалық жорамалдарды тексеру дағдыларын қалыптастыру. Статистикалық жорамалдарды тексеру үшін параметрлік әдістерді қолдануды үйрету.
Оқытудың міндеті:

  • Статистикалық жорамалдарды тексеру нәтижелерін талдау дағдыларын қалыптастыру.

  • Нөлдік және балама жорамалдарды ұйғару, сәйкес статистикалық критерийді табу дағдыларын қалыптастыру.

  • Статистикалық жорамал, статистикалық критерий жаңа ұғымдарын енгізу.

  • Статистикалық жорамалдарды тексеру үшін биомедициналық деректерді талдауға арналған Стьюденттің t-критерийін қолдануды үйрету.

  • Кәсіптік әдебиетпен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту.

  • Жекеаралық қатынас дағдыларын жетілдіру.


Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  1. Қалыпты таралудың түрі жөніндегі жорамалды тексеру үшін нөлдік жорамал.

  2. Қалыпты таралудың түрі жөніндегі жорамалды тексеру үшін статистикалық критерий.

  3. Жорамалды қабылдау аймағы.

  4. Екі орта мәндердің теңдігі жөніндегі статистикалық жорамалды тексерудің параметрлік критерийі.

  5. Стьюденттің t-критерийін қолдану аясы.

  6. Стьюденттің t-критерийінің статистикасы.


Оқыту және оқу әдістері – ситуациялық есептерді шығару.
Практикалық сабақ сағаттарының үлестірімімен берілген сабақтың жоспары мен ұйымдастыру құрылымы



Сабақ құрылымы

Уақыт

1.

Студенттерді түгендеу және сабаққа келмеген, дайын емес студенттер болса, себебін анықтау.

2 мин.

2.

Сабақ тақырыбын жариялау және бақылау сұрақтары бойынша студенттерді сұрау.

10 мин.

3.

Студенттердің өзіндік жұмысы.

15 мин.

4.

Оқытушы студенттердің тапсырманы орындау кезінде жіберген жалпы қателерін талдап, тақырыптың негізгі жерлеріне тоқтайды.

3 мин.

5.

Ситуациялық есепті шығару (өз бетімен)

15 мин.

6.

Білімді жалпы бағалау.

3 мин.

7.

Келесі сабаққа тапсырма.

2 мин.

Қалыптастырылатын құзіреттілік: практикалық дағдылар.
Әдебиеттер:

  1. Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.

  2. Медик В.А.,Токмачев М.С.,Фишман Б.Б.Статистика в медицине и биологии. М.: Медицина, 2000.

  3. И.В. Павлушков и др. Основы высшей математики и математической статистики. (учебник для медицинских и фармацевтических вузов) М., «ГЭОТАР - МЕД»; 2008

  4. Гланц С. Медико-биологическая статистика – М.:Практика,1999.

  5. Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.

Бақылау:

Студент төмендегі сұрақтарға жауап беруі, «Бақылау-өлшеуіш құралы» жинағындағы сауалнамалық тапсырмаларды және ситуациялық есептерді шығара алуы тиіс.


Сұрақтар:

  1. Нөлдік және балама жорамалдардың анықтамасын беріңіз.

  2. Орта мәндердің теңдігі жөніндегі жорамалды тексеру кезіндегі нөлдік жорамалды атаңыз.

  3. Критикалық аймақ, критикалық нүктенің анықтамаларын беріңіз.

  4. Жорамалды қабылдау аймағының анықтамасын беріңіз.

  5. Критерийдің статистикасы мен статистикалық критерий түсініктерінің айырмашылығы неде?

  6. Орта мәндердің теңдігі жөніндегі жорамалды тексеру кезінде қандай критерий қолданылады?

  7. Қалыпты таралудың түрі жөніндегі жорамалды тексеру кезіндегі нөлдік жорамалды атаңыз.

  8. Таралудың түрі жөніндегі жорамалды тексеру үшін қандай статистикалық критерий қолданылады?

  9. Жорамалды қабылдаудың критикалық аймағын атаңыз.

  10. Стъюденттің t-критерийін қолдану ерекшеліктері.

  11. Параметрлік критерийлерді атаңыз.

  12. Параметрлік критерийді қандай жағдайларда қолдану керек?

6 тақырып: Манн – Уитни критерийі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет