Мақсаты: N-өлшемді кеңістікте сызықтық тәуелділік, векторлардың тәуелсіздігі және таралуы туралы жалпыланған білімі.
Тапсырма: Келесі сұрақтарға жауап бере отырып тақырыпты меңгеру:
n – өлшемді вектор және n – өлшемді векторлық кеңістіктегі анықтамасы.
Нөлдік вектор ұғымы.
Тең векторлар анықтамасы.
Векторлардың қасиеттері және оларға қолданылатын амалдары.
Векторлардың скаляр көбейтіндісі және қасиеттері.
Вектордың модулінің анықтаамсы және екі вектор арасындағы бұрыш.
Ортогональ векторлардың анықтамасы.
Векторлардың сызықтық комбинациясы туралы ұғым.
Векторлардың сызықтық тәуелсіз жүйесі және олардың қасиеттері.
Векторлардың жүйесінің рангісі және базисінің анықтамасы.
Векторларды базисі бойынша жіктеу.
Ортогональ базиста векторларды жіктеу.
Орындалу формасы: Реферат.
Орындалу критериясы:
Рефератты орындау мен безендіруге қойылатын талаптар:
Реферат көлемі 5-8 баспа беттен аспауы керек. (қосымша жұмыстар реферат көлеміне кірмейді)
Рефератты дайындағанда 8-10түрлі әдебиет көзі пайдалануы керек;
Реферат сауатты орындалуы қажет, мазмұндау мәдениетін ұстану қажет.
Мазмұнын баяндағанда қоладныған әдебиетке сілтеме болуы керек;
Библиографияны дұрыс жазу;
Реферат құрылымы: титулды парақ, мазмұны, кіріспе(зерттелетін мәселенің мәні, мақсаты, міндеті айтылуы керек), негізгі бөлім (бұл бөліктің әр бөлімі дәлелді түрде мәселенің мағынасын ашады, бұл бөлімде кестелер, сызбалар, графиктер келтірілуі мүмкін) қорытынды (реферат тақырыбы бойынша жалпыланған қорытынды беріледі, ұсыныстар айтылады) әдебиет тізімдері.
Достарыңызбен бөлісу: |