«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 130.91 Kb.
Дата28.06.2016
өлшемі130.91 Kb.
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы «__»

№ қаулысымен

бекітілген

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган).

4. Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы:

1) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық);

2) уәкілетті орган.

5. Оңалтудың жеке бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамның күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж:


  1. жасы он сегізден асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектер;

  2. психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалар немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар;

3) жалғыз ілікті бірінші, екінші топтың мүгедектері мен қарттар қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар көрсетілетін қызметті алушы болып табылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін уәкілетті органда тіркеген күннен бастап он жеті жұмыс күні ішінде;

  1. көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген күні сол жерде

құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ шекті уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) көрсетілетін қызметті алушыға өтініш білдірген күні қызмет көрсетудің шекті ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

8. Көрсетілетін қызметті алушы алатын мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектерге медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауапты жеткізу:


  1. уәкілетті органға өтініш білдірген кезде – көрсетілетін қызметті алушының жергілікті жеріндегі уәкілетті органға өзі барған кезде не пошталық хабарлама арқылы;

  2. орталыққа өтініш білдірген кезде – қызметті алушының жергілікті жеріндегі орталыққа өзі барған кезде қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алу үшін өтініш білдірмесе, орталық бір ай бойы оның сақталуын қамтамасыз етеді.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті органда:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі;

2) орталықта:

демалыс және Заңда белгіленген мереке күндерін қоспағанда күн сайын үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, орталықтың филиалдары мен өкілдіктері үшін жұмыс кестесі сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін белгіленді.

Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады.


  1. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін көрсетілетін қызметті алушы

уәкілетті органға немесе орталыққа жазбаша өтініш береді, ал кәмелеттік жасқа толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (баланың ата-анасының біреуінің, қорғаншының, қамқоршысының) осы стандартқа 2 немесе 3-қосымшаға сәйкес нысандары бойынша жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның қолхатын мына құжаттармен бірге ұсынады:

  1. жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжат;

2) ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушінің (тұтынушының) тіркеу нөмірі туралы куәлік және көрсетілетін қызметті алушының әлеуметтік жеке коды қосымша ұсынылады;

3) заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

4) кәмелеттік жасқа толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – қамқоршы немесе қорғаншы тағайындау туралы жергілікті атқарушы органның шешімі;

5) мүгедектігі туралы анықтама (қарттар үшін талап етілмейді);

6) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша

медициналық карта;

7) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

8) 18 жастан асқан адамдар үшін – сотың адамды әрекетке қабілетсіз деп тануы туралы шешімі (болған кезде);

9) зейнеткерлік жасындағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлік;

10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысы қатысушысының, мүгедегінің және оларға теңестірілген адамдардың мәртебесін растайтын куәлік;

11) дербес деректері бар жеке тұлғаның немесе оның заңды өкілінің осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерін жинауға және өңдеуге берген келісімі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылуға жатады.

12. Мыналар:

1) уәкілетті органға өтініш білдірген кезде – көрсетілетін қызметті алушының тіркелген және мемлекеттік қызметті алаған күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;

2) орталыққа өтініш білдірген кезде – қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), өтініш берген күні және уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілген қолхат көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакеті қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

13. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда орталықтың немесе уәкілетті органның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

14. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:


  1. ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың жалған болуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының медициналық-әлеуметтік ұйымдарда (мекемелерде) арнаулы әлеуметтік қызмет қабылдауға қарсы көрсетілімдердің болуы негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

  1. уәкілетті органның, орталықтың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің басшысына тікелей. Азаматтарды қабылдау кестесі мына интернет-ресурстарға: http://www.enbek.gov.kz; www.con.gov.kz орналастырылған;

  2. облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерінің, облыстың, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, орталықтар басшысының блогына;

  3. жазбаша шағыммен уәкілетті органның, орталықтың, облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппаратының кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

16. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру себебі және талаптары көрсетіледі.

17. Жазбаша шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдау күні мен уақыты және шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

18. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

19. Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде хабарланады.

20. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере

отырып қойылатын өзге де талаптар
21. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады;

22. Консультативтік қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы call-орталығының (1414) телефоны арқылы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі call-орталығының (1411) телефоны бойынша көрсетіледі.


______________________________

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша
Нысан
_________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ)

_________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)



Хабарлама
___________________________________________________________,

(уәкілетті органның/орталықтың атауын көрсету)

медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге берген Сіздің өтінішіңіз бен құжаттар пакетіңізді қарап, мынаны (қажетін таңдау) хабарлайды:


  1. Сіздің құжаттарыңыз ресімделді және 20___ жылғы «___» ______________* бастап медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұсынылатын болады.

  2. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеуден мына себеп бойынша (себебін көрсету):

_______________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бас тартылады.

____________________________________ _________________

(уәкілетті орган/орталық қызметкерінің ТАӘ) (қолы)

* медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеген күннен бастап ______ жұмыс күні ішінде ұсынылуға тиіс.


____________________________

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша
Нысан
Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысы ______________________________________________

(Жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы органның уәкілеттігі берілген мемлекеттік ұйым басшысының ТАӘ)

Жеке басын куәландыратын құжат № _____________

«___» _________ ___ жылы берілген

Тіркелген жері _________________________________________________

Тұратын жері ________________________________________________

Туған жері ____________________________________________________

Туған күні «___» _________ _____ жылы


Жәрдемақының түрі мен мөлшері ____________________________________

Мүгедектік санаты ______________________________________________

Туыстары (заңды өкілдері) _______________________
                                   (туыстық қатысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын

мекен жайы, байланыс телефоны)



ӨТІНІШ

_________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ)

стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж болғандықтан, ____________________________________________________

медициналық-әлеуметтік мекемеге тұрақты/уақытша (керегін сызу) тәулік бойы тұруға қабылдауды сұраймын.

     Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

1) ________________________    2) _____________________________

3) __________________________    4) _____________________________

5) __________________________    6) _____________________________

7) __________________________    8) _____________________________

9) __________________________    10) ____________________________
      Медициналық-әлеуметтік мекемеге қабылдаудың, онда ұстаудың, одан ауыстырудың және шығудың шарттарымен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстым.

20___ жылғы «___» __________ ____________________________________

(Өтініш иесінің ТАӘ және қолы)      

Құжаттарды қабылдаған ___________________________________________

                                   (ТАӘ, лауазымы, қолы)

20___ жылғы «___»______________

_____________________________________

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша
Нысан
Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысы ______________________________________________

(Жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы органның уәкілеттігі берілген мемлекеттік ұйым басшысының ТАӘ)


                                    

ӨТІНІШ

_____ жылы «__» _________ туған, ___________________________________

мекенжайы бойынша тұратын ______________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ)

жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж болғандықтан, _____________________________________________

(жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның атауы)

күндіз болуға қабылдауды сұраймын.

     Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын: 

1) __________________________   2) _____________________________ 3)__________________________    4) _____________________________ 5)__________________________    6) _____________________________ 7)__________________________    8) _____________________________ 9)__________________________    10) ____________________________

     


        Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдаудың, онда болудың, одан шығарып тастау және шығудың шарттарымен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстым.

20___ жылғы «___» __________ ____________________________________

(Өтініш иесінің ТАӘ және қолы)      

Құжаттарды қабылдаған ____________________________________________

                                   (ТАӘ, лауазымы, қолы)

20___ жылғы «___»______________

_____________________________

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша
Нысан
МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА     ____________________________________________________
(медициналық ұйымның аты)
Т.А.Ә. _________________________________________________________

Туған күні «___» __________ ______ жыл

Үйінің мекен жайы _____________________________________________________

Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулары жөнінде, дәрілік препараттарды, азық-түлікті көтере алмаушылық және тағы басқа)

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Медициналық тексеру (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығы туралы мәліметтерді көрсету қажет):

хирург ____________________________________________________________
__________________________________________________________________
невропатолог_______________________________________________________
__________________________________________________________________
психиатр__________________________________________________________
__________________________________________________________________
окулист____________________________________________________________
__________________________________________________________________
отоларинголог______________________________________________________
__________________________________________________________________
дерматовенеролог___________________________________________________
__________________________________________________________________
фтизиатр__________________________________________________________
__________________________________________________________________
терапевт/педиатр____________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды:_________________________
__________________________________________________________________

Көрсеткіштер бойынша:

Стоматолог

_________________________________________________________


эндокринолог ________________________________________________________
кардиолог ___________________________________________________________
ортопед _____________________________________________________________
нарколог ____________________________________________________________
онколог _____________________________________________________________
гинеколог ___________________________________________________________
Зертханалық зерттеулердің нәтижелері:

Қанның жалпы анализі ______________________________________________



мерзімі, нәтижелері

Зәрдің жалпы анализі____________________________________________



мерзімі, нәтижелері

нәжіс жұғындарын гельминттер жұмыртқасына паразитологиялық зерттеу __________________________________________________________________



мерзімі, нәтижелері

нәжіс жұғындарын ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу

__________________________________________________________________

мерзімі, нәтижелері

Дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағасының қорытындысы:

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болу үшін медициналық қарсы

көрсетілімдер бар ма)


М.О.
Медициналық ұйымның басшысы: ____________________________________

(ТАӘ, қолы)


20___ жылғы «___» ____________

__________________________

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

5-қосымша


Нысан


Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

ЖСН: ____________________________

Өтініш берушінің ТАӘ: __________________________________________

Туған күні: ______ ж. «____» _____________


«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

20 ____ ж. «____» ___________ Өтініш берушінің қолы ________________

______________________
«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

6-қосымша


Нысан
___________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ)

___________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)


Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) ______________ немесе уәкілетті орган _______________ (атауын көрсету) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ….


ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

_______________________________________ __________________

(орталық немесе уәкілетті орган қызметкерінің ТАӘ) (қолы)
Тел._____________

Алдым: ________________________________ ____________________



(көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ) (қолы)
20 ____ ж. «____» ___________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет