Медициналық көмектің сапасы


Сапалы медициналық көмектің негізгі сипаттамасы



бет2/3
Дата19.05.2023
өлшемі2.15 Mb.
#473968
1   2   3
190548.pptx 2

Сапалы медициналық көмектің негізгі сипаттамасы:

Медициналық көмектің қол жетімділігі (тең
құқықтық) – ұсынылған медициналық көмектің сапасына қарай емделушінің жынысы, жасы, ұлты, тұрғылықты жері,әлеуметтік-экономикалық статусы, діни сеніміне байланысты айырмашылығы болмауы тиіс. Денсаулық сақтаужүйесі белгілі бір топқа ғана емес, барлық адамға бірдей көмек көрсетуге арналған. Медициналық көмекке қол жеткізу құқығын айтарлықтай деңгейде жүзеге асыратын механизм оның стандарттығы болып табылады. Медициналық стандарттар (ауруларға хаттама толтыру) әртүрлі емдеу-алдын алу ұйымдарында көмек көрсету ерекшеліктері мен қаражаттың шектелуін түсіне отырып құрылады, сондықтан оған қажетті көмектің төменгі деңгейі кіреді.
Медициналық көмектің жоғары сапалалығына жету үшін мынадай шарттарды орындау міндетті:
жоғары білікті кадрлар;
• жоғары технологиялық ем мен диагностика түрлерін қолдану;
• басқарушылық есеп негізінде емдеу-диагностикалық үрдісті ақпаратпен қамтамасыз ету;
• қолма-қол автоматтандырылған ақпаратты-техникалық ке-шеннің болуы (аймақтық ақпаратты-сараптау орталығы);
• емделіп шыққандар үшін өркениетті (нақтылы) тарифтердің болуы;
Медициналық сақтандыру – медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігінің кепілі –сарапшысы.
Медициналық сақтандыру –қорланған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейтін халық денсаулығын қорғау жүйесі.Ол, медициналық жәрдемнің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты - міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен және медициналық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілденілген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет