Медициналық сұхбат,оның құрылымы. Емделушіні сұрау


Сұхбаттың принциптеріне келесілер жатады



бет2/4
Дата02.10.2024
өлшемі1.47 Mb.
#504228
түріСабақ
1   2   3   4
№10 сабақ Медииналық сұхбат, емделушіні сұрау ЛД ІІІ курс

Сұхбаттың принциптеріне келесілер жатады:

Сұхбаттың принциптеріне келесілер жатады:

1. Қойылған сауалдарға медициналық қызметкердің жасаған тұжырымы дәл, ашық, сәйкес және түсінікті болуы.

2. Бірізділік және адекватты, біркелкі болуы.

3. Алынған мәліметті тексеру мүмкіншілігі болуы.

Медициналық қызметкердің қойған сауалдары мен тұжырымдары дәл және тиісті,науқастарға түсінікті,арнайы терминсіз болуы керек. Олар аурудың тілі мен мәдениетіне, біліміне сәйкес келуі қажет. Сондықтан науқастың әлеуметтік статусы, білім дәрежесі, мәдениеті мен сөйлесу мәнері анықталады.

Интервьюдің бірізділігі дегеніміз, алдымен науқастың шағымдарына негізделіп, дерттің белгілерін құрастырып, онан соң бұзылыстарды және олардың себептерін анықтау. Ол үшін медициналық дерттің белгілерін,психологиялық әрекеттесу түрлерін және бұзылыстарын білу керек. Әр ауруда көптеген клиникалық белгілер болуына байланысты, олардың барлығының бар жоғын сұрастыру медициналық қызметкердің білгірлігінің төмен дәрежеде екенін көрсетеді, науқасты жалықтырып,шаршатады.

  • Интервьюдің бірізділігі дегеніміз, алдымен науқастың шағымдарына негізделіп, дерттің белгілерін құрастырып, онан соң бұзылыстарды және олардың себептерін анықтау. Ол үшін медициналық дерттің белгілерін,психологиялық әрекеттесу түрлерін және бұзылыстарын білу керек. Әр ауруда көптеген клиникалық белгілер болуына байланысты, олардың барлығының бар жоғын сұрастыру медициналық қызметкердің білгірлігінің төмен дәрежеде екенін көрсетеді, науқасты жалықтырып,шаршатады.
  • Медицина қызметкерінің келесі сауалдары аурудың әрекеттесу түрін бағалауға, бұзылыс дәрежесі мен себептерін анықтауға бағытталады. Бірізділік принципі бойынша науқасты ұқыпты түрде сұрастырып, аурудың белгілерінің даму ретін, оларға байланысты себептерін анықтау керек. Мұнда,аурудың баяндауын тәптіштеп, егжей-тегжейіне дейін толық тыңдап қадағалау, оқиғалардың соңғы нәтижесі, науқастың ойлары және олардың талқылауы маңызды роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет