Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған уақыт жазаны өтеу мерзіміне есептеле ме?



бет24/46
Дата28.12.2022
өлшемі450 Kb.
#468006
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
DOC-20221228-WA0000.

214. Қылмыстың көптілігінің нысандары:
А) қайталануы, жүйелілігі, қылмысты қасақана жасау;
В) қайталануы, бірнеше мәрте, жиынтығы, рецидив;
С) бірнеше мәрте, жиынтық, қайталануы;
Д) жүйелік, бірнеше мәрте, жиынтық, рецидив;
Е) қайталануы, жүйелік, рецидив.
215. Қандай жағдайларда қылмыс бірнеше мәрте жасалған болып саналмайды:
А) бұрын жасалған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіпте қылмыстық жауаптылықтан босатылса және ол үшін ескіру мерзімі өтіп кетсе;
В) бұрын жасалған қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен тұлға қылмыстық жауаптылықтан басатылса, соттылығы алынып тасталса немесе жойылса немесе қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі өтіп кетсе;
С) бұрын жасалған қылмысы үшін жауаптылықтан босатылса;
Д) егер тұлға бір ғана қасақана қылмыс жасаса;
Е) дұрыс жауап жоқ.
216. Қасақана қылмыс жасаудың сатыларының ұғымы:
А) ниетті қалыптастыру процесі;
В) ниетті қалыптастыру және жүзеге асыру процесі;
С) тұлғаның қылмыстық ниетін жүзеге асырудағы жеке сатылары;
Д) ниетті нысандаудан;
Е) дұрыс жауап жоқ.
217. Қасақана қылмыс жасаудың сатыларының түрлері:
А) ниеттің пайда болуы, оқталу, қылмыстың аяқталуы;
В) ниеттің пайда болуы,дайындалу, оқталу, қылмыстың аяқталуы;
С) дайындалу, оқталу, қылмыстың аяқталуы;
Д) ниеттің пайда болуы, дайындалу, қылмыстың аяқталуы;
Е) дайындалу, қылмыстың аяқталуы.
218.Алдын ала қылмыстық қызмет үшін өлім жазасын тағайындауға болады ма:
А) иә;
В) жоқ;
С) тек заңда көзделген ерекше жағдайларда;
Д) аса ауыр қылмыстар үшін;
Е) Егер ҚР Президентімен өлім жазасына мораторий жарияланбаса.
219 Қылмыс құрамының құрылысына байланысты қылмыс басталған сәтінен аяқталған болып саналады:
А) формальды;
В) келте;
С) материалды;
Д) келте, материалды;
Е) дұрыс жауап жоқ.
220. Қылмысқа қатысудың объективті белгілері:
А) екі немесе одан да көп адамның қылмысқа бірігіп қатысуы;
В) қылмысқа екі немесе одан да көп адамның қатысуы, бірлесіп қылмысты жасайды, бір қылмыстық нәтижесіне жету, қатысушылардың әрекеттерінде бір бірімен себептік байланыстың болуы;
С) қылмысқа екі немесе одан да көп адамның қатысуы, бірдей қылмыстық нәтижесі, қатысушылардың әрекеттерінде бір бірімен себептік байланыстың болуы, бір бірлерімен байланыста болуы;
Д) екі немесе одан да көп адамның қатысуы, бірдей қылмыстың нәтижесінің болуы;
Е) екі немесе одан да көп адамның қатысуы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет