103. Көрсетілген белгілердің қайсысы қылмысты жасаған тұлғаның қылмысқа деген психикалық көзқарасын бейнелейді:
А) тұлғаның жасы;
В) есі дұрыстық;
С) кінә;
Д) ниет;
Е) себепті байланыс.
104. Көрсетілген белгілердің қайсысы абайсызда жасалған қылмыс құрамының факультативті белгілері болып табылады:
А) қоғамға қауіпті әрекет;
В) қоғамға келетін зардап;
С) кінә;
Д) ниет;
Е) себепті байланыс.
105. Көрсетілген белгілердің қайсысы қылмыс құрамының кісі өлтірудегі міндетті белгілерінің бірі болып табылады:
А) қылмыстың жасалған уақыты;
В) қылмыстың жасалу жағдайы;
С) қылмыстың жасалу ниеті;
Д) қылмыстың жасалу орны;
Е) қылмыстың заты.
106. Өлім жазасы кімге тағайындалмайды:
А) кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге, 18 жасқа толмаған ер адамдарға, үкім шығару сәтіне 60 жасқа толған ер адамдарға;
В) жас балалы әйелдерге және үкім шығару сәтіне 65 жасқа толған ер адамдарға;
С) әйелдерге, 18 жасқа толмаған қылмыс жасағанға және үкім шығару сәтіне 65 жасқа толған әйелдерге;
Д) әйелдерге, 16 жасқа толмаған қылмыс жасаған тұлғаларға, сонымен қатар үкім шығару сәтіне 55 жасқа толған ер адамдарға;
Е) 18 жасқа толмаған қылмыс жасаған тұлғаларға, сонымен қатар үкім шығару сәтіне 60 жасқа толған ер адамдарға және жүкті әйелдерге.
107. Өмір бойы бас бостандығынан айыру кімге тағайындалмайды:
А) 16 жасқа толмаған қылмыс жасағандарға, сонымен қатар ер адамдарға үкім шығару сәтіне 65 жасқа толғандарға;
В) жүкті әйелдерге, сонымен қатар үкім шығару сәтіне 65 жасқа толған ер адамдарға;
С) әйелдерге, сонымен қатар16 жасқа толмаған қылмыс жасағандарға, үкім шығару сәтіне 60 жасқа толған ер адамдарға;
Д) әйелдерге, сонымен қатар 18 жасқа дейін қылмыс жасаған тұлғаларға, үкім шығару сәтіне 65 жасқа толған ер адамдарға;
Е) үкім шығару сәтіне 55 жасқа толған әйелдерге, сонымен қатар 18 жасқа дейінгі қылмыс жасағандарға.
Достарыңызбен бөлісу: |