210. Менмендікпен шектелген жазықсыз зиянның түсінігі:
А) тұлға әрекеттің қоғамға қауіптілігін ұғынбады және оның зардабының болатынын білмеді;
В) тұлға әрекеттің қоғамға қауіптілігін білді, бірақ оны болдырмаймын деп ойлады;
С) егер әрекет жасаған кезде қоғамға қауіпті зардаптардың пайда болуын алдын ала білген адам оны болғызбауға жеткілікті негізде сенген болса не өзінің психика-физиологиялық қасиеттерінің қысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуіне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға байланысты осы зардаптарға шамасы келмесе әрекет жазықсыз деп танылады;
Д) тұлға әрекеттің қоғамға қауіптілігін білді, бірақ оны жеткілікті негіздермен болдырмаймын деп ойлады;
Е) тұлға әрекеттің қоғамға қауіптілігін білмеді.
211. Немқұрайдылықпен шектелген жазықсыз зиянның түсінігі:
А) тұлға қоғамға қауіптің төнуін ұғынады, бірақ соны болдырмау үшін барлық шараларды қолданады;
В) тұлға қоғамға қауіп төнуін ұғынбайды және жағдайға байланысты оны ұғынуы мүмкін болмады;
С) тұлға қоғамға қауіптілікті ұғынбады, бірақ ұғыну үшін ешқандай шара қолданбады;
Д) тұлға әрекеттің қоғамға қауіптілігін білді, бірақ оны жеткілікті негіздермен болдырмаймын деп ойлады;
Е) тұлға қоғамға қауіптілікті ұғынады, оны болдырмаймын деп ойлады.
212. “Шектеулі есі дұрыстықтың” ұғымы:
А) есі дұрыстық пен есі дұрыс еместіктің арасындағы жағдай;
В) психикасының бұзылуы салдарынан өзінің әрекетін (әрекетсіздігін) іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауіптілігінін толық көлемінде үғына алмаған не оған ие бола алмаған;
С) психикалық ауытпаулығына байланысты тұлға өз әрекетіне есеп бере алмайды;
Д) өз жасына байланысты тұлға өз әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынбайды;
Е) дұрыс жауап жоқ.
213. Қылмыстың көптілігінің ұғымы:
А) бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы;
В) бір тұлғаның ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмай тағы да екі немесе одан да көп қылмыс жасауы;
С) бір адамның екі немесе одан да көп ауыр аса ауыр қылмыс жасауы;
Д) бір тұлғаның бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталып, тағы да қасақана қылмыс жасауы;
Е) бір тұлғаның бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталып, тағы да ауыр қылмыс жасауы.
Достарыңызбен бөлісу: |