Меңдігүл шындалиева


ШВ. Кабинетіне кіріп келе жатқан сәті. Тілші



бет27/76
Дата18.05.2022
өлшемі1.76 Mb.
#456877
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76
Шындалиева М.Б. Публ.жанрлары мен пішіндері

ШВ. Кабинетіне кіріп келе жатқан сәті.
Тілші: Өткен жылғы байқау бойынша үздік оқытушы деп танылған тағы бір ғалым Ұлжарқын Әбдіғаппарова болатын. Ұстаз-педагог қолына тиген соммаға атқаратын шаруаларын тиянақтап үлгерген. Биыл екі рет шетелге шығып, арнайы семинарларға қатысуды жоспарлап отыр. Одан бөлек өзі еңбек етіп жүрген қазақтың қолданбалы сәндік өнері саласы бойынша жинақтар мен монографияларды баспаға өткізбекші.
СНХ. Ұлжарқын Әбдіғапбарова - Педагогика ғылымдарының докторы, 2009 жылдың үздік оқытушысы 01 48 50 01 48 50 Менің шығара алмай жүрген кітаптарым бар. Қазақтың сәндік қолданбалы өнері туралы, кітаптар көптен бері қаржы тапшылығына орай баспаға жетпей жатыр. Сол сияқты педагогикалық талай еңбектерді студенттерге оқулық ретінде жеткізгім келеді. Міне осыған бұл грант үлкен жол ашпақ.
ШВ: 01 31 15 Дүниежүзінде өз тілін білмейтін бір-ақ ұлт бар екен. Ол-қазақ, ұят қой, балалар!
Тілші: Жоғары оқу орындарының оқытушылық құрамын қолдау гранты соңғы бес жылда үздіксіз беріліп келеді. 2008 жылы осы конкурстың жеңімпазы атанған ұлағатты ұстаз Гүлтас Құрманбай болатын. Грант иегері өткен жылы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, ғылыми потенциалын арттыруға мол мүмкіндік алған. Гүлтас Сайынқызы «жылдың үздік оқытушысы» грантына 30-дан астам жеке еңбегін жарыққа шығарған.
СНХ: Гүлтас Құрманбай – ҚБТУ Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, 2008 жылдың үздік оқытушысы. Абай айтқан «Көңілде алаң басылса» деп. Мұнда көңілге алаң басылса дегені-қаражат. Яғни қарны аш болса, ол қандай керемет дүние туғызады. Егер оның қаражаттық қолдауы болса, шығармашалық жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Тілші: Оқытушының еңбектері Монғолия, Қытай, Түркия, Әзірбайжан елдерінің тілдерінде жарық көрген. Яғни осы мемлекеттегі этникалық қазақтардың ана тілін меңгеруіне арналған тіл ұстарту құралдары мемлекеттік қаржының қолдауымен басылды, дейді ғалым.
СНХ: 01 36 20 Гүлтас Құрманбай – ҚБТУ Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, 2010 жылдың үздік оқытушысы: Біз бинесмен емеспіз. Жалғыз ақыл-оймен жұмыс жасаймыз. Бізге көлденең табыс деген болмайды. Оқытушыларға осындай көмектің болуы жақсылықтың нышаны деп ойлаймын.
Тілші: Жоғары оқу орнының үздік оқытушысын тағайындау жөніндегі республикалық конкурсқа жыл сайын 200 грант бөлінеді. 2010 жылы байқауға 144 жоғары оқу орнынан барлығынан 900 үміткер қатысқан. «ЖОО-ның 2009 жылғы үздік оқытушысы» атты республикалық байқаудың басты мақсаты - педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасау. Байқау жеңімпазы атанған әрбір оқытушыға 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 2 млн. 800 мың теңгеден астам қаржы беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет