Меңдігүл шындалиева



бет43/76
Дата18.05.2022
өлшемі1.76 Mb.
#456877
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76
Шындалиева М.Б. Публ.жанрлары мен пішіндері

Радиодағы корреспонденция – «өмір бөлігінің» суреттелуі, ол сараптамалық жоспармен маңызды тақырыпты арқау етіп, белгілі бір мәселе туралы деректер нақты, дәл материалдан құралған жанр. Корреспонденцияда мақалаға қарағанда дедукция - синтез тәсілі қолданылады, проблеманың шешілуі жекеден жалпыға қарай жүзеге асырылады. Корреспонденция деректер тобына талдау жасайды. Бұл деректердің суреттелуімен, олардың сараптамасы және соған қатысты қорытындылар арқылы жасалады. Мұнда маңызды рөлді жеделдік, тақырыптың дәлдігі, анық адрес атқарады.
«Корреспонденция» өзінің мағынасы жағынан көлемді. Бұл адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасуы немесе мекемелерде (хат, пошта-телеграфтық ақпараттар) және ең соңында тілшінің жіберген хабарламалары. Оның қызметі белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде өтіп жатқан жағдайлар туралы нақты әңгімелеу. Өтіп жатқан жағдайларды әдістеу, әртүрлі ақпарат көздері арқылы мәлімет жинау, ең маңызды және мәні бар деректерді іріктеу, істің мәнін ашу, оны суреттеу, адамдардың берген мәліметтері, көрген-естігендерін журналистің жағдайды зерттеу кезінде ұсыныс жасаған адамдардан жазып алу, бәрін көркемдеп бір мәтін етіп жазу – корреспонденцияның шарты. Ақпараттық радиокорреспонден-цияның қарапайым түрі жағдайды нақты дәлелдермен хабарлау. Мұндай мәліметтер жаңалықтарда жиі айтылады. Ақпараттық бағдарламаға деректерді қатаң түрде таңдап алуды талап етеді. Барлық қосымша ақпараттар өткен жағдайды нақты ашып, тыңдаушыға нақты, толық ақпарат беруге көмектесуі қажет. Жаңалықтарда журналист әр кезде нақты ақпарат көздеріне сүйенеді. Радиокорреспонденцияда өткен жағдай жөнінде журналист немесе куәгер болған оқиғалардың ізін суытпай жұмыс атқарады. Бұл жерде халықтың ой-пікірі, магнитофон жазбасы құжатты мәліметтің негізін түрлендіре түседі. Корреспонденцияда тек қана принцип қымбат емес, сонымен бірге, мәліметті ашу, оны іріктеу, монтаждау үлкен рөл атқарады. Авторлық мәтін бұл компоненттерді біріктіреді және бір мезетте үлкен мағыналы, қажетті жүк ретінде көтереді. Ақпараттық корреспонденция нақты мақсаттарға қарағанда репортаждың немесе суреттеу мазмұнын иемденеді, бірақ кез келген жағдайда мәліметтің негізін ақпараттық толықтырулар құрайды. Нақты уақытқа корреспонденция әрқашан да байланысты емес. Оның пайда болуына уақытқа әртүрлі бағынушылықтар әсер етуі мүмкін.
Радиокорреспонденция репортаж бөліктерімен сұхбат, комментарий, бейнелер арқылы қосылады. Жиналған мәліметтер, болып жатқан жағдай мазмұны журналистің жазуы арқылы баяндалады. Ақпараттық корреспонденция жағдайды суреттей отырып, автордың оқиғаны өзіндік бағалауымен ерекшелінеді. Олар нақты мәліметтерді логикамен байланыстырады, болған жағдайды толығымен елестетуге көмектеседі.
Мәліметтер жүйесі жан-жақты тақырыпты ашуға мүмкіндік береді. Журналистің көзқарасының дұрыс-бұрыстығы тыңдарман-дардың берген бағасымен анықталады. Кейбір жедел хабарламалар асығыс түрде дайындалады, мұндай жағдайда журналист мәтін мазмұнына ұқыпты, тиянақты болуы керек, өйткені тілдік, стильдік қателер кетуі мүмкін.
Радиодағы корреспонденцияның түрлері мынадай:

  1. Радиодағы ақпараттық корреспонденцияда материалдың кең ауқымда қарастырылуы жағдайға байланысты тақырыптың дамуымен ерекшеленеді.

  2. Радиодағы сараптамалық корреспонденцияда суреттеліп отырған құбылыстың, оқиғаның себептері ашылады.

  3. Радиодағы қойылымдық корреспонденцияда күнделікті, маңызды жағдайды, деректің сараптамасы мен синтезі негізінде жасалады.

  4. Радиодағы ойшыл корреспонденцияда журналист оқырманмен бірге сараптама жасайды, сәйкестендіреді, теңестіреді, күллі деректер тізімін бағалайды. Егер мақаланың құрылысы екінші қатарда болса, корреспонденцияның құрылысы – спецификалық болып табылады. Оның ішіне: рубрика, бастапқы тақырып, бастапқы жолдар, басты материалға дайындық, негізгі бөлім және соңы кіреді. Рубрика арқылы корреспонденцияның сипатын анықтауға болады. Бұл жанр түрлерінің басты материалға дайындығы әртүрлі болады: сюжеттік, ақпараттық, проблемалық.

Телекорреспонденция (бағдарлама) өзге талдамалы публицистика жанрлары сияқты телевидениеге газет пен радиодан келді. Бірақ, бұл термин телевидениеге сіңісе алмады. «Корреспонденция» орнына телевидениеде «бағдарлама» термині кең көлемде қолданылады.
Біз үшін бұл жанрдың өзіндік ерекшеліктерін тану маңызды. «Корреспонденция» очерктегі көркемдікке бармай-ақ, газеттегі «корреспонденция» секілді дәлелденген, сұрыпталған деректерді көрерменге ұсынады. Бұл жанр маңызды мәселені талдап, өңдеп барып, онысын көрерменге өте шағын көлемде ұсынады. Корреспонденция тақырыбы шексіз: ауыл шаруашылығы, өнер, кәсіпкерлік, тапқырлық, халықаралық хабарлар т.б.
Хабарлама таратуда жеке адамды көпшілік алдына алып шығатын телевизиялық публицистика жанры ішіндегі корреспонденция бұқараны толғандыратын, күрделі мәселелерді зерттеумен айналысатын бағдарламаларда жиі қолданылады. Түптеп келгенде, телевизиялық корреспонденция газет-журналдардағы корреспонденция мен проблемалық мақалалардың экранға көшкен түрі.
Телевизиялық корреспонденция авторы-тілші кадрдан тыс қалса да өзінің жанрлық белгілерін жоғалтпайды. Жоғалтпайтын себебі, мұндай мәтіндерді автордың өзі оқиды. Шындығында, телеэкрандағы корреспонденцияның екі толыққанды авторы болады. Олар: әдеби қызметкер мен оператор (бұлардың екеуі де журналист деген атауға лайық). Мұнда сөзден бөлек, көркемдік бейненің берілуі де маңызды. Бірақ, шетелдік телекорреспонденция бұл заңдылықтарға қарап жатпайды. Олар сөздік аспектіге басымдық береді де, көшенің бойында тұрып-ақ айтарын жұртшылыққа жеткізуді жөн көреді.


Шолу
Шолудың жанр ретінде қалыптасып, дамуы ХІХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Тарихшы және журналист Н.М.Карамзиннің «Вестник Европы» (1802-1803ж.ж) еңбегіндегі саяси шолу жанры сол кездегі орыс қоғамына сілкініс әкелген құбылыс болды. Декабрист жазушы А.А.Бестужевтің шолулары сол заманда көп оқылған екен. Көптеген шолудың түрлерін В.Г.Белинский, Н.А.Добралюбовтің еңбектерінен кездестіруге болады. Өткен мыңжылдықтың ұлы сыншылары Н.А.Добролюбов, В.Г.Белинский шолу жазып қана қоймай, өздері осы жанрдың теориялық негізін жасады. «Отечественные записки» журналындағы жылдық шолулар сол кезеңдегі ерекше құбылыс деп бағаланды. ХІХ ғасырдың шолу еңбектері талантты және даралық сипатта болған. Алайда, өткен ғасырдағы шолудың бір ерекшелігі болды, олар өздерінің белгілері бойынша журналдық шолу болып есептелді.
Журналистік мамандықтар қатарында репортерден, коммента-тордан кейінгі орынды шолушы алады. Бұл қызметтің болуына телевизия тәжірбиесіндегі жанрдың спецификалық берік қабылдануына тікелей қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет