«Мәңгілік Ел» қайраткерлері. XX ғасыр» атты құжаттық көрмесінің тұсаукесері



Дата04.03.2016
өлшемі22.1 Kb.
«Мәңгілік Ел» қайраткерлері. XX ғасыр» атты құжаттық көрмесінің тұсаукесері
2014 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мәңгілік Ел» қайраткерлері. XX ғасыр» атты құжаттық көрмелер сериясының алғашқы, құрметті миссиясына ие болған «Өнер» – құжаттық-көркем көрмесінің тұсаукесері өткізілді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде және Қазақстан халқына жолдаған жолдауларында мәдениетті мемлекеттік қолдауды және өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай бейнелерді тауып, сомдаудың қажеттілігі туралы бірнеше мәрте айтқан еді. Қазақ мәдениетінде мұндай кейіпкерлер аз емес. Осыған байланысты тарихи-мәдени мұрамызды жаңа «Мәңгілік ел» пішімінде одан әрі де сақтап, әйгілеу өзекті мәселеге айналып отыр.

Көрмені ҚР Президенті Мұрағатының директоры Борис Әлікенұлы Жапаров ашты. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының әлемнің 30-дамыған елдерінің қатарына кіру мақсатының табысты жетістіктеріне Қазақстан халқын, оның бай мәдени мұрасы мен шығармашылық потенциалын нығайтуға шақыратын «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруда өнердің ерекше орын алатындығын және көрменің негізгі тақырыбы халықтың мәдени құндылықтарын сақтау және көбейту мақсатымен бейнелеу өнерін дамытудағы мемлекеттің рөлі, ұрпақтар байланысы мен дәстүр сабақтастығы болып табыладығын атап өтті.

Сондай-ақ құттықтау сөз сөйлегендер – Сабыр Әбдірасылұлы Мәмбеев, Қазақ КСР-нің халық суретшісі, Қазақ КСР суретшілер Одағының төрағасы (1952–1962 жж., 1968–1983 жж.) және ҚР Суретшілер Одағы басқармасының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, профессор Байтұрсын Есжанұлы Уморбеков. Олар Қазақстанның бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуында, әсіресе алғашқы кезеңде Суретшілер Одағының рөлі баға жеткізсіз екендігін атап өтті. Одақ орталық мемлекеттік және партия органдарының қолдауымен республикада бейнелеу өнері үшін жағдайлар туғызды, қоғамда оның беделі мен мәртебесін көтерді.1933 жылы Қазақстан Суретшілер Одағының ұйымдастыру комитеті құрылды, оның бірінші төрағасы болған – Әубәкір Ысмаилов. Қазіргі күнге дейін бейнелеу өнерінің мұрагерлік дәстүрі сақталуда. Қазақстанның суретшілері өз шығармашылықтарын сонау ХХ ғасырдың басында қаланған дәстүрлерге сүйене отырып, жұмыстарын жалғастыруда.

Көрмеде атақты халық суретшілері Әбубәкір Ысмаиловтың, Сабыр Мәмбеевтің, Хамза Қиқымовтың, Гүлбарам Ысмаилованың шығармалары, сондай-ақ О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің жас суретшілерінің ең үздік жұмыстары ұсынылды. Суреттер экспозициясын ҚР Президентінің Мұрағаты қорынан Қазақстан Суретшілер Одағының құрылуы мен қызметі жайлы құжаттар көрмесі және өзге де материалдар қостады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған көрменің тұсаукесеріне әр саланың мамандары гуманитарлық білім, тарихшылар, суретшілер, өнертанушылар, сондай-ақ колледж қатысушылары мен Жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.



 








Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет