«МӘҢгілік ел» идеясын білімді де білікті және бәсекелестікке қабілетті мамандар іске асырады хожин Гамиль Хожаұлы



жүктеу 79.25 Kb.
Дата19.06.2016
өлшемі79.25 Kb.
ЖОҚ 378:620.9 (574)
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫН БІЛІМДІ ДЕ БІЛІКТІ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДАР ІСКЕ АСЫРАДЫ
Хожин Гамиль Хожаұлы

Қазақстан, Алматы қ., Алматы энергетика және байланыс университеті, профессор


Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында көрсетілгендей Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру және «Нұрлы жол» бағдарламасын орындау үшін жоғары сапалы білімді де білікті, бәсекелестікке қабілетті өз халқының қамын ойлайтын, басқа ұлттардың әдет-ғұрыптарын, мәдениеттерін сыйлай білетін, еліміздің гүлденуіне жауапкершілік сезіммен қарайтын мамандарды дайындаудың және «Мәңгілік Ел» идеясын орындаудың кейбір негізгі мәселелері қарастырылған.
Түйін сөздер: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдаулары, «Нұрлы жол», білімді де білікті, бәсекелестікке қабілетті мамандарды дайындау, жаңа технология, «Мәңгілік Ел».
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында (11.11.2014 ж) Қазақстанның «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты туралы жариялады. «Нұрлы жол» экономиканы әрі қарай қайта құрылымдауға бағытталатын болады. Нақты айтқанда, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады» - деп нақты атады [1].

Елбасы бұл Жолдауында халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайын одан әрі дамытуды ең басты мәселе деп көрсетті. Ол үшін білім мен ғылымды жоғары деңгейде қолданатын бағдарлама ұсынылып отыр. Бұл Елбасының адам капиталын дамытуға бағытталған көреген саясатының жарқын көрінісі. Соның нәтижесінде Қазақстан «Мәңгілік Ел» - жалпы ұлттық идеясына топтасқан әлемдегі бірден-бір жоғары деңгейде дамыған, жаңа экономикалық, саяси, рухани мазмұнмен толықтырылған Ел болатындағы анықталған.

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру үшін заман талабына сәйкесті білімді де білікті және бәсекелестікке қабілетті мамандарды дайындау қажет. Сапалы білім беру және білікті мамандар дайындау мәселелеріне байланысты Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында (11.11.2014ж) – «Индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысты қамтамассыз етілетін 10 жоғары оқу орындарын (ЖОО) анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 мллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық – техникалық базасын қалыптастыруды тапсырамын» - деп анық атады [2].

ҚР Президенті өзінің Жолдауларында «Ең негізгі мақсат – барлық деңгейдегі білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыру және жаңа сатыға көшіру, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін әлемдік деңгейге шығару және осы инновациялық үрдістерге қосу» - деп айқын көрсетті. Бұл Елбасының адам капиталын дамытуға бағытталған саясатының тағыда бір құнды көрінісі [1,2].

Елбасы өзінің Жолдауларында «Назарбаев Университеті төңірегінде трансферат пен жаңа технологиялар құруға ықпал ететін инновациялық-интелектуалдық кластер қалыптасуы тиіс» - деп атап өткен еді. Сонымен қатар, Н.Ә.Назарбаев мемлекет, бизнес, білім және ғылымның тығыз байланысына негізделген инновациялық жүйесін құру керектігін атап өтті.

Осы мәселелерге байланысты білім және ғылым министрлігі алқа отырысында жоғары оқу орындарында мамандарды дайындау стандартын қайта құру, бітірушілерді сертификаттау, біліктілікті арттыру жүйесі сияқты өзекті де ауқымды проблемаларды шешуді талқылады. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету бағытында біркелкі жұмыстар атқарылып жатқанын және «Ғылым туралы», Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектебі және Назарбаев Қоры мәртебесі туралы жаңа заңдар қабылданғанын халыққа жеткізді. Яғни, білім және ғылым жүйесінің құқықтық базасының толық жаңартылғанын жариялады.

Жоғарыда көрсетілгендей ауқымды және күрделі мәселелерді шешуге Алматы энергетика және байланыс университетінің «Электр станциялары, тораптары және жүйелері» кафедрасы білім, ғылым және өндіріс мәселелерін зерттеуде біркелкі жұмыстар атқаруда.

Мысалы: 2000 – 2014 жылдары мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы ретінде өндірістерден жоғары білімді, білікті де мамандар шақырылды. Олар: Исмухамбетов Г.Ж (АҚ «АлЭС» бас инженері), Уақасов Т.Е (№2 ЖЭО-ның электр цехының бастығы), Кубегенов М.Е (АҚ Алматы Жарық компаниясының жабдықтарды пайдалануды басқаратын директор), Аймұратов Д.Б (№1 ЖЭО-ның электр цехы бастығының орынбасары) және т.б.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде ұсынған «Электр станциялары мен қосалқы станциялар» (1198, 2002, 2014 жылдары) және «Электроэнергетика» (2011 ж) пәндерінен мемлекеттік тілде тұңғыш оқулықтар басылып шықты (авторы профессор Хожин Г.Х). Сонымен қатар, энергетикалық мамандықтар үшін арнайы пәндерден 90 астам оқу құралдары, дәрістер жинағы және оқу әдістемеліктері қазақ тілінде басылып шықты.

Соның ішінде:



  • «Электроэнергетика» мамандығы бойынша орысша – қазақша сөздік, оқу құралы, авторлары профессор Хожин Г.Х және профессор Леньков Ю.А. Алматы, 2009ж., 297 б.;

  • «Электр тораптары мен жүйелерін есептеу және жобалау» дәрістер жинағы, авторлары Сажин В.Н., Хожин Г.Х., Оржанова ж.К., Алматы, 2010 ж., 50 б.;

  • Хожин Г.Х., Жайнарбеков Р.Т. Опыт использования управляемого реактора «ЛЭП – 500 кВ Север – Юг» в Казахстане. Статья, «Творчество молодых – инновационному развитию Казахстана», Материалы XI Республиканской научно – технической конференции молодых ученых и студентов, посвященной 20-летию Независимости Республики Казахстан, 21,22 апреля 2011г, часть 1, КарГТУ, Караганда, 2014г.

  • Хожин Г.Х., «Астана «ЭКСПО – 2017» - бүкіләлемдік жетістіктер көрмесін электр энергиямен үздіксіз қамтамассыздандыру шаралары», статья, Труды международной научно – практической конференции «Наука, образование и производство – ведущие факторы стратегии «Казахстан – 2050», (Сагиновские чтения №6), 26-27 июня 2014г, часть 1, КарГТУ, Караганда, 2014г.

2014 жылдың 11-12 сәуірінде Алматы энергетика және байланыс университеті 6 – рет (2009 – 2014 ж.ж) «Электроэнергетика» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадасын өткізді. Бұл олимпиадаға қатынасушылардың жұмыс орындалуларының нәтижесінде команда біріншілігі (10 ЖОО-нан 27 студент қатынасты):



  • 1 орын – Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қаласы;

  • 2 орын – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы;

  • 3 орын – Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті, Ақтау қаласы.

Республикалық пәндік олимпиада ҚР Білім және ғылым министрлігінің талабына сәйкесті жоғары деңгейде өткізілді.

«Электр станциялары, тораптары және жүйелері» кафедрасы Ресейден «Электр жүйенің модулі» және «Электротехникалық материалдар» - деп аталынатын жаңа оқу зертханалық кешендерді алды. Бұл кешендерде бірнеше оқу-зертханалық және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады.

Қазіргі уақытта доценттер Ю.Г.Черемисинов пен В.Н.Сажинның және аға оқытушы Б.Қ.Курпеновтың басқаруларымен төмендегідей оқу – зертханалық жұмыстар іске қосылды:


  • Синхронды генераторларды паралелльдік іске қосу тәсілдері;

  • Синхронды генераторлардың бұрыштық сипаттамаларын анықтау;

  • Диэлектриктердегі диэлектрлік шығын бұрышының тангенсін және диэлектрлік өтімдігін анықтау;

  • Өткізгіштік материалдар. Кедергінің температуралық коэффициентін анықтау;

  • Материалдардың магниттік қасиеттері: осцилографтың көмегімен ферромагниттік материалдардың гизтерезис тұзағын алу және магниттелудің негізгі қисығын тұрғызу;

  • Ферромагниттік материалдардың магниттелуінің бастапқы қисығын алу және магниттік өтімділігін анықтау.

Сонымен қатар, жас мамандар магистратурада және доктарантурада (PhD) оқуда. Мысалы: ассистент Тананова А.Д – магистратураны бітіріп, қазір доктарантурада оқуда. 2015 жылы доктарантураны бітіреді деп жоспарлануда. Ассистент Усипбекова Д.И 2014 жылдың желтоқсан айында философия докторлық (PhD) диссертациясын қорғайды деп күтілуде, ал аға оқытушы Абдурахманов А.А 2015 жылы кандидаттық диссертациясын Қырғыз Ұлттық аграрлық университетінде Бішкек қаласында қорғайды деп сенудеміз.

Алдағы уақытта кафедра ұжымы (оқытушылар, бакалаврлар, магистранттар, докторанттар, инженерлер) барлық мүмкіндіктерді және жоғарыда көрсетілген оқу – зертханалық кешендерді пайдаланып ғылыми – зерттеу жұмыстарында жоғары деңгейде жүргізеді деп есептейміз.

Қазақ халқының ертеден айтып келе жатқан «Алдымен – адам, содан соң – маман» деген қанатты сөзі бар. Осы тұрағыдан қарағанда, студенттерді тек қана білімді де білікті мамандар ретінде емес, сонымен қатар еліміздің зиялы және өз елінің, өз халқының қамын ойлайтын және өздігінен таңдау жасай алатын, бәсекелестікке қабілетті, еліміздің гүлденуіне жауапкершілікпен қарайтын және басқа да ұлттардың әдет-ғұрыптарын, мәдениеттерін сыйлай білетін мамандарды дайындауымыз қажет. Бұл мәселе «Мәңгі Ел» идеясының бірде – бір мақсаты.

Өкінішке орай осы уақытқа дейін толық шешілмей жатқан өзекті мәселелер бар. Олар:



  • Ұстаздық жұмысқа келушілердің қатары жылдан-жылға азаюда. Себебі, еңбек ақысы төмен, пәтер мәселелері шешілмейтін жағдайда;

  • Өндіріс (мекеме) өкілдері және студенттер оқу процесстерін реформалауға және нақты ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуге өте сирек қатынасады. Көбінесе оларды ескермейді;

  • Семинарлардың, конференциялардың технологиялық жаңалықтары (оқу процесі жөнінде, ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелері) оқу процесінде дер кезінде енгізілмейді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына Жолдауларын (17.01.2014ж, 11,11,2014ж) іске асыру үшін келесідей ұсыныстар бар [3]:

  • Білімді де білікті, бәсекеге қабілетті және басқа ұлттардың әдет – ғұрыптарын, мәдениеттерін сыйлай білетін мамандарды дайындауды қамтамассыз ету үшін «адами қазыналарымызды» ең негізгі мәселе деп қарау.

  • Үдемелі индустриалды – инновациялық процесстердің талабына сәйкесті инженер электриктерді дайындауды қайтадан (жаңадан) бастау. Себебі, энергетика базалық салалардың бірі бола отырып, кез келген мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саласында маңызды рөл атқарады.

  • «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауындағы мәселелерді орындау үшін міндетті түрде жоғары оқу жүйелері мен кәсіпкер саласын (сферасын) нақты түрде интеграциялау жұмысын тез тәуірлендіру.

  • Жыл сайын халықаралық, республикалық және жоғары оқу орындары студенттерінің арасында пәндік олимпиадаларын өткізу. Бұндай шаралар студенттерді терең білім алуға талаптандырады. Сонымен қатар олардың арасынан дарындыларын ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатынастыруға мүмкіндік береді.

Осы көрсетілген ұсыныстардың орындалуының нәтижесінде «Мәңгілік Ел» идеясын орындауға тиісті үлес қосылады деп есептеймін.
Қорытынды
Осы мақалада көрсетілген ұсыныстарды дер уақытында (кезінде) тиянақты ұйымдастырып, шешіп, іске қоссақ тек сонда ғана Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында (2013, 2014 ж.ж.) көрсетілгендей – сапалы білімді де білікті, бәсекелестікке қабілетті, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын шеше алатын және басқа ұлттардың әдет-ғұрыптарын, мәдениеттерін сыйлай білетін мамандарды даярлап әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіре аламыз. Соның нәтижесінде Қазақстан бүкіл әлемге әйгілі ең мықты, үздік дамыған мемлекеттің бірі болып «Мәңгілік Ел» идеясының орындалуына және әрі қарай өркендеуіне мүмкіндік алатындығына сенемін.
Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә., «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», Егемен Қазақстан газеті – 2014 - №11, 18.01. 2014ж.

2. Назарбаев Н.Ә., «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол», Егемен Қазақстан газеті – 2014 - №221, 12 қараша 2014ж.



3. Хожин Г.Х. «Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы (27.01.2012ж.) -–мемлекетіміздің сапалы және бәсекелестікке қабілетті мамандарды даярлаудағы ең негізгі шарты», Вестник Алматинского университета энергетики и связи, 2013, Алматы, №4.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет