«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет91/157
Дата02.06.2023
өлшемі0.5 Mb.
#474610
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   157
Кәсіби стандарт МІ

Ескерту: арнайы венозды манжетканы қолданғанда ондағы клапанды тарс еткізіп ілгешегін жабады және венозды қанағым тоқтағанға дейін оның бос шетін тартады.

Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып енгізу үшін
бір рет қолданылатын жүйені қҰрастыру


Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).
Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сұйықтықты, тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дәрілік ерітіндіні, флаконның этикеткасына науқастың аты-жөні, палатасының номері жазбаларын, мақта шариктерін, қолғапты, дем пердесін, қайшыларды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, жабысқыш пластырьды.


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды антисептикалық деңгейде тазартып, тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  2. Дәрілік ерітіндіні тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).

  3. Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз). Этикеткасына науқастың аты-жөнін, палатаны көрсетіңіз.

  4. Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз.

  5. Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.

  6. Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.

  7. Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз.

  8. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз (егер де ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз), оның бос шетін флаконға бекітіңіз.

  9. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, штативке бекітіңіз.

  10. Тамызғышты ақырын қысып, жарты көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз.

  11. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз.

  12. Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз.

  13. Жүйенің ұзын түтігінде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.

  14. Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін, салфеткаларды, ұзындығы 4-5 см сопақ жіңішке (1см) 2 жабысқыш пластырьді салыңыз.

Ескерту: Кейбір системаларда ауа кіруге арналған тесік тұп-тура тамызғыштың үстінде болады. Бұл жағдайда тек тесікті жабатын бітеуішті ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет