Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Дәріні тері астына салудың



бет106/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

14.6.Дәріні тері астына салудың
мейіркештік технологиясы.
Әзірлеңіз: 2 мл-лік шприц, дәрі, стерилденген мақта шариктер, резеңке қолғаптар, 70%-тік спирт, лоток.
Салатын орындары: иықтың сыртқы жоғарғы бөлігі, санның алдыңғы жағы, жауырынның асты, кіндіктің оң жақ және сол жақ аймақтары.

  • Ампуладан керекті мөлшерде дәріні сорып алыңыз;

  • Шприцті оң жақ қолмен ұстап ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп алыңыз;

  • Сол қолмен теріні жиырып жоғары тартып, оң қолмен шприцтіалып ине тесігін жоғары қаратып,бұрышы 450 2/3 бөлігіне салыңыз;

  • Сол қолды босатып, поршенді ұстап, оң қолмен дәріні жіберіңіз;

  • Дәріні жібергеннен кейін үшінші спиртке малынған мақта шаригін ине үстіне қойып суырып алыңыз;

  • Мақта шаригін 2 – 3 минутқа ұстауын пациенттен сұраймыз;

  • Мақта шаригін дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа 1 сағатқа салаңыз;

  • Шприц пен инені контейнерге жою үшін тастаңыз.

14.7. Дәріні бұлшық етке еңгізудің
мейіркештік технологиясы.
Салатын орындары: иықтағы дельта бұлшық еті, санның алдынғы сыртқы аймағы, жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі. Бұлшық етке инъекция жасағанда дәрілер біртіндеп қанға сіңеді,әсіресе антибиотиктер. Иненің ұзындығы майлы қабатының көлеміне байланысты, себебі ине эпидермис, дерма, майлы қабаттарынан отіп бұлшық етке жетеді. Сондықтан иненің ұзындығы 60 – 80 мм болу керек.
Инъекция жасар алдында пациентке мағынасын түсіндіріп, аллергоанамнезін анықтаймыз және ине салатын орнын дайындаймыз.
Әзірлеңіз: 5мл-лік шприц, дәрі, стерилденген мақта шариктер, резеңке қолғаптар, 70%-тік спирт, лоток.

  • Қолды жуып,стерилденген резеңке қолғапты киіңіз;

  • Ампуладан керекті мөлшерде дәріні сорып алыңыз;

  • Шприцті оң жақ қолмен ұстап ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп алыңыз;

  • Теріні 1 – 2 сол жақ қолдың саусағымен тартыңыз, шприцті 900 бұрышымен 2/3 ұзындығына жіберіңіз;

  • Шприцте қан жоқтығын анықтаңыз;

  • Дәріні баяу жіберіңіз;

  • Үшінші мақта шаригін ине үстіне қойып шприцтен инені суырып алыңыз,

  • Пациенттен мақта шаригін 2 – 3 минутқа ұстауын сұраңыз;

  • Мақта шаригін дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа 1 сағатқа салыңыз;

  • Шприц пен инені контейнерге жою үшін тастаңыз.

Ескерту: егер пациент дәріні бірінші рет алып отырса, оның жағдайын 30 минутқа дейін қадағалап отырыңыз.Инъекция жасаған жеріне массаж жасамайды. Инъекцияны пациент ұзақ мерзімде қолданса, 1 сағаттан кейін жылытқыш беріңіз немесе йодтық сетка жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет