27.СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР
Есеп 1: Бала бақшадан ауруханаға вирусты гепатит диагнозымен 5 жасар баланы алып келді.
Мейіркештің іс - әрекеті қандай болады ?
Бала бақшасында қандай зарарсыздандыру жүргізіңіз?
Есеп 2: Процедура бөлімшесінде мейіркеш пациентке ине салу үшін қолын дайындауы керек:
Қолды өңдеудің неше деңгейі бар ?
Ине саларда қай деңгей бойынша қолды өңдейді?
Есеп 3: Қабылдау бөлімшесіне 60 жастағы бір пациентті алып кедді. Пациенттен тексерген кезде бит,сіркелер табылды:
Қандай жабдықтарды қолданасыз және қандай тиісті орынға хабарлайсыз?
Нешінші бұйрыкпен жұмыс істейміз?
Есеп 4: Шприц пен инені бензидин пробасы бойынша тексергенде көкшіл түс пайда болды:
1.Бұл түстің пайда болу себебі?
2.Мейіркештің іс - әрекеті қандай болады?
Есеп 5: Мейіркеш көк тамырдан қан алғанда, қан халатына тиіп кетті. Халатты мейіркеш үйіне жууға алды:
1. Мейіркештің іс - әрекеті дұрыс па?
2. мұндай жағдайлардағы шараларды атап беріңіз?
Есеп 6: Қабылдау бөлімшесіне ес — түссіз жағдайдағы пациентті жедел жәрдем машинасымен алып келді:
1.Пациенттің осы жағдайына баға беріңіз ?
2.Пациенті тасымалдау әдістерін атап беріңіз?
Есеп 7: Бір қолы жарақаттанған пациенттің ішкі киімін ауыстыру керек:
Осындай жағдайдағы пациенттің іш киімін ауыстыру ерекшілігін айтып беріңіз?
Іш киім ауыстырудың неше әдісі бар?
Есеп 8:Аяқ-қолының жаны кеткен пациенттің жамбасында қызарулар пайда болды?
Қыздырудың себебін түсіндіріңіз және пайда болатын жерлерді атап беріңіз?
Лемон бойынша қызарудың кезеңдерін түсіндіріңіз?
Есеп 9: Төсекте жатқан пациенттің аузынан жағымсыз иіс шығады:
1. Осы жағдайда қандай шаралар қолданылады?
2. Қолданылатын қандай ерітінділерді білесіз ?
Есеп 10: Пациенттің дұрыстап естімеу кемістігіш мейіркеш оның құлағыңдағы қулықтың жиналуымен байланыстырады:
Осы жағдайда қандай шаралар қолданылады?
Қолданылатын қандай ерітінділерді білесіз
Есеп 11: Мейіркеш термометрлерді палатаға таратып, ұмытып кетті:
Термометрлерді тарату әдістерін айтып беріңіз?
Дене қызуының көрсеткіштерін қандай құжатқа жазасыз ?
Есеп 12: Мейіркеш пациентке термомегр бергенде қолтық астында тер бер екенін байқамады:
1. Бұндай жағдайда не болуы мүмкін ?
2. Термометрі қолдану әдістерін айтып беріңіз?
Есеп 13: Дене қызуын өлшегенде пациенттің температурасы бір апта бойы 37,2°С, 37,°С, 37,5°С, 37Д0С, 37,6°С, З7,9оС болып тұрды:
1. Бұл жағдай температураның қай түріне жатады ?
2. Температуралық, қағазға көрсетілген дене қызуының көрсеткішін жазып беріңіз?
Есеп 14: Пациенттің денесі қалтырап, басы ауырып, өңі бозарған. Бұл жағдайды аялдамада көп тұрып қалып, тонуымен байланыстырады. Дене қызуын өлшегенде - 37,8°С.
1. Бұл дене қызуының кетерілуінің нешінші кезеңі?
2. Қандай мейіркештік күтім жасайсыз?
Есеп 15: Пациенттің дене қызуы - 41°С Беті қызарған, орнынан қайта - қайта қозғалып, сандырақтап сөйлеп жатыр:
1. Бұл дене қызуының нешінші кезеңі ?
2. Жекеше мейіркештің күтім ерекшілігі қандай ?
Есеп 16: Пациентің дене қызуы 400С- қа шейін төмендету үшін дәрі беріледі. 20 минут өткеннен кейін дене қызуы нормаға келеді, бірақ жағдайы нашарлай бастайды : әлсіздік пайда болады, аяқ- қолының мұздауы, тамыр соғысының жіп тәрізді болуы . Денесі және төсек орны дымқылданып кеткен .
1. Бұл дене қызуының кезеңіне сипаттама беріңіз ?
2. Бұл асқынуды атаңыз және мейіркештік көмек көрсетіңіз?
Есеп 17: Пациенттің дене қызуы 39,8°С болғанда мейіркеш жылы көрпемен орап тастап, аяғына жылытқыш қойды:
Мейіркештің іс әрекетіне баға беріңіз ?
Осы жағдайда пациентке мейіркештік күтім жасап, көмек беріңіз
Есеп 18:Сіздің палатаңызда халі ауыр пациент ем алып жатыр:
1. Мұндай жағдайдағы пациенттерді тамақтандыру ерекшеліктерін атап өтіңіз?
2. Мейіркештік күтім ерекшелігіне, әдістеріне тоқталып кетіңіз ?
Есеп 19: Ес - түссіз жатқан пациентті зонд арқылы тамақтандыруыңыз керек:
1. Осы тәсілдерді қолдану үшін қандай жабдықтар дайындайсыз ?
Есеп 20:Пациенттің өтінуімен мейіркеш қыша қояр кезде оның дене қызуының көтерілгенін байқады, бірақ пациент өз өтінішін орындауды талап етті.
1. Осы жағдайдағы өзіңіздің іс - әрекетіңізді білдіріңіз?
2. Қыша қолдану ережесін айтып беріңіз?
Есеп 21: Мейіркеш пациенттің арқасындағы бөрітпелерді байқаса да,қыша қойды.
1. Мейіркештің іс - әрекетіне баға беріңіз ?
2. Қыша және оңқа кою қандай жағдайларда қолдануға болмайды ?
Есеп 22: Пациенттің іші ауырғандықтан сізден жылытқыш сұрады:
1. Жылытқыш қолдану ережелерін айтып беріңіз?
2. Жылытқышты қандай жағдайларда қолдануға болмайды ?
Есеп 23: Асқазаннан қан кеткенде пациент қалтырап, тоңа бастағандықтан мейіркеш жылытқыш берді:
1. Мейіркештің бұл іс - әрекеті дұрыс па және өз ойыңызды білдіріңіз?
2. Жылытқышты қолдану тәсілдерін және әдістерін айтып көрсетіп беріңіз?
Есеп 24: Дене қызуы көтерілген пациенттің маңдайына мейіркеш суық компрессті 10 минутқа басып қойды:
1. Мейіркештің іс - әрекеті дұрыс па?
2. Бұл жағдайда суық, компрессті қалай қолданамыз ?
Есеп 25: Пациенттің сүлік салған орындары қансырап тұр:
1. Мейіркештің көрсететін көмегі?
2. Қандай жағдайларда сүлік қолданылады?
Есеп 26: Ыстық ванна қабылдап отырған пациенттің басы ауырып және айналып, жүрегі қаға бастады:
1. Пациенттің осы жағдайына сипаттама беріңіз?
2. Осы жағдайда мейіркештің көрсететін көмегі қандай болады?
Есеп 27: Пациентке тағайындалған дәрілер сіздің постыңызда жоқ болып шықты:
1. Не істеу керек?
2. Дәріханадан дәрілерді калай аласыз?
Есеп 28: Дәрігер пациентке морфий ертіндісін жаса деп талап етті, бірақ ол дәрі сіздің постыңызда болмады:
1. Сіздің іс -әрекетіңіз?
2. Наркотиктерді жазу, тіркеу және қолдану ережелерін
айтып беріңіз?
Есеп 29: Мейіркеш пациентке дәрілерді таратқанда анальгин таблеткасының үгілгенін, сарғайғанын байқады:
1. Мейіркештің іс - әрекетіне тоқталыңыз ?
2. Дәрілерді қолдану және ережелерін атап беріңіз ?
Есеп 30: Мейіркеш дәрілерді таратқанда пациентке дәрілерді қабылдау ережелерін түсіндірмеді. Әрі қалтасына дәрілерді салып алды:
Мейіркештің іс - әрекетіне баға беріңіз?
Дәрілерді тарату ережесін атаңыз ?
Есеп 31: Дәрігер пациенттің тік ішегіне балауыз тағайындады:
1. Пациентке балауызды қалай қолдану керектігін түсіндіріңіз.
Балауызды сақтау және қолдану ережелерін айтып беріңіз?
Есеп 32: Темірі бар таблетканы пациент үгітіп бер деп, мейіркештен өтінді:
1. Мейіркештің бұл жағдайдағы іс — әрекеті?
2. Мейіркеш пен пациенттің қарым -қатынастарын атап беріңіз?
Есеп 33: Мейіркеш терінің ішіне ине салғанда ұзын инені қолданды (15 см).
1. Мейіркештің іс - әрекетін бағалап беріңіз ?
2. Терінің ішіне ине салу әдісін айтып беріңіз?
Есеп 34: Мейіркеш пациентке тері астына инъекция жасағанда иненің бұрышын 90°- та алды.
1. Мейіркештің іс - әрекетіне баға беріңіз?
2. Тері астына инъекция жасау әдісін айтып және көрсетіп беріңіз?
Есеп 35: Бұлшықетке инъекция жасаған орын кызарып кетті:
1. Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз?
2. Бұлшықетке нъекция жасағанда болатын асқынулар түрлерін айтып беріңіз?
Есеп 36: Пациентке 500000 бөлшек пенициллин ертіндісін салу керек. Сіздің постыда флаконда 1млн бөлшек пенициллин бар:
1. 1:2 қатынаспен пациентке неше пенициллин егесіз ?
2. Пенициллинді езу және қолдану ережесін атап беріңіз ?
Есеп 37: Қант диабеті бар пациетке аз 32 бөлшек инсулин ерітіндісін егуіңіз керек:
1. Инсулиннің дозасын және егу тәсілдерін айтып беріңіз?
2. Инсулин қолданған жағдайда қандай асқынулар болатынын тізіп беріңіз?
Есеп 38: Мейіркеш пациентке инъекция жасар алдында, шприцтегі ауаны шығарған жоқ:
1. Мейіркештің іс - әрекетіне баға беріңіз?
2. Инъекция жасағаннан кейін болатын асқынулар түрлерін айтыңыз?
Есеп 39: Пациенттің көк тамырға ине салған жері қызарып және ісіп, ауыра бастады:
1. Бұл жағдай неден пайда болды деп ойлайсыз?
2. Көк тамырға иньекция жасағаннан соң болатын асқынулар түрлерін айтып беріңіз?
Есеп 40: Пациентке қойған системаның ішінен ауа байқалды:
1. Сіздің мейіркештік іс - әрекетіңіз қандай болуы керек?
2. Системаны дәрімен толтыру және оны қолдану ережелерін атап және көрсетіп беріңіз?
Есеп 41:Пациент кақырығын туберкулез таяқшасына анықтау
Қақырықты тапсыру әдісін айтып беріңіз ?
Қақырықты тапсыру нешінші бұйрық бойынша жүзеге асырылады ?
Есеп 42: Жүрегі ауыратын пациентке тәуліктегі зәрін жинауы керек.
1. Тәуліктегі зәрді жинау ережесін айтып беріңіз ?
2. Бұл пациентке қандай диета қолдануы керек ?
Есеп 43: Мейіркеш асқазаннан сөл аларда пентагастринді дайындауды естен шығарып алған.
1.Пентагастринді және басқа препараттарды қолдану қажеттігін түсіндіріңіз.
2. Асқазаннан сөл алу әдісін көрсетіңіз?
Есеп 44: Мейіркеш бауыр - өт жолдарынан сөл алғанда пациентті оң жағына жатқызып, жылытқыш бермеген.
1. Жылытқышты не үшін қолданады?
2. Сөл алу процедурасын айтып, көрсетіп беріңіз?
Есеп 45:Пациенттің нәжісін жасырынды қанға тексеру тағайындады.
1. Пациентке нәжісті тапсыруды түсіндіріңіз?
2. Тағамдар құрамынан қайсысын алып тастайсыз?
Есеп 46: Мейіркеш Зимницкий пробасы бойынша зәрді жинауын пациентке түсіндірмегендіктен сағат 10 - нан жинай бастады.
1. Мейіркештің іс – әрекетін түсіндіріңіз?
2. Зимницкий пробасы бойынша зәрді жинау әдісін көрсетіңіз ?
Есеп 47: Пациент зәрін қантқа тексеруге тапсыруы керек.
1. Қалай түсіндіресіз?
2. Тәуліктегі зәрді қалай жинайсыз?
Есеп 48: Пациентке асқазан ішек мүшелерін рентген арқылы тексеру тағайындалған:
1. Пациентке тексеруді қалай түсіндіресіз?
2. Пациентті тексеріске дайындауды көрсетіп беріңіз ?
Есеп 49: Пациентке урография тағайындалған. Асқазан-ішек жолдары бұзылмаған:
1. Пациентті калай дайындайсыз ?
2. Урография не үшін қолданылады ?
Есеп 50: Пациентті холецистография жасауға дайындау керек.
Қандай жабдықтар дайындайсыз ?
Бұл тексеріс не үшін керек екенін түсіндіріңіз?
Есеп 51: Колоноскопияға пациентті дайындағанда, мейіркеш іш өткізетін дәріні бермеген. (кастор майын).
1. Пациентті қалай дайындайсыз ?
2. Колоноскопия тексерісін қандай мақсатпен қолданады ?
Есеп 52: Пациенттің кенеттен жүрегі тоқтап қалған кезде қасында екі мейіркеш болған.
1. Қандай мейіркештік жедел көмек көрсетесіз ?
2. Фаитомада жүрекке жасанды массаж және дем алдыру әрекеттерін көрсетіңіз?
Есеп 53:Пациенттің өкпесі ауырғандықтан, жүргенде ентігеді. Демнің шығуы қиын, минутына — 26 рет.
1. Пациенттің демін санау әдісін және нормасын атап беріңіз ?
2. Демнің шығу киындығын не деп атайды?
Есеп 54 Демікпе диагнозы бар пациентге кенетген тұншығу пайда болды.
1.Мейіркештік іс - әрекетіңіз қандай болады ?
2.Оттегі қолдану ережесін айтып және көрсетіп беріңіз ?
Есеп 55: Пациентке суық тигеннен қатты құрғақ жөтел пайда болды.
Мейіркештің іс - әрекеті қандай болады ?
Жөтелдің қандай түрлерін білесіз және қандай өмек көрсетесіз?
Есеп 56: Мейіркеш пациенттің тамыр соғысын анықтағанда жіп тәрізді екенін байқады.
1.Пациенттің тамыр соғысына сипаттама беріңіз?
2.Тамыр соғысының қасиеттерін тізіп беріңіз?
Есеп 57: Пациенттің басы айналып, өлсізденіп тұр. Тамыр соғысын анықтағанда минутында 45 рет.
1. Осы тамыр соғысына сипаттам беріңіз?
2. Тамыр соғысын санау ережесін және қандай қасиеттері бар екенін айтып беріңіз?
Есеп 58: Пациенттің қан қысымы 00/80 мм.с.б.
Осы кан қысымына жалпы сипаттама беріңіз?
Систоликалық, диастоликалық, пульстык қан қысымдары
туралы айтып беріңіз?
Есеп 59: Пациенттің қан қысымы 180/120 мм.с.б.
Осы қан қысымына жалпы сипаттама беріңіз?
Қан қысымын өлшеу ережесін айтып және көрсетіп беріңіз?
Есеп 60: Пациенттің басы айналып, құсқысы келді.
Мейіркештік күтім жоспарын құрыңыз?
Құсық болған кездегі көмекті көрсеіңіз
Есеп 61: Пациенттің іші тырсылдап, мазасы кетті.
Мейіркештік іс - әрекетті қандай болады ?
Жел шығаратын түтікшені қолдану әдісін көрсетіңіз?
Есеп 62: Пациенттің асқазанын жуу үшін жуан зондты жұтқызғанда
ол тұншыға бастады.
1.Тұншығу себебін аныктаңыз?
2.Зонд арқылы асқазан жуу әдісін көрсетініз?
Есеп 63: Жедел жәрдемді шақыру бойынша сірке қышқылын ішкен пациенттің үйіне келдіңіз.
1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Мейіркештік алғашқы көмек көрсетіңіз?
Есеп 64: Пациенттің үлкен дәреті жүрмегеннен соң сізден кенес сұрады.
1. Қандай кеңестер бересіз?
2. Тазарту клизмасын жасау әдісін көрсетіңіз?
Есеп 65: Дәрігер пациентке гипертониялық (түзды) клизма жасау туралы сізге нұсқау берді.
Қандай жағдайларда гипертониялық клизмасын қолданады ?
Қандай жабдыктарды дайындайсыз?
Есеп 66: Сіздің палатаңыздағы пациенттің зәрі жүрмей қалды.
1. Мейіркеш қандай шаралар қолдануы керек ?
2. Пациенттердің зәрін жүргізудің қандай тәсілдері бар?
Есеп 67: Пациенттің қуығы ауырып, жиі-жиі зәр шығарады, түсі лайланған.
1.Мейіркештің іс - әрекеті қандай болды?
2.Қуыкты жуу әдісін көрсетіңіз?
Есеп 68: Төсекте жатқан пациенттің зәрі жүрмей қалды.
1.Осындай жағдайлардағы мейіркештің шаралары қандай?
2.Катетерді қолдану әдісін көрсетіңіз?
Есеп 69: 80 жастағы пациенттің зәрі жиі — жиі шыкқаннан, мазаланып мейіркештен көмек сұрады.
1. Мейіркештік көмек көрсетіңіз?
2. Зәр жинағышты қолдануды көрсетіп беріңіз?
Есеп 70:Мейіркеш катетерді қолданғаннан кейін жуып, қайтадан таза ыдыскқа салып қойды.
1.Мейіркештің іс - әрекетін бағалаңыз?
2.Катетерді зарарсыздандыру әдісін атап беріңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |