Процедураның аяқталуы
Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз;
Түкіргіштегі қақырықты дезинфекциялық ертіндіге салып зарарсыздандырыңыз;
20.ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАР АУРУЛАРЫНДАҒЫ
МЕЙІРКЕШТІК КІРІСУЛЕР
Қанайналым жүйесі жүрек пен қан айналымының үлкен және кіші шеңберінен тұрады. Бұл жүйенің кіндігі— жүрек насос тәрізді каңды сығымдап қан тамырларына айдайды да, оның үздіксіз ағысқа айналуын қамтамасыз етеді.
Қанайналымның үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан—қолқадан басталады. Қан қолқадан артерияларга одан әрі капиллярларға (қылтамырларға) жетеді. Онда қан құрамындағы оттегі тіндерге, ал оңдағы көмір клшкыл газы кідіріп өтеді де, артериялық кан вена қанына айналады. Вена каны капилЛярлардан жіңішке венулаларға, одан әрі веналарға, жоғарғы және төменгі веналарға жетеді де, сол арқылы жүректің оң жүрекшесіне құйылады.
Қанайналымның кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе сабауынан басталады. Оң қарыншадан шыққан өкпе сабауындағы қан көміркышқыл газға бай веналық қан. Бұл өкпе көпіршікгеріне қарай артериялар арқылы ағып отырьп, өкпе капиллярларға жетеді, осы сәтте қандағы көмірқышқыл газ өкпеге, ал оттегі керісінше, қанға өтеді де, веналық қан артериялық қанға айналады. Одан әрі артериялық қан әр өкпеден екі -екіден жұптасып шығатьн төрт вена арқылы ағып отырьш, сол жүрекшеге кұйылады.
Үлкен және кіші қанайналым шеңберінің бүзылуынан әр түрлі патологиялық өзгерістер дамиды. Осыдан басқа жүректің жиырылу орамының патологиясьна әсер етеді.
Негізгі симптомдары:
Ауырсыну, кеудесінде шаншу қадалу
Тұншығу
Талып қалу
Талықсу
Шок болу
Гипертоникалық криз
20.1.Кеудесіңде шаншу қадалу /стенокардия ұстамасы/
Мақсаты: Ауырсынуды жедел түрде тоқгату
Пациентке ауа жіберіңіз;
Физикалық, психикалық тыныштық жасаңыз; /Жүрекің бұлшық етінің оттегі жетістігінің дәрежесі төмендейді, демі жақсарады, эмоционалдық жағдайы жақсарады/
Дәрігерді шақыртыңыз; /толық медициналық көмек көрсету үшін/
Пациентті ыңғайлап шалқасынан жатқызыңыз; /жүректің бұлшық ет жұмысының жақсартуы/
Тіл астына нигроглицерин немесе валидол 25-30 тамшы, валокордин, корвалол, тіл астына 1-2 тамшы нитроглицерин, 3-5 тамшықантқа тамызылған валидол.
Ескерту! Егер қан қысымы 100 мм сынап бағанасы бойынша төмен болса, онда нитроглициринді қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |