Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы



бет20/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

4.4.Оқу мазмұнын анықтау
Оқу мазмұны жекелік оқу жоспарына бейнеленеді. Пациенттердің оқу мазмұнының негізгі бағыты - денсаулықты сақтау, өмір деңгейін көтеру болып табылады. Мейіркеш, оқу мазмұнын анықтамас бұрын, жаңа оқу технологияларымен танысуы керек, оның оқу процессіндегі қолданылатын жаңа терминдер мен түсініктерді анықтап алуы қажет.Оқытудағы алынған білімнің тереңділігі, жүйелілігі, бірізділігі жас қабілеті-мен, денсаулық жағдайымен, жеке тұлғаның танымдық белсенділігімен анықталады. Мейіркеш педагогикасының мазмұны кейбір күтім көрсету нысандарымен жұмыс жасағандағы, жәрдем керсетудегі дағдыны, іскерлікті және т.б. қалыптастырады. Пациенттер әр түрлі практикалық жұмыстарға белсенді қатыса отырып, өз қажеттіліктерін, ықыласын, бейімділігіи қалыптастырады.


4.5.Оқуды жоспарлау, оның қасиеттерін бағалау, оқудың тиімділігі
Мейіркеш жоспарды құру, оқыту процессінің орындалу, қадағалап, бағалау, және оның сапасын, тиімділігін тексеру мотивтерін қалыптастырудан тұратын оқыту процессін ұйымдастырып отырады. Оқу жоспары пациенттің жекелік қасиеттерін, оқытуға бөлінетін уақытты ескере отырып пациентпен бірлесіп талқыланады. Оқу процессі егер де мейіркеш және пациент немесе оқушы белгілі бір мәселелерді ұғынуы бойынша қойылған мақсатта жетсе, онда оқыту тиімді деп саналады. Бұл жағдайда мейіркеш коммуникативтік дағдылар, педагогикалық тактиканы және де педагогика, психология негіздерін білуі керек.


5.МЕЙІРКЕШТІК ҮРДІС
Осы тараудың мақсаты: қазіргі заманғы мейіркештік күтімге жүйелі көзқараста маңызы бар мейіркештік үрдісті оқып үйрену болып табылады. Ғасырлар бойы кәсіп ретінде өзгеріп отыратын мейіркештік үрдіс мейіркеш ісінің ғылыми тұрғыдағы орнын анықтайды, сонымен қатар меіркештердің қызыметі де өзгеріске ұшырайды, Өкінішке орай бүгінгі күнге дейін мейіркеш ісінің әмбебап анықтамасы жоқ.
Ең алғашқы мейіркеш ісінің (науқастарға күтім) Флоренс Найтингейл 1860 жылы "Күтім туралы жазбаларында" анықтамасын берген. Ф.Найтингейл пациенттердің сауығуына қоршаған ортаның әсерін қолдану ретінде ол көбінесе қоршаған ортаның физикалық және психикалық факторларна зор мән берген.
Мейіркеш ісі - пациентті күту жәие оның денсаулығын күту дегі мейіркештік күтімнің бір бөлігі, қоршаған ортаның өзгерісінен туындайтын адам денсаулығының потенциалдық және пайда болған проблемаларын шешуге бағытталған ғылым және өнер болып табылады.
Қазіргі заманда мейіркеш ісінің анықтамасын қоршаған ортаның өзгеруіде қоғамның және жеке бастьң проблемаларын шешуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің кұралас бөлігі болып табылатын мейіркеш ісінің түсінігін терендете түседі. Сондықтан мейіркеш ісі өз алдына ғылым болып саналады.
Мейіркеш ісінің мақсаты— мейіркештік үрдісті жүзеге асыру болып табылады. Мейіркештік үрдісті ендіру саясатыңда жалпы күтім жүргізу кезінде пациенттің психологиялық, әлеуметтік, рухани қасиеттерін еске алу қажеттілігі туындап отырады. Сол себептен мейіркешке маман ретінде, қазіргі заманғы философияны, мейіркеш ісінің әдістемесін, адамның психологиясын, педагогикалық және зерттеу қызметтеріне деген қабілеттерін оқып үйрену жүктеледі. Осы алынатын білімдер мейіркештердің кәсіптік деңгейін, күтім сапасын жоғарлатады, мейіркештік күтімге деген жүйелік көзқарасты қаматамасыз етеді, мейіркештердің кұндылығын өсіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет