Жұқпалы аурулардың эпидемиялық жіктеу қағидасы, бүкіл жұқпаларды 4 түрге бөледі:
ішектік;
демдік;
қан арқылы;
тері арқылы.
6.7.Жұқпаның таралу механизмі
Ж ұқпаның көзі жұқпаның таралуы қабылдағыш организм. Таралу факторлары: ауа, су, қан, тағамдар, күнделікті заттар арқылы. Жұқпалық үрдістің дамуы үшін кеміңде 3 кезеңі болу керек.
Жұқпаның көзі;
Таралу механизімі;
Қабылдағыш организм.
Егер жұқпаның қоздырғыш көзі тек қана адам болса, жұқпаларды антропоноздар деп атайды.
Егер жұқпаның қоздырғышы кеміргіштер болса жұқпаларды зооноздар деп атайды.
Жұқпаның негізгі таралу жолдары:
ауыз — нәжістік;
аэрозольдық;
трансмиссивтік;
тұрмыстық,
Жұқпаның шынжыры: қоздырғыш таралуы-адам.
Қоздырғыштың таралу тәсілдері.
1. Катынастық;
Тікелей;
Тікелей емес;
Жанама.
Аэрогендік.
трансмиссивтік.
нәжісті — ауыздық.
перинаталдық.
Қабылдағыш - адамның организіміне патогендік агенттің кіруі. Қоздырғыштың қасиетінен басқа жұкпаның дамуы, тағы да басқа факторларға байланысты:
ашық жараларда;
катетр, трахеостомалар, инвазивтық құрал - жабдықтар дұрыс
зарарсыздандырылмаса;
созылмалы ауруларда (қант диабеті, иммунотапшылық лейкемия);
Антибиотиктерді, сәулелік ем қолданғанда
Эпидемиялық процесті тоқтату үшін жұқпа шынжырының біреуіне үзіліс жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |