Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Құлақтың күтіміндегі мейіркештің технологиясы



бет70/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

8.12.Құлақтың күтіміндегі мейіркештің технологиясы.
Сыртқы есту өткелінде сарғыш-қоңыр түсті қоспа бөлінеді – құлық, ол жиналып құлақтың естуін төмендетеді. Жуынған сайын құлақты тазалап отыруы керек, бірақ тазалауға өткір заттарды қолдануға болмайды. Егер құлықтар жиналса, мейіркеш дәрігердің қадағалауы бойынша құлықты тазалайды.
Мақсаты: есту қабілетінің төмендеуін алдын-алу.
Көрсеткіштері: төсек тартып жатқан пациенттер.
Қарама-қарсы көрсеткіштер: құлақтардың ішіндегі қабыну процестерінде.
Жабдықтар: лоток, пинцет, мензурка, мақта, турундар, қолғап, 3% асқын тотығы, лоток, дез ерітінділері бар ыдыстар.

  1. Пациентпен немесе оның туыстарымен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

  2. Процедура мақсатын түсіндіру және келісімін алу іс-әрекетінің бірізділігімен түсіндіріңіз;

  3. Қолы жуып, құрғатыңыз;

  4. Мензуркаға 3% асқын тотығы ерітіндісін құйыңыз;

  5. Сабын ерітіндісі бар ыдысты дайындаңыз.

  6. Дакені сабын ерітіндісіне салып, құлақтың шеміршегін сүртіп, құрғатыңыз;

  7. Мақта турунданы 3% асқын тотығы ерітіндісіне малып алыңыз;

  8. Турунданы оң жақ қолына алып сыртқы есту өткелін ашу үшін сол жақ қолымен құлақ шеміршегін ұстап тұрыңыз;

  9. Турунданы айналдыра өткелге 1 см ұзындыққа 2-3 мин енгізіңіз;

  10. Содан кейін айналдыра турунданы алып тастаңыз;

  11. Екінші құлағын осы тәсілмен өңдеңіз;

  12. Қолданған турундаларды, пинцетті мензурканы дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз;

  13. Қолғапты шешіп дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз;

  14. Қолды жуып, құрғатыңыз.

8.13.Шаштың күтімі.
Ұзақ төсекте жатқан пациенттердің үнемі шашын күтуге қажет. Шаштырдың арасында қайызғақ, сірке, биттердің пайда болуы мүмкін.
Ер пациенттердің гигиеналық ванна қолданғаннан кейін шашын алып тастайды. Егер ваннаға түсе алмаса, кереуетің үстінде жуады.
Ұзың шашты әйелдердің шашын күту қиындау болады.
Күнде шашын тарап, өріп отыру керек, сірке қышқылы ерітіндісіне малынып алынған тарақпен тарайды. Пациенттің басын аптасына бір рет жуады. Үнемі аяқ-қолының тырнақтарын алып отыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет