8.14.Пациенттің жыныс мүшелерінің күтімі.
Халі нашар, ұзақ уақыт бойы төсек тартып жатқан пациенттер уақытымен суға түсіа, денелерін тазарта алмайтыны бәрімізге белгілі. Оның үстіне кейбір науқастар кіші дәреттерін немесе үлкен дәреттерін алатындары да болады. Міне соның салдарынан науқастың шаттары, терілері ойылып (тесілу, ойылу), жара пайда болады. Сондықтан теріге жара түсірмеу үшін ойылатын қауіпті жерлерді перманганат калий, риванол ерітінділерімен және тағы басқа дезинфекция жасайтын сұйықтармен сүртіп, тазалап отыру керек.
Жыныс органдарын жууға қажетті құралдар және жуудың әдісі:
Құмыра – жуу ерітіндісін құятын ыдыс.
Стерильді тампон.
Қысқыш корнцангі.
Жыныс мүшесін жуу үшін пациентті шалқасынан жатқызады.
Аяғын бүгіпғ бұтының арасын сәл ашады.
Құйрығының астына судно қойылады.
Ертінді толтырылған құмыраны мейіркеш сол қолына ұстап, ол оң қолына тампон қыстырылған қысқышты алады.
Жуғанда жоғарыдан төмен қарай, яғни тыныс мүшесінен тік ішекке қарай жуады.
Жуып болғаннан кейін жыныс мүшесіне құрғақ мақтамен жоғарыдан төмен қарай сүртіп құрғатады.
Құрғатылып болғаннан кейін жуылған жерге вазелин жағылады.
Міне осы аталған жууға керекті құралдары және жуу әдістерін әрбір мейіркеш білуі қажет.
Бақылау сұрақтарымен тапсырмалары
Пациенттің төсектегі жағдайына сипаттама беріңіз?
Теріні күту маңыздылығын түсіндіріңіз?
Тесілудің себептеріне және дәрілеріне сипаттама беріңіз?
Тесілудің алдын алу шараларын тізіп беріңіз?
Көзді, ауызды күту ерекшеліктерін айтып, көрсетіңіз?
Құлақты, мұрынды күту ерекшеліктерін айтып, көрсетіңіз?
Халы нашар пациенттерді күту ерекшеліктерін айтып беріңіз?
Жыныс органдарын жуу тәсілін көрсетіңіз?
Судно беру әдісін айтып көрсетіңіз?
Басың күту әдісін айтып көрсетіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |