Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет75/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары


1.Дене қызуын өлшейтін жерлерді атап шығарамыз?
2.Термометрді қолдану ережесін айтып беріңіз?
3.Қызбаның I-ші кезеңдегі мейіркештің рөлін атап шығыңыз?
4.Қызбаның II-ші кезеңдегі мейіркештің рөлін атап шығыңыз?
5.Қызбаның III-ші кезеңдегі мейіркештің рөлін атап шығыныз?
6.Субфебрильді температура туралы сипаттама беріңіз?
7.Дене қызуын құжатқа толтыруын түсіндіріңіз?
8.Температура қағазына графикалық тәсілмен жазып көріңіз?
9.Дене қызуы күрт төменде не деп атайды?
10.Дене қызуы өте жоғары болса не деп атайды?


10.ТАМАҚТАНДЫРУ
Тамақтандыру-ағзаның өмірлік қажеттілігі болып саналады.Ол адамды сумен,энергиямен қамтамасыз етеді.Клеткаларды құрау үшін және ағзаның ауруға қарсы қаблетін көбейтеді. Тамақтандыру тиімді болу үшін,сол себептен әртүрлі жағдайда емдеу-терапиясы қолданылады.Сау адамның 1тәуліктегі тиімді тамақтану рационы (1280-3000ккал)бұл өмір сүру деңгейіне байланысты.
Азықпен адам жалпы тіршілікке қажетті белок,май,көмірсутегі,минералды тұз,су,витаминдер мен тканьдарды қалпына келтіруге,энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады.Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады.Ақуыздар,көмірсулар,майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады.Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан,майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді, олар құнарлықпен өлшенеді(калория).Ағзадағы 1гр ақуыздың тотығуынан-4ккал,1гр майдан-9ккал,1 гр көмірсудан -4 ккал энергия түзіледі.Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі.Дені сау адамға тәуліктік үлестегі жануар ақуыздың мөлшері көрсетілген қалыпқа сәйкес құрастырылуы керек:өсімдік-40 гр,жануар майы-85-90 гр, көмірсулар-400-500 гр,төрт мезгіл тамақтануға жалпы тамақ салмағы 3 кг дейін жетуі қажет.Физикалық жұмыспен айналыспайтын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек.Төсек тартып жатқан пациенттерге энергия қажеттілік біршама төмен болады. Ақуыздар,майлар,минералдық заттар ұлпалар мен тіндердің қызметін қалпына келтіру үшін «құрылыстық» заттар болып табылады.
Ақуыздар-тірі клеткалардың негізгі,олар ферменттер мен гормондардың құрамына кіреді, тыныс алуға,бұлшық еттердің жиырылуына және босаңсуына қатысады,ағзаны микробтар мен вирустардан қорғайды.Ақуыздар жануарлар тағамдарының (сүт,ет, балық)және өсімдіктердің (нан, жарма,бұршақ) құрамында кездеседі.
Майлар-ағзаның негізгі энергия көзі болып табылады.Клеткалық мембраналардың,нерв тіндердің негізгі құраушысы.Экономикасы дамыған елдерде тамақ өнімдеріне жануар майлары көп мөлшерде қолданылады.
Көмірсулар – тамақтану мәзірінің негізгі бөлігін құрайды және оның энергия құндылығының 50 – 60 % қамтамасыз етеді. Олар ақуыздар мен майлардың қалыпты алмасу үшін қажет. Көмірсулар негізгі өсімдік тағамдарында болады. Талшықтар, пектиндер, гемцеллюлозалар ішекте қорытылмайды және энергияны аз мөлшерде бөледі. Көмірсуға тәуліктік қажеттілік дені сау 180-030 жастағы ерлер мен әйелдерде 360 және 300 гр, немесе 1 кг қалыпты дене салмағына 5 гр. Көмірсулардың жалпы мөлшерінің 80%жуығы крахмалдың,15%-женіл қорытылатын жай көмірсулардың,оның ішінде қант және құрамында қанты бар тағамдардың,5%-тағамдық талшықтардың (жеміс-жидектер,дәндер)үлесіне жатады.
Су-тағамдық мәзірдің маңызды бөлігі болып табылады,Ол зат алмасу әрдістерінің,тағамның қорытылуын,зат алмасу заттардың шығарылуын, жылу реттеудің және т.б.қамтамасыз етеді.Су адамның дене салмағының 2\3 бөлігін құрайды және ағзаның суды 10% -нан артығын жоғалтуы адам өміріне қауіп төндіреді.Суға қажеттілік тағамдану сипатына және еңбегіне,климатқа,денсаулық жағдайына және басқа да факторларға байланысты.Орта есеппен алғанда ересек адамның суға қажеттілігі тәулігіне 2,5 л.Адам 1-1,5 л суды сұйықтық (сорпа,шай,компот, шырындар)атқарады,ал 1-1,5л тағам өнімдерінен алады,0,3-0,4 л ағзаның зат алмасуы кезінде түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет