Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы



бет86/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

11.7. Сүлікті қою тәсілі
Сүлікті қоюға қажетті құралдар: Побирка,пинцет,стерильді дәке, стерильді глюкоза,мақта, бинт, тұзды су.
Корсеткіштері:

  • Гипертоникалық криз

  • Церебральдық криздер

  • Глаукома

  • Мидың қан айналымының бұзылуы

  • Миокардтың өлі еттенуі

  • Бауырдың іркілуі

  • Геморрой

  • Тромбофлебит

  • Радикулит

Қарама-қарсы көрсеткіштері:

  • Қан кетуге бейімділігі

  • Қан кету

  • Қан аздық

  • Терінің аурулары

  • Аллергиялық , септикалық аурулар

  • Гипотензия

  • Антикогулянттарымен емдеу

Қоятын жерлері:

  1. Гипертоникалық кризде

  • Құлақтың сытрқы шығыңқы сүйегінің үстіне қарай қояды;

  1. Көз ауруларында

  1. Стенокрадияда, миокарттың өлі еттенуінде

  • Жүректің 3-4 қабырға аралығына қояды;

  1. Бауыр іркілуінде

  1. Тромбофлебитте

  • Тромбысы бар венадан 1 см артқа, шахмат тәртібімен қояды;

  1. Геморройда

  • Тік ішектің аузына айналдыра қояды;

Сүлікті қою үшін теріні жылы қайнаған сумен сабындамай жуып, сүртеді, себебі сүлік сабынның иісін жақтырмайды. Сондықтан сүлік қоятын жерге қант езілген тәтті су жағады. Сүліктің аш болғаны дұрыс. Оны адамның аяғына, кеудесіне, арқасынк т.б жерлеріне қоюға болады. Сүлікті денеге қою үшін оны банкіден пинцетпен алып, бас жағын пробирканың ауыз жағына қаратып пробиркаға салады, ал құйрық жағы төмен қарайды. Пробирканы қолға ұстап тұрып қойылатын жерге сүліктің тұмсығын тигізеді. Егер сүлік қойған жерді тістеп, сора бастаса, онда пробирканы жайлап алып тастайды. Сүліктің құлақтың сыртқы шығыңқы сүйегінің үстіне қоюға болады, ал құлақ жағына өте жақын қоюға болмайды, өйткені ол жерде вена тамыры бар. Миокард инфарктісіне ұшыраған адамға сүлікті жүрегінің тұсына, яғни 3-5 ші қабырға аралығына қою керек. Ал сүлік шамамен 10мл қан сорады.
Сүлік қанды шамамен 40-60 минуттей сорады да, тойған сүлік торсиып барып түсіп қалады. Егер ол өздігінен түспесе немесе оны уақытысынан бұрын алу керек болған жпғдайда тұзды су ерітіндісіне мақта батырып алып, сүліктің тұмағы кіріп тұрған жерге қояды, сонда ол өзінен өзі түсіп қалады. Түскен сүліктерді формалин ерітіндісіне немесе мүсәпір спиртіне салып өлтіру керек, салынған сүліктің бәрі түсіп болғаннан кейін қан сорған жерлерді бір тәулік бойы /24 сағат/ стерильді бинтпен астына қалың мақта салып, таңып қояды. Сүлік тістеп қан сорған жерден 6 сағаттан 2 сағатқа дейін қан ағады. Егер 24 сағаттан кейін де қан ағуы тиылмаса, онда ол жеоге перманганат калий ерітіндісіне тампонды батырып, таңып тастайды немесе танудың қатты түрін қолданады /давящая повязка/ ал қан ақпаса, онда жарақатталған жердің айналасын сутегінің асқын тотығымен немесе йодпен сүртеді де құрғақ стерильді таңғышпен байлап тастайды. Әдетте сүліктің тістеген жері 2-3 күнде жазылады. Ал екінші рет сүлікті бірнеше күннен кейін барып қою керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет