12.3.Демнің жиілігін, ырғақтығын, тереңдігін тексеру. Мақсаты: Демнің негізгі мінездемелері.
Көрсеткіштері: тыныс органдарының функционалдық жағдайын бағалау.
Жабдықтар:секундасы бар сағат, температура қағазы, қалам.
Ескерту: демнің санын пациентке хабарламау керек.
Пациетпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;
12.4.Тәуліктегі диурезді өлшеу, су балансын анықтау Диурез дегеніміз зәрдің пайда болу және шығу процессі. Тәуліктегі диурез дегеніміз пациенттің бір тәулік бойы шығарған зәрі.
Тәуліктегі зәрі 800-1000 мл болады, жасынан, температурасынан, айналадағы дымқылдығынан, тағам жағдайынан, физикалық күш түскеннен байланысты, 75-80% ішкен суынан кұралады. 20-25% термен , деммен, үлкен дәретімен шығады.
Тәуліктегі су балансы ағзадағы су кірісі мен шығысьның қатынасы.
Жемістердегі, көжелердегі және ағзаға жіберілген суықтар да есепке алынады.
Су балансын есептеу Мақсаты: тәулік бойы ағзаға енгізілген және шығарылтан су көлемініц қасиетін есеппен қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері: ісіктері бар пациенттерді бақылау, жасырынды ісіктерді анықтау, диуретиктердің әсерін тексеру.
Жабдықтар:салмағын өлшейтін өлшегіш, шынылы белгілері бар ыдыс, тіркеу қағазы.