Мейрманов асылбек бекболатович



жүктеу 369.22 Kb.
бет1/2
Дата10.06.2016
өлшемі369.22 Kb.
  1   2


ӘОЖ 37(574) Қолжазба құқында


МЕЙРМАНОВ АСЫЛБЕК БЕКБОЛАТОВИЧ

Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтары негізінде құрылуы мен дамуы


13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған



авторефераты

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2010

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда ұлттық ерекшелігімізді және ұлттық мүддемізді әлемдік кеңістікке бағдарлауда қазақ мектептерінің қосар үлесі зор демекпіз. Қоғамдық өмірімізді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында халықтық педагогика құндылықтары негізінде құрылған оқу қазақша жүретін мектептерді инновациялық бағдарда ұйымдастыру қажеттілігі туып отыр. Кешегі тоталитарлық жүйедегі таптаурын болған ұдайы ұжымдыққа бағыттайтын іс-әрекеттерден арылып, мектептің ғылыми-педагогикалық негізіне ұлттық құндылықтарды қозғаушы күш ретінде алып, жекелендіріп, саралап деңгейліктерді ішкі өзгертілім мәнінде инновациялық тұрғыда жіктеп оқытуды басымдықта алу ерекше маңызды рөл атқаруда.

ХХІ ғасырдың модернизация кеңістігіндегі жаһандану қадамдарында қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтары негізінде бетбұрыс жасауына жаңа мүмкіндіктер берілуде.

Бүгінгі модернизация кеңістігіне қатысты қазақ мектептерінің білім беру үдерісін инновациялық жүйеде құру мақсатында Ел Президентінің халқына бірнеше Жолдауларын басшылыққа аламыз:

- білім берудің ішкі және сыртқы саясатын айқындауға басшылық жасар 2003 жылғы Жолдауы;

- жаһандану үдерісіне қатысты Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстанның үш сатылы иерархиясын (ұлттық, ТМД елдерімен және әлемдік мемлекеттермен консолидацияға түсу) іске асыруына негіз боларлық Жолдауы;

- Қар барысы, Азия барысы, Еуразия барысының мәртебесін ұлттық, ТМД және бүкіләлемдік деңгейге ұштастырудың платформасы, оның ғылыми негізін айқындап берген Жолдауы;

- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын орындауға бағытталған Жолдауы.

1) Қазақ мектептерінің тағдыры Қазан төңкерісіне дейін, 2) Қазан төңкерісінен кейінгі және 3) бүгінгі кезеңін аналитикалық сараптаумен салыстырсақ, 4) халықтық педагогика құндылықтары негізінде бір ғасырдан астам өмір сүрмегені анықталды. Олай болса, 5) ұлттық мүдде ескерілмеген жағдайда, білім беру үдерісі басқа жұрттың оқу-тәрбие берудегі іс-әрекетін, қызметін сырттай механистік қайталаудан аспайтыны байқалды. Тәуелсіз ел болғанымызға ширек ғасыр уақытына таянып қалсақ та, қазақша оқылатын мектептердің оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерден қалыс қалу себептерін тарихи қағидадан іздемей, оны жалаң салыстыру басымдық алып келеді.

Проблемаға осы тұрғыдан келгенде кеше ғана басымыздан өткерген, өмірімізден кетсе де, санамыздан өшпеген Кеңестік кездегі қазақ мектептерінің хал-ахуалы қандай болып еді деген өкініш лебі кімді болса да бей-жай қалдырмаса керек.

Қазан төңкерісіне дейін қазақ мектептері дегеніміз мешіттерге тәуелді болып келді немесе медресе түрінде болды. Бұл мәселені қарастырып, оның шешімін іздестіріп зерттегендер: М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтар.

Ресей империясының қарамағына өткеннен кейінгі кезеңде қазақ даласында орыс-қазақ, орыс түзем мектептері ашыла бастады.

А.Байтұрсынов, М.Дулатов , Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Н.Ильясова, Р.Ж.Иржанова, Қ.Бержанов, Ж.Наурызбаев және т.б. зерттеушілердің жеке жұмыстарын атап өткен орынды.

Жалпы ауыл мектептері туралы, қазақ мектептерінің кейбір тұстары туралы ғылыми еңбектер, диссертациялар соңғы жылдары қорғалу жағынан қалыс емес. Десек те, біздің зерттеу еңбегімізге қатысы бар еңбек (қазақша нұсқасы) жоқтың қасы. Нақтылап айтсақ, М.Т.Арынова Қазақстан ауыл-село мұғалімдерінің мәдени ағартушылық қызметінің жағдайы (1971-1985), Қ.Қ.Болатбаев болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындау үдерісінде халықтық педагогиканы қолдану, Н.А.Морозова ауыл мектептерінің мамандарын білім арттыру институттарында даярлаудың өзіндік ерекшелігі, В.Г.Максимов мұғалімнің жеке тұлғасын кәсіби-шығармашылық бағытында қалыптастыру, А.Н.Чалов жалпыбілім беретін селолық мектептердің мұғалімдерін даярлау үдерісіндегі педагогикалық проблемалар, А.Н.Алексеева село мектептерінің болашақ мұғалімдерін қоғамдық-педагогикалық қызметке қалыптасуын даярлау, Л.А.Черных халықтық қағида және қазіргі селолық мектептердің қызметі, А.Қ.Қисимова Қазақтың халықтың педагогикасы арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру және т.б. Еңбектерді талдау барысында біздің зерттеу еңбегімізге қатысты ой-пікірлер жоқтың қасы екені аңғарылды.

Қазақ мектептерінің жағдайын жоғарыдан халықтық педагогика құндылықтары негізінде жақсарту сұранымы туындаса, мамандар оны толыққанды тұрғыда орындай алмауының және қазақ тілін ұлттық мүддені қорғайтын дәрежеде меңгермеушіліктің арасында қайшылықтар туып отыр. Осы қайшылықтарды шешу мақсатында «Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтары негізінде құрылу тарихы» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің нысаны: Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтарымен құрылуы және оның тарихи даму үдерісі.

Зерттеудің пәні: Қазақ мектебінің халықтық педагогика құндылықтарымен құрылуы және оның тарихи даму барысындағы ғылыми-педагогикалық негізі.

Зерттеудің мақсаты: Қазақ мектебінің халықтық педагогика құндылықтарымен құрылуының тарихын ғылыми-педагогикалық негізде айқындап, оның бүгінгімен сабақтастығын ұлттық ерекшелікті сақтау арқылы әлемдік деңгейге бағдарлануын нақтылау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтарымен құрылуы және оның ғылыми-педагогикалық негізі тарихи тұрғыда анықталып зерделенсе, оның мазмұндық сипаты айқындалса, онда қазақ мектептерінің кеңестік және тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы жағдайы айқындалады, өйткені оның алға ілгерілеу үдерісі, даму барысы бүгінгі ұлттық мүддені жүзеге асыруға және өткендегі халықтық педагогика құндылықтарымен сабақтастық жаһандануда ұлттық ерекшелікті сақтауға қол жеткізуге мүмкіндік туғызады.

Зерттеудің міндеттері: Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған ғылыми-педагогикалық негізін тарихи тұрғыда анықтау;

- Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ мектептерінің қалыптасуы және оған жақсартуға үлес қосқан ғалымдардың ой-пікірлерін айқындау;

- Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ мектептерінің ғылыми-педагогикалық негізде даму барысының мәнін ашу, оның кезеңдерін жіктеу;

- Білім мазмұнынан туындайтын халықтық педагогика құндылықтарын саралау және оның моделін құру.



Зерттеудің жетекші идеясы: қазақ мектебінің халықтық педагогика құндылығымен құрылуы және оның ғылыми-педагогикалық негізде дамуын анықтау арқылы ұлттық мүддені қорғауға мүмкіндік береді және бүкіләлемдік консолидацияға тұлға даярлауға жол ашады.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: таным теориясы, біртұтас педагогикалық процесс теориясы, зерттеу проблемасы бойынша тарихи және философиялық, психологиялық-педагогикалық ілімдер, ықтималдық теориясының тұжырымдары.

Зерттеудің көздері: зерттеу тақырыбы бойынша философтардың, педагогтердің ретроспективті материалы, педагогика ілімінің даму үдерісін зерттейтін ғалымдардың еңбектері, ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңдары (1999 ж., 2007 ж.), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және «Қазақстан – 2030» Стратегиясы, мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары және пәндер бойынша жұмыс оқу жоспарлары, ғылыми-зерттеу жұмыстары, мерзімді басылымдар жарияланымдары.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2004-2006 жж.) зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, математикалық, ақпарат жиынын саралау, әдебиеттер қарастырылды, жалпыланды, ғылыми-әдістемелік, диссертациялық жұмыстар талданды. Зерттеудің ғылыми аппараты қалыптасты, базалы ұғымдар нақтыланды;

Екінші кезеңде (2006-2008 жж.) ретроспективті тұрғыда сирек кездесетін халықтық педагогика құндылықтарымен жұмыс жүргізілді. Бұрынғы кеңестік дәуірдегі қазақ мектептерінің жағдайы зерделенді, тоталитарлық сыңайда зерттелген еңбектерге бүгінгі пайыммен қайтадан тұжырымдар құрылды, кешегі мен бүгінгі Қазақстан Республикасының ұлттық мүддеге сай қазақ мектептерінің ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалды;

Үшінші кезеңде (2008-2010 жж.) қазақ мектептерінде халықтық педагогика құндылықтарын іске асырудың амалдары сараланды.

Зерттеудің әдістері: педагогтардің, философтардың, қазақ мектептерінің даму барысын зерттеген мамандардың ғылыми еңбектерін теория жүзінде талдау, кейбір фактілерді тарихи қағидамен салыстыру, силлогизм, жалқылау, жалпылау, түйіндеу, тұжырымдау, ұқсастығын табу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

1) Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған ғылыми-педагогикалық негізі тарихи тұрғыда анықталды;

2) Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ мектептерінің жағдайын жақсартуға үлес қосқан ғалымдардың ой-пікірлері айқындалды;

3) Тәуелсіз Қазақстан мәртебесіндегі қазақ мектептерінің ғылыми-педагогикалық негіздегі даму барысы ашылды, оның кезеңдері жіктелді;

4) Білім мазмұнынан туындайтын халықтық педагогика құндылықтары сараланды және оның моделі құрылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

Қазақ ұлттық мектептеріне «Тәуелсіз Қазақстан мәртебесіндегі қазақ мектептерінің ғылыми-педагогикалық негіздегі даму барысы», «Халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған теориялық негізді құру», «Оқыту үдерісіндегі біліктілікті арттырудың технологиялары» әдістемелік-нұсқау ретінде ұсынылды, мектеп тәжірибесіне енгізілді.



Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: талапқа сай теориялық және әдіснамалық қағидалармен, зерттеу тақырыбына сәйкес әдістерді қолданумен, педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, ұсынылған тұжырымдардың тиімділігімен, қазақ ұлттық мектептерге енгізілуімен қамтамасыз етілді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  1. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған ғылыми-педагогикалық негізі;

  2. Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ мектептерінің қалыптасуын сипаттайтын ой-пікірлер;

  3. Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ мектептерінің ғылыми-педагогикалық негізі, оның кезеңдері;

  4. Білім мазмұнынан туындайтын халықтық педагогика құндылықтары және оның моделі.

Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы:

Зерттеудің негізгі қағидалары педагогика кафедрасының отырысында, жалпы педагогика және білім беру проблемалары бойынша ғылыми-әдіснамалық семинарда талқыланды және халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда баяндалды (Павлодар, 2007, 2009), «Ұлт тағылымы», «Ұлағат», «Ізденіс-Поиск», «Вестник» ғылыми журналдарында ғылыми мақалалар түрінде баяндалды, сонымен қатар С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінің жұмысына және Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернатына, Абай атындағы №10 дарынды балаларға арналған арнаулы мектептеріне енгізілді.



Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, ғылыми болжамы, міндеттері, зерттеудің жетекші идеясы, зерттеу жұмысының әдіснамалық, теориялық негіздері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы, іс-тәжірибеге енгізу жолдары баяндалды.

«Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған ғылыми-педагогикалық негізде қалыптасуы» атты бірінші тарауда империялық саясат қазақ мектептерінің орыс мектептеріне, оның басымы әскери бағдардағы мектептерге аудару мәселесін көздегені туралы деректемеге жүгінген талдаулар жасалды. Нәтижесінде қазақша оқылатын мектептер мен ескі араб мектептерінің орнына орысша оқу енгізілген деректемелер арқылы анықталғанына талдаулар жасалды. Оқытудың стратегиялық бағыты миссионерлік қызмет атқаратын тілмаштар даярлау, яғни қазақ халқының ішінен өз еліне тосыннан тосырқай қарайтын «жаңа қазақтар» даярлауды мақсат тұтқан оқу қазақ сахарасына келгені туралы талдаулар беріліп, ой-пікірлер сараланды.

Столыпин реакциясының қазақ балаларын ана тілінде оқытуға ашықтан-ашық қысым жасағаны да осы тарауда жан-жақты деректемемен дәлелденеді.



«Тәуелсіз Қазақстан мәртебесіндегі қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған ғылыми-теориялық негіздегі даму барысы» тақырыбындағы екінші тарауда Кеңестік дәуірден Егемендікті алу дәрежесіндегі қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған ғылыми-педагогикалық негізі айқындалды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
20-30-жылдары көп нәрсе жүзеге асырылғанын ұмытуға . Сол тұста мектеп жүйесі кеңейтілді, сауатсыздықты жою, жұмысшылар факультеті ұйымдастырылды, оқулықтар әзірленді, кадрлар даярланды, көптеген халықтар үшін ұлттық жазу-сызу енгізілді. Алайда, 50-жылдардан бастап ұдайы бір ғана мәдениет пен тілге бағыт ұсталып, шешуші рөл білім мен тәрбие жүйесінің иығына түсті. Ұлттық ерекшеліктің, халықтық қасиеттің рухы мектептен жел ұшырғандай жоғалды... Тәуелсіздікке ие болғанымызға дейінгі зерттеу еңбектерінде қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған ғылыми-теориялық негізі жайлы бір мәмлеге келерлік тұжырым-түйіндердің болмауы болашағымызға көлеңке түсіретініне ешбір жан шүбә келтірмес.

Орыс империясына қызмет еткен, бірақ отарлау саясатына көнбеген Шоқан Уәлиханов өмірбаянының өзі – халық педагогикасының жемісі. Оның дәлелін төмендегіден байқаймыз:

1. «Едіге» эпосын алты жасында Күрлеуіттен естуі.

2. Бес жасында татар молдасы Ғалиакбардан сабақ оқып, бес жасында хат білген, әкесінің қазақ фольклорын жинауына бала кезінен септігін тигізуі.

3. Кадет корпусына зорлап арбаға мінгізгенде бала Шоқан әкесі Шыңғысқа: «Арбаға хан тұқымының өзге байланғаны жетпегендей, енді мені байладың ба?» деуі. Қол-аяғын босатқаннан кейін Шоқанның ешбір үн шығармай, ешкімге тіл қатпай, жатқан жерінен қозғалмай, әкесінің сапарға шыққан пәуескесімен кете беруі.

4. Омбыға келгеннен кейін әкесімен бірге кетуге пәуескеге кіріп, жатып алуы. Ат жегіліп болғаннан кейін әкесінің түс дегеніне түспеуі. Содан кейін Шыңғыстың Шоқанды пәуескеден суырып алып шапалақпен оң жағынан бір, сол жағынан бір тартып жіберуі және оны тастап кетуінен екі күннен кейін кадет корпусына өзінің өтініп баруы.

5. Кадет корпусының жатақханасына сол кіргеннен қашан бітіргенше Шоқанның шықпауы.

Жоғарыда бала Шоқанның тұлғалық болмысын сомдауға халық педагогикасының құндылықтарын байқау қиын емес. Бұл қабілетті одан әрі жалғастыра білген Шоқан Уәлиханов әлемдік мәртебеге ие болады. Кадет Корпусын бітірген Шоқан Уәлиханов Батыс Сібірдің сол кездегі генерал-губернаторы Гасфортқа адъютанттық қызмет атқарды. Шоқан Уәлихановты Россияның Географиялық қоғамы 1857 жылы мүшелікке өткізеді.

Абай Құнанбаевтың орыс тілін ана тілінен жоғары қойды деуімізге ешбір негіз жоқ екенін 25-қара сөзінен байқаймыз.

Біріншіден, «жеріміз дәрілхарап болып тұр» дейді. Бұл сөз тіркесінен ұғарымыз қазақ жері Ресей империясының меншігіне айналды дегенді қазақтың төл сөзімен емес, шет тілінен кірген ұғыммен келтіруінде ерекше мән бар. Былайша айтсақ, биліктің бәрі орыста болғандықтан, орыс тілін үйренсең де үйренесің, үйренгің келмесе де үйренесің дей отырып, орыс тілін үйренудің үш тұғырлы мақсатын айтып өтеді:

- орыс тілін еліңе қорған болу үшін үйрен;

- орыс тілін еліңнің намысын қолдан бермеу үшін үйрен;

- орыс тілін олардың дауына араласқан уақытта дәйекті дәлел айту үшін үйрен, орыс тілін сол елдің мәдениетін меңгеру үшін және ой-өрісің әлемдік деңгейге жетілу үшін үйрен.

Көріп отырғанымыздай, қазақ мектептерінде халықтық педагогика құндылықтарымен берілмей, Абай ілімін басқаша ұстанымда алып келген, негізінде, оқулықтарда таптаурын болған тұжырым орыс тілін ана тілінен басымдықта алмағанын осы 25-қара сөзден байқаймыз. Абай Құнанбаев ағартушы-демократтық идеясымен шектелмейді, данышпан, кемел парасаттың кемеңгері екенін бүкіл әлем таныды.

Қорыта келгенде, Абай Құнанбаев халықтық педагогикаға қосқан үлесі әлі де болсын терең зерттеуді қажет етеді. Мұнымен бірге «Кемелді адам» үлгісін құруының өзі тектіліктің белгісі дей отырып, көзімен көрген, жүрегіне түйген халықтық педагогиканың классикалық түрін кейінгі ұрпаққа жеткізуші тұлға. Өкінішке орай, қазақ мектептерінде бұл халықтық педагогика құндылықтары ескерілмей келгені зерттеу барысында байқалды. Оның басты себебі А.Құнанбаев шығармалары данышпандық ой-тұжырымдарға құрылған. Сол себепті 5 сыныпта оқылатын еңбектерінің бәріне дерлік оқушылардың ойлау қабілеті қалыс қалып келгені байқалды. Мәселен, «Ғылым таппай мақтанба» және т.б.

Абай Құнанбаев – ұлттық мүддені ұстанып, әлемге қадам басқан рационалист, ғұлама, шығармаларында онтология, адам тұлғасына қатысты даналық ой-түйіндерінің бүгінгі ғылым мен білім кеңістігінің талап-мүддесіне үндестіре білген кемеңгер.

1879 жылы Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» еңбегі оқушылардың білім арқылы тәрбиені дұрыс алуына әртүрлі мәтіндемелер жинақталып беріледі. Бұл кезде Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ балаларының оқуды орысша оқуына бейімдеп, қиындықтарды жеңудегі ата дәстүрінің ең бір тұрақты түрі шыдамдылық пен сабырлыққа шақыруы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық соны тұжырымы болып есептеледі. Жалпы халықтық педагогикаға қатысты өлеңдеріндегі тұжырымдары төмендегі түзілімдей болып келеді:

1. Істің болар қайыры

Бастасаңыз алдалап, (күнделікті өмірдегі қолданылатын сөз)

2. Оқымаған жүреді



Қараңғыны қармалап (халықтық педагогика)

3. Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

4. Мал – дәулеттің байлығы,

Бір жұтасаң жоқ болар.

5. Оқымыстының байлығы,

Күннен-күнге көп болар (салыстыру да халықтық педагогикаға жатады)

Ы.Алтынсарин ісін жалғастырушы С.Көбеев болатын. С. Көбеев туралы таптаурын стереотипті тұжырым өзінің «Орындалған арман» шығармасынан алынып түзілген:

«Жабдығы шағын, шығыны аз» аз көшпелі ауылдың мектептері әуелі Қостанай уезінде, кейіннен Торғай және Орал облыстарының басқа уездерінде де ашылды; төрт жыл оқытатын бір класты болыстық орыс-қазақ училищелері мен алты жыл оқытатын екі класты училищелер әуелі Орынбор оқу округының Торғай жәнне Орал облыстарында ашылды, кейіннен басқа оқу округтарының бәрінде де ашыла бастады.

Халық ағартушы қайраткерлерінің көп еңбек етуіне қарамастан, бұл мектептердің саны өте аз болғаны байқалды. Мысалы, 1887-1891 жылдарда Торғай облысында төрт жыл оқытатын бір класты жеті мектеп (болыстық) қана болды, 1883 жылы Орск қаласында қазақ мұғалімдерін даярлайтын бір мектеп ашылды. Орал облысында 20 жылдың ішінде (1881-1901) не бары алты болыстық мектеп пен бір қолөнер мектебі ашылды. 1901 жылы барлығы 63 көшпелі ауылдық мектеп болды.

Ы.Алтынарсин идеяларын, оның оқу-ағарту саласындағы ой-пікірлерін жалғастырған заңғар тұлғалар М.Жұмабаев – қазақ мектептерінің нұсқалы тұрғыда құрылуына айрықша еңбек сіңірген қайраткер. Бұл еңбекті М.Жұмабаев 1922 жылы Қызылжарда жазған. Ал 1923 жылы Ташкентте маусым айында жарық көрген «Педагогика» оқулығы «Жетекші сөз», «Жалпы педагогика», «Жан тәрбиесі», «Жан көріністерін тап-тапқа бөлу» (Ақыл көрінісі), «Әсерленуді бөлу», «Абай», «Суреттеу», «Ес», «Хиял», «Ойлу», «Тіл», «Ішкі сезім көріністері», «Қайрат» секілді тараулардан түзілген.

М.Жұмабаев сол кездегі педагогика ғылымын оқу-білім беруден гөрі тәрбиелеуді басымдықта алып көрсеткені байқалды. Тәрбиеге мұқтаждықтан педагогика пәні туындады дегенді айта отырып, М.Жұмабаев – педагогиканың бала өміріндегі болашағын өз заманына лайықтап шығару деген тұжырым жасаған. 1) «Балаңды өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет» деген әзірет сөзін бірінші жол деп есептеген. 2) Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі деп екінші жолды көрсеткен.

Қазақ мектептерін құру үдерісіне қажетті педагогика екеніне айрықша мән берген М.Жұмабаев ойлау іс-әрекетінен кейін екінші орында тіл нысанын алған. Егер біздер М.Жұмабаевтың педагогикасындағы алгоритмге назар аударсақ, бірінші – ойлау, екінші тіл екендігін байыптаймыз. Сол себепті бір-бірімізге: «Сен қай тілде ойлайсың» дегенде ешбір тілде адамның ойламайтыны белгілі болады. М.Жұмабаев жанның жайын жоққа шығару жолы – тіл деп қарастырған. Тілсіз, жүректен жарып шығар сезімдерді жеткізу мүмкін емес деп қараған. «Тілі кем адам қор болады деп ой түйген. Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, ұлт үшін де қымбат, тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт, дүниеде ұлт болып жүре алмайды, ондай ұлт құрымақ» - деген ойларына бағаммен қарасақ, кеңестік дәуірдің басында қазақ халқының тіліне қауіптің төніп тұрғанын М.Жұмабаев сезгендей болжам жасағаны байқалады. Мұнымен бірге тілмен бірге құритын нысандары – ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі – деп көрсеткені бүгінгі Ел Президентінің «Мәдени мұраны» халқымен табыстыруындағы ұлт мүддесін рухани құндылықтар негізінде шешуі деп қабылдаймыз.

Ол кезде М.Дулатов өзінің шығармалары арқылы қазақ халқының парасат-санасын оятуға қам жасады. «Оян қазақ» айдарымен жазған шығармасымен, мақалаларымен оқу-білімнің адам өмірінде алатын орнын айқындап берді. Соның ішінде А.Байтұрсыновпен бірлесіп шығарған «Қазақ» газеті М.Дулатов үшін де, қазақ халқының болашағы үшін де өмір сүрудің ілімі болды. М.Дулатов Ж.Аймауытовтай бала жанын түсінген психолог және әдіскер зерттеуші деуімізге негіз бар. М.Дулатов: «Жас балаларды оқыған нәрсесі жайында ойлануға, оның мағынасын ұғынуына, қасиеттерін сезіндіруге қалай үйретпек керек? Баланы оқыған нәрсесін бір-біріне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққаннан кейін де жадында ретті толық мағынасымен қалдыруға әдеттендіру керек» - деп бала мен мұғалімнің іс-әрекеттестік түрлі әдіс-тәсілдерін зерделегені бүгінгі талап мүддесіне де жат емес.

А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев секілді заманының қайраткерлері – Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ мектептерінің ғылыми-педагогикалық негізін қалаған тұлғалар.

А.Байтұрсынов 1928 жылы «Оқу құралы» (балалар сауатын ашатын әліппе), 1928 жылы «Жаңа әліпби» және ересектерге арналған «Сауат ашқыш» кітаптары мен қазақ тілін пән ретінде оқытатын тұңғыш оқулықтар – «Тіл құралдың» үш бөлімі, әдістемелік жабдықтары және оқу-ағартуға, графика мен терминологияға жалпы тіл мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер жазған ағартушы-зерттеуші.

Бұны біздер А.Байтұрсыновтың 1923 жылы «Қазақ арасында оқу жұмысын қалай жүргізу керек?» деген айдарымен жарияланған мақаласында: «Школдар ашуға үкіметтің шамасы келмейтіндігі анықталып отыр, үкімет 2116 кісінің ғана расходын көтермекші, ал балаларды тегіс оқытуға 20 000-нан артық кісі керек. Сондықтан бір ауылнай, не бір болыс ел күш біріктіріп, байға байша, кедейге кедейше үй басына салық етіп, сол жиналған салықты оқытушылардың һәм басқа қызметкерлердің ақысына, школдың керек-жарағына жұмсауға міндетті болып, жергілікті оқу бөлімдерімен договор жасап, школ ашу керек.

Репрессия, аштық 30-жылдары елді тұқыртып, олардың білім алуға мұршаларын келтірмеді. Сонда да көз алдау үдерісі толастамай, 1939-1940 оқу жылында 163-ке, келесі оқу жылында 701-ге өскені зерттеушілердің еңбектерінде байқалды. Ал бұрынғы 4419-дан бұл жылдары 3715-ке төмендеген, сөйтіп бастауыш мектеп санатынан мектептерді «ірілендіру» үдерісі аңғарылды. Бірақ білім мазмұнында салиқалы өзгерістер боды деуге негіз жоқ. Мұның үстіне жығылғанға жұдырық демекші Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысы басталды. Сондықтан қазақ мектептерінің тіпті сырттай санының өсуі бәсеңдеп қалады.

Р.Г.Лемберг мұғалімнің сабақ өткізу үдерісіндегі жетекшілік жұмысының түріне айрықша мән бергені де талап ретінде қабылданды. Әрбір әдістің бірнеше тәсілдері бар екеніне тоқталады. Ол кездегі (40 жылдары) қазақ мектептеріне ұсынылған әдістер: 1) ауызша баяндау; 2) әңгімелесу; 3) байқау; 4) оқулықпен жұмыс; 5) жаттығулар; 6) лабораториялық сабақтар; 7) есеп шығару; 8) практикалық жұмыстар, өнер құралдарын пайдалану. Әрбір әдісті өзінің құрамындағы тәсіл түрлерімен қарастырғаны ескеріледі. Сабақ меңгерудегі оқушылардың психологиялық танып-білу әрекеттеріне бағынышты екені зерделенеді. Құбылыстарды үдеріс сыңайында топтастыру секілді әдістер қолданылды. Заттардың қасиетін айқындау қарастырылады. Оқу орыс тілді мектептерде бұл мәселелер шешімін бірден тауып, ұстаздар оқу-тәрбие үдерісін Н.Хмельден бұрын Р.Г.Лембергтің ғылыми еңбегінен біртұтастық қағидаға жүгіндіріп, өз сабақтарына сараптамашы сапасында қарап, кәсіби құзыретін сол өз заманына лайықты өткізіп жатты.

1937-1938 жылдары (С.Қожахметов, Киров атындағы мемлекеттік университетінің педагогика мен психология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды). 1938 жылдың аяғында Абай атындағы КазПИ-ге ауысты. Тұңғыш қазақша жазылған еңбектің бірі болып «Совет мектебінің негізгі дидактикалық принциптері» айдарымен 1939 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Р.Г.Лемберг секілді С.Қожахметов те мектеп тәжірибесіне сүйенгені байқалады. Әрине, Р.Г.Лембергтен салихалы ерекшелігі қазақ мектебінің теориялық-педагогикалық негізінің дидактика бағытына айрықша мән бергенін аңғардық.

Сол секілді 1940 жылы Т.Тәжібаевтің «К.Д.Ушинскийдің саяси-әлеуметтік көзқарасы» мақаласы жарық көреді. Т.Тәжібаев Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің даму мәселелерімен айналыса отырып, «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық, педагогикалық көзқарастары» жайлы ғылыми мақалаларды жариялаған.

Қорыта келгенде, Қазан төңкерісіне дейін арап әріпбиімен хат танып, негізінен медреселерде білім алған қазақ халқы Кеңес өкіметі орныққаннан кейінгі кезеңде империялық бағыттағы мектептер есігін аша бастады. Айналасы он бес, жиырма жылдың ішінде әліпбиді үш мәрте өзгертудің өзі елді үш рет сауатсыздандыру екенін енді ғана түсіндік. Соның салдарынан елуінші жылдарға дейінгі кезеңде, негізінен, бастауыш немесе толық емес орта білім беру ісі біртіндеп жолға қойылуға бет бұрғанымен, Ұлы Отан соғысы білім беру ісінің дамуын көп кейінге шегерді.

60-70-жылдардағы идеологияға тәуелді болған ұстаным қазақ балаларын болашақта ауыл шаруашылығы төңірегінде ұстаз болатын. Міне, осы ұстанымды Одақ көлемінде жүзеге асыру үшін ұсақ мемлекеттердің ғылыми жұмыстарына қолдау көрсетуі орынды. Сөйтіп, Н.С.Хрущевтің ХІ класты ұйымдастырудағы көксеген арманына жету үшін ғылыми-педагогикалық негіздер де құрылғаны аталған еңбектерден аңғарылды.

Қазақ мектептерінің ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында хал-ахуалы төмендей бастаған кезі еді. Оның басты себебі коммунистік идеологияның басымдықта болып, халықтық педагогика құндылықтары шеттеліп қалғанын зерттеу барысында байқадық. Қазақ тіліндегі мамандардың бәрі дерлік қызметке орналасуы үшін орыс тілін қатысымдық мәнде емес, орыс халқының нұсқалы тілінде сөйлей алуы тұрғысында талап етілді. Соның салдарынан бұл жылдары көптеген облыстарда қазақ мектептерінің саны күрт төмендеп кеми түсті. Олардың ішінде Алматы, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Семей, Солтүстік Қазақстан облыстарын атап өтеміз. Зерттеу еңбектерінде қай мектеп қай жылы жабылды, қалай ашылды деген дәл дерек жоқ.

70-жылдары бітірген түлектер көбінесе біліммен қарулану жағынан ерекшеленбей, керісінше өндіріс пен ауылшаруашылығындағы жұмыскер мен шаруа өкілдеріне лайықты іске араласты. Қазақтың жас жеткіншектерінің басымы елде, МТС-та, шеберханаларда, Екібастұз бен Шұбартаулықтардың бастамасымен кең өріс алған комсомол-жастар бригадаларын нығайтуға ат салысты, бірақ бұл қадамдардан тұшымды өнім болған жоқ.

80-жылдардың 70-жылдардан бір ерекшелігі мектептердің оқу-материалдық базасын нығайту еді. Республика мектептерінің құрылыстары баяу болса да жүріп жатты. Мектептерді күрделі жөндеуден өткізу үшін де әжептәуір қаржы бөлінді. 1980 жылдың 1 тамызындағы мәліметке көз жүгіртсек 1829 мектеп жай жөндеуден өткен. Жоспар бойынша мектептердің 87,9 % жай жөндеуден өтуге тиіс болған. Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар және Орал облыстарында жөндеу толық аяқталған. Күрделі жөндеу Қызылорда облысында 81,7%, Павлодар облысында 79,7%, Ақмола облысында 79,3%, Орал облысында 78,9% орындалса, Талдықорған облысында толығымен аяқталған.

М.Жұмабаевтың педагогикасындағы құрам-жіктемелер бүгінгі әлемдік педагогикамен үндесіп келетіні зерттеу барысында нықталды:

Жалпы педагогикаға жататындары: дене (Абайша – тән), жан күштерін тәрбиелеу;

Дидактика – оқытудың негізгі жалпы жолдары (бдүгінгі қосылғаны білім мазмұны);

Методика – белгілі бір пәнді қалай оқыту жолдары (тәсілі амалы, әдістері қосылды);

Мектеп басқару - өзінің ісін ұйымдастыру жолдары (техникалық басқару қосылды);

Педагогика тарихы – тәрбиенің қалыптасу тарихы (білім берудің тарихы қосылды).

90-жылдары тәуелсіз мемлекетіміздің қазақ мектептерін халықтық педагогика құндылықтары негізінде құруға теориялық негіздер жасалса, 2000 жылдан бүгінгіге дейін қазақ мектептерінің қандай бағытта жұмыс жүргізуі мемлекеттік деңгейде шешіліп, халықтық педагогика құндылықтарын негізге алуға төте жолдың ашылғанын және оның өркениетті елдермен паритетті болуына қолайлы жағдай туғызылған Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «интеллектуалды ұлт» дәрежесіне жетуімізге мүмкіндік бергенін атап өтуге болады.


Кесте 1 – Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған ғылыми-педагогикалық негізде қалыптасуының даму тарихының кезеңдері


Кезеңдер

Мазмұны

1

2

1-кезең. 20-30 жылдардағы қазақ мектептерінің құрылуы

Қазақ мектептері халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған (қазақ қайраткерлері: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов...). Оқу-тәрбие жұмысы ағартушылық деңгейде, яғни алфавит өзгерісіне орай аталған теориялық негіз толық іске асырылмайды.

2-кезең. 40 жылдардағы қазақ мектептерінің құрылу характері

Советтік педагогика басымдық күш алып, халықтық педагогика құндылықтары білім мазмұнынан ығыстырылады. А.В.Луначарский, Н.Н.Крупская, С.Шацкий, П.Блонский, А.С.Макаренко еңбектері насихатталды.

3-кезең. 50-60 жылдардағы қазақ мектептерінің құрылу ерекшелігі

1 кестенің жалғасы



Советтік педагогика байқау әдісін барлық Одаққа қарайтын мектептерге міндеттейді. Ол талап бүгінгі қазақ мектептерінде әлі де кездеседі (қосымша А.). Сырттай қазақ мектептері орта мектептерінің басқару механизмін, оның


1

2




негізін толықтай көшіру іс-әрекетінде. Мұнымен бірге 50-60 жылдары Эльконин, Давыдов, Занковтардың дамымалы оқыту жүйесін енгізуді мақсат тұтады. Бірақ халықтық педагогика құндылығы ескерілмейді. Қазақ интеллигенциясының саны қысқарып, көбінесе ауыл мектептерінде механизаторлық, сауыншылық кәсіпке үгіттеп, мектеп бітіруші түлектер ауылшаруашылығында жұмыс атқаруды міндетіне алады.

4-кезең. 70-80 жылдардағы халықтық педагогика құндылықтарының тоқырау кезеңі

Қазақстанда Совет дәуірінің педагогикасы басымдықта болып келеді. Халықтық педагогика құндылықтары ығысып, мүлдем өшіп, оның орнына Совет үкіметін мадақтайтын материалдар білім мазмұнының тірегіне айналады. Қорғалған диссертациялардың қазақ мектептеріне арналғанымен, оның басым көпшілігі орыс тілінде болғандықтан, қазақ мектептерінің іс-тәжірибесіне айналмайды. Халықтың ұлттық санасының орнына дүбәралық сипат оның орнын ауыстырады. Бұл кез – тоқырауды басынан өткерген уақыттың көрсеткіші.

5 кезең. 1992-2010 жж. аралығындағы Тәуелсіздікке қол жеткен уақыт пен кеңістік

Б.ғ.д. V-VII ғасырдан бастап бүгінгі таңға дейінгі халықтық педагогика құндылығын оқушыларға дарытарлық қазақ мектептеріндегі білім мазмұнының мүмкіндігіне жол ашылған сәт. Білім мазмұны мүмкіндік бергенімен, оның ішкі интеллектуалдық әлеуетінің халықтық педагогика құндылықтарын ғылыми-теориялық негізіне алу мәселесінің жетімсіздігін жоюдың көкейкестілігі біздің зерттеу еңбегімізді бастауға себеп болды.

Білімдену технологиясы тұлғаның жеке ізденімпаздық қажетсіну уәжін іске қосу іскерлігін шыңдауға қозғау салады.

Ал педагогикалық технология ұжымдық іс- әрекетке бағдар жасайды. Осы екі түрлі ұстанымды ажыратып алған жағдайда қазақ мектептерінің білімденудің инновациялық технологиясы деген ұғымды дұрыс түсінуге болады. «Инновация» ұғымы «Жаңаша оқыту» мәселесін жүзеге асырады. Бұл орайда жаңаша оқыту жүйесін мемлекеттік және әлемдік стандарт аясындағы көш басы технологияларды бүгігі Қазақстан Республикасының ұлттық негіздегі өңіріне бейімдеп алу секілді амалды іске асыру қарастырылады.

Оқытудың тік сызықты программалық технологиясы бүгінгі күннің қажеттілігінен туған интерактивтік технологиясына негіз бола алатынына көзіміз жеткендей.

Интерактивтік технологияда үш түрлі парадигма негізгі қызмет атқарады. Оның біріншісі – эмпирикалық, екіншісі – алгоритмдік, үшіншісі – стохастикалық. «Парадигма» деген ұғым оқыту технологиясына жаңа философиялық пайым дегенді аңғартады. Эмпирикалық парадигма – ұстаздың бәлен жылғы жинақталған тәжірибесіне сүйенуі. Стохастикалық парадигма – ықтималдық теориясын жасауы, яғни оқушының ішкі интеллектуалды әлеуетін мөлшерлеп ықтимал жауаптарын деңгейліктерге дәлме-дәл жіктеуі. Әрине, технология деген ұғым бар жерде іс-әрекеттің баяндауыштары өзара әрекеттістікке бағыттайтын дәрежеде. Біздің жағдайымызда «сүйенуі», «алгоритмдеуі». «жіктеуі» деген баяндауыштар мұғалімнің оқушылармен өзара интеллектуалды қарым-қатынасқа түсетін бірден-бір құрал ретінде қолданылып тұр. Аталған үш парадигманың екеуі кешегі күннің көрсеткішіне айналғаны зерттеу барысында анықталды. Атап айтсақ, олар – эмпирикалық, алгоритмдік парадигмалар. Эмпирикалық парадигма таза тәжірибе дегенді білдіретіні жайлы жоғарыда айтып өттік. Дәрісте, семинар және жұмыстың барлық түрлерінде 100% эмпирикалық парадигма негіз болса, жаңалықтың жоқтығы өз-өзінен түсінікті. Сол себепті 100%-ың тек 20% ғана қолданымға жарамды. 20% мұғалімнің тәжірибесіне сүйену – бүгінгі мемлекеттік стандарт талабы. Алгоритмдік парадигманың да 20-25% қолдану тиімді.

Кеңестік дәуірдегі пайызнамалық сан қуушылықтан сапаны жақсартуға бетбұрыс жасалады. Сапаға көшудің бірден-бір жолы – әр оқушының ішкі қайшылығының шешімін табу үшін ситуациялық міндеттердің мәтіндерін құрастыру, дебат, пікірталас, сайыс сабақтары өткізілуі бірінші орынға шығады. Ішкі қайшылықтың өзі қозғаушы күш ретінде қабылданып, саннан сапаға ауысудың көрсеткіші ретінде қабылданған. Қазақ мектептеріндегі оқыту-тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негізі әдістер жүйесін, оның оқушылардың ішкі логикалық деңгейін зерделеуге қатысты құбылыстарын байқауға мүмкіндік жасар құралдарын, амал-жолдарын, іс-әрекеттік үдерістерін қарастырды. Әдістердің өзі сөзге құрылған, үдерістік-әрекеттестік маңызда қолданылған болып екіге бөлінді.

Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құқұндылықтары негізінде құрылуына 2004-2006 жж. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы 4 сәуіріндегі «Ішкі және саясаттың 2004 ж. негізгі бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 13 қаңтарындағы «Мемлекеттік мұра: 2004-2006 жж.» бағдарламасы туралы №1277 Жарлығы негізінде С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің «Мәдени мұра: 2004-2006 жж.» бағдарламасының Республика ауқымында атқарған рөлі зор.

«Рухнама» рубрикасымен 50 томдық жинақ жарық көрді. Аталған бағдарлама 2006 жылмен тұйықталып қалған жоқ. 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасымен жалғасын тапты.



Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:

ПМУ-нің «Мәдени мұра: 2004-2006 жж.» бағдарламасы төмендегідей басшы бағыттарды зерттейді:

1. Ұлттық тарихтың тарихи-мәдени,сәулеттік және археологиялық ескерткіштерін қалпына келтіру.

2. Мәдениеттің, әдебиеттің ұлттық және дүниежүзілік озық ойлардың басылымдар сериясын әзірлеу.

Бағдарламада аталған проблемалардың бүгінгі жай-күйіне баға беріліп, болашақ зерттеу жұмыстарының перспективті бағыттары айқындалады, атқарылатын нақты шаралардың орындалу мерзімдері көрсетілді. Ұлттық және дүниежүзілік ойды, мәдениетті, әдебиетті зерттеу жұмыстарын дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, ғылымдық, әлеуметтік, экономикалық, практикалық іс-шаралардың жиынтығы болып табылады.

Зерттеуші Ж.Ж.Наурызбайдың «Ұлттық мектептің ұлы мұраты» айдарымен жарық көрген еңбегі бүгінгі және болашақтағы қазақ мектептеріне теориялық негіз деуге болады. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде рухани құндылыққа айналған бұл еңбектің жалпы құрылым жүйесі төмендегі кестедегідей өрілген.

Біздің зерттеу жұмысымызда қазақ мектептерінде халықтық педагогика құндылықтарының ғылыми-педагогикалық негізге тірек болуына толығынан мүмкіндік туғызған зерттеуші Ж.Ж.Наурызбайдың «Ұлттық мектептің ұлы мұраты» айдарымен жарық көрген еңбегі бүгінгі және болашақтағы қазақ мектептеріне теориялық негіз деуге болады. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде рухани құндылыққа айналған бұл еңбектің жалпы құрылым жүйесі төмендегі кестедегідей өрілген.

Сурет 1 – Мәдени-этникалық білім беру: педагогикалық теорияның негізі


Көріп отырғанымыздай, Ж.Ж.Наурызбай қазақ мектептеріндегі халықтық педагогика құндылықтарын мәдени-этникалық білім берудің педагогикалық теориясы ретінде ұсынған. Аталған үш түрлі қисындық нысандардың басын біріктіріп тұрған мәселе – ұлттық мектептің ұлы мұраты.

Қазақ мектептері аталған теориядан нені басымдықта алды деген салихалы сұрақтарға төмендегідей жауап беруді зерттеу барысында қарастырдық:

- жұмыр жердегі еліңнің, ел ортасындағы туған жеріңнің орнын, қасиетін, шежіресін білу – географиялық сана ұғымының негізі болмақ;

- халықтың тарихымен, мәдениетімен, ұлттық ғұрыптарымен, салттарымен алғашқы таныстық басталады;

- ұлттық түйсіну халықтың ауыз әдебиеті; ертегілер әндер, аңыздар және басқалары арқылы жүзеге асады;

- ұлттық мардымсуға қарсы өткір қару - өз-өзіне этникалық сын көзқарас;

- Отан, ел-жұрт алдындағы моральдық ұстамдылығы. Олар қандай ғұламалық жолға болсын осы адамгершілік тұғырды негіз етіп барып жетеді;

- қазіргі кезде кез келген тілдің қалыптықолданылуы үшін қажетті 50 әлеуметтік функциядан қазақ тілі іс жүзінде тек 10-ға жуық функцияны ғана іске асыруда;

- әжептәуір ілгерілеу бар болғанымен, мемлекеттік тіл әлі іскерлік, дипломатиялық қарым-қатынас, іс-қағаздарын жүргізу тілі болып кете қойған жоқ;

- Тәуелсіз Қазақстанның мұндай өзіндік тіл саясатының негізгі принциптері мыналар: жүйелілік, біртіндеушілік, бірізділік, кешенділік, өзара түсіністік пен төзімділік, мемлекеттік тілді дамытуға басымдылық беру;

- Қазақстан – бүкіл жер жүзінде қазақтардың атамекені, Отаны болып табылатын бірден-бір этникалық аумақ. Ал қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруінің, дамуының, барлық болмыс-тіршілігінің алғашқы шарты – қазақ тілі;

- біліктілік – адамның өмір жолында көргені мен естігенінің тиімдісін көңілге тоқудан, ал білімділік – тікелей оқудан құралмақ;

- сана тәрбиесінде танымдық пәндердің ықпалы ерекше болатыны түсінікті. Бұл ретте ұрпақтың алдымен өзін-өзі тануы, яғни туған халқының тарихын танып, білуі шарт.

Мұхтар Арын кеңестік дәуірдің қарыштап, өркен жайып тұрған кезінде өмір сүріп, коммунизмнің елесіне көптеген пенделер малданып-алданып жүрген сәттерінде ұлтжандылық ұлағат-тағылым тұрғысында әр ұлтта «Бес анық» философиясының бар екенін дәлелдеген.

Автор өзінің бұл ой – толғамдарын кейінгі ұрпақ үшін ақыл мұра ретінде қалдырғаны айқын көрініп отыр. Автор бес анықтың біріншісі тіл – ұлт санасын парасаттық деңгейге ұмтылдырады дей отырып, оған «Бірінші анық» деген топтама – түйін жасаған. Ал «Екінші анық» - әр ұлттың діні деген философиялық пайым жасайды. Бір ғажабы, тек қазақ елінің діні жайлы емес, барлық ұлттар мен ұлыстардың діні туралы өзінің тұғырлы пікірін айтады. Міне, осы мәселені зерделеуде төмендегідей ғылыми тұжырымдарды түзеді:


  1. Өзін сол үлттың өкілімін деп санайтын адам сол ұлттың дінін жақсы білу керек;

  2. «Дін» ұғымының ұлттық рухқа тікелей қатысы бар;

  3. Дінде ұлттық рухты құраушы; оған белгілі бір мазмұнын беруші; адамды тәртіпке салушы күш бар. (рух, ғарыштық деңгей – жан, тән – күш);

  4. Дінді сырттан келген ағым, бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен идеологиялық құрал деп қарау мүлдем дұрыс емес;

  5. Дін ұлттың дүниетанымдық психологиясына, санаға, тәртіп пен тәрбиеге үлкен әсерін тигізеді;

  6. Дінсіз ұлт, халық болмайды;

  7. Қандай халық болмасын өзінің тарихи тағдырына байланысты дінді белгілі бір идеологиялық сананы тәрбиелеуші құрал ретінде қабылдап алады.

Жоғарыда берілген қасиетті жеті сандық көрсеткіштің бәрі дерлік -үлкен бір-бір модульге жауап берерлік санатты, салиқалы, соны тұжырымдар. Мұхтар Арын әдіснама ішінен жинақтық мәнді таңдап алғанға ұқсайды. Себебі, «халық», «ұлт», «ұлыс» деген ұғымдар жалпылық категорияны білдіреді. Олай болса, діннің жалпы елге қатыстылығын жинақтап беруді өзіне мақсат тұтқан деп есептейміз.

Біздер зерттеу барысымызда қазақ мектептерінде халықтық педагогика негізінде құрылуының даму тарихының жемісін кезеңдікке жіктеу арқылы оның мазмұндық жүйесін айқындадық. Қай қоғамда болмасын мемлекеттік тапсырыс болғаны белгілі, сол себепті ҚР Білім және ғылым министрлігінен қазақ мектептеріне стандарт ұсынылып, оның орындалу барысы бақылауға алынады. Аталған мемлекеттік стандарттан білім мазмұны туындайды.





Сурет 2 – Мұхтар Арын. Бірінші анық – тіл

Ұзақ берілетін мәтіндемені оқушылардың авторлық ұстанымда қабылдаулары мақсатында біздер сол білім мазмұнынан туындайтын халықтық педагогика құндылықтарын саралап беруді жөн көрдік. Бұл ойымызды нығарлай түсу үшін М.Әуезовтің мына бір салихалы, соны тұжырымын негізгі нысанаға аламыз: «Әдебиет мектеп ішіндегі ақыл, сезім тәрбиелеп, қалыптап жетілуден басқа оқушыға қазақ деген елдің өткендегісі мен бүгіндегі пішінін танытуға керек. Белгілі заманның тарихи шарттары мен кәсіп дағдысынан туған салт, сана, сезім, тілек қандай еді? Елдің өнер туғызған қиялымен үлгілі сөз туғызған ақыл шалымы, ішкі дүние байлығы қандай еді? Қазақ тілінде әрбір заманда шыққан сырлы сөздердің үлгі түрі қандай, мағына, маңызы қандайлық? Бір-бірінің ортасындағы тарихи байлам, тіркестік қайсы, әрбір, жұрнақты туғызған себеп не? Міне, осының бәрін бүгінгі мектеп ана тілінің шеңберіне сыйғызып, оқушыға білдірмекке талап етеді. Орта дәрежелі мектепте жүрген оқушылардың осы сияқты ақыл, сезім азығын тілеп, сұрап отырған жайы бар» «Білім мазмұны» деп отырғанымыз алдымен «қазақ әдебиеті» пәнінің мектеп бағдарламасына сәйкес келерлік оқу материалдары. Осы материалдардан халықтық педагогика құндылықтарынан рухани нәр алуына мүмкіндіктің бар екенін зерттеу жұмысының барысында байқадық.





Қазақстан Республикасы Білім жіне ғылым министрлігі мемлекеттік стандарты





Сурет 2 – Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтары негізінде құрылуының даму тарихының моделі


  1   2


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет