Мекеменің 2004 жылы және 2005 жылдың 1-ші тоқсанында жасалған жұмыстары туралы есеп



жүктеу 68.15 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі68.15 Kb.
Мекеменің 2004 жылы және 2005 жылдың 1-ші тоқсанында жасалған жұмыстары туралы есеп

Аудан аусағы 962481 гектарды алып жатыр, оның 722693 гектарды ауылшаруашылығына арналған, 398327 гектар жер аудандағы ауыл шаруашылық құрылымдарына бекітіліп берілген. Ауданда 812 ауылшаруашылық құрылымдар бар, оның 805-і шаруа қожалықтары, бұл 2003 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 148 шаруашылыққа көп.

2005 жылы аудандағы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі 5224652 миллион теңге болды, бұл жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға артық.2005 жылдың 1 қаңтарында 22171 тонна ет, 50312 тонна сүт, 22345 мың дана жұмыртқа, 142 тонна жүн, 350 кг панты өндірілді. Ет 636 тоннаға, сүт 4685 тоннаға, жүн 19 тоннаға артты.

2005 жылдың 1 қаңтарында 2682457,5 мың теңгенің ауылшаруашылық өнімдері қайта өңделді, оның 2635860,5 мың теңгесі ірі шаруашылықтарда, 46597,0 мың теңгесі шағын өңдеу цехтарында өндірілді. Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін 41 шағын цехтар бар, оның 23-і наубайхана, 3-і диірмен, 3-і май-сыр цехы, 5-і май престегіш, 3-і кондитер, 2-і шұжық цехы, 1 жарма, 1 қымыз өндіру цехы. Есеп беріп отырған мерзім аралығында ірі қара 50,3 мың бас, шошқа 12,1мың, қой-ешкі 62,0мың, жылқы 7,7 мың бас, құс 1088,4 мың, түйе 13, марал 60, түйеқұс 6 бас болды. 2004 жылы егістік алаңы 73309 гектар болды, оның 40365 гектары дәнді дақылдар, 13130 га күнбағыс, 630 га көкөніс, 1003 га картоп, 1200 га сүрлемге арналған жүгері, 16981 гектары көп жылдық шөп егістігі.2004 жылы дәнді дақылдардан 37087 тонна өнім алынды, орта есеппен әр гектарға шаққанда 9,9 центнерден айналды, күнбағыс – 8676 тонна (6,6 центнер), көкөніс – 8480 тонна (134,6 центнерден), картоп – 15045 тонна (150 центнерден), сүрлемге арналған жүгері – 18506 тонна (154 центнер). Барлығы 160228 тонна шөп дайындалды.

Қой етіне деген сұраныстың барлығы май мен еті мол қойларды өсіруге мүмкіндік беріп отыр. Мал шаруашылығын өркендетуге 2003 жылы 5,0 миллион теңге, 2004 жылы 6,0 миллион теңге бөлінген болса, мұның барлығы қой сатып алуға жұмсалды. Соңғы 3-4 жылда ауданға асыл тұқымды қошқарлар мен «Байыс» саулықтары әкелінді. Ауданда жылқы шаруашылығымен 15 шаруашылық айналысады. (жәбе, қостанайлық, донскойлық, орловтық тұқымдар өсірілуде).

Соңғы кездері ауданда дәстүрлі емес малдарды өсіру қолға алынып отыр. 2003 жылы «Багратион-2» шаруа қожалығына 60 бас марал әкелінген, қазір олар аймақтың табиғат жағдайына бейімделіп алған. «Дархан», «Багратион-2» шаруа қожалықтары 13 бас түйе сатып алған. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ауданда оларды өсіру тиімді.Сондай-ақ «Дархан» шаруа қожалығына 6 түйеқұс әкелінген, олар біздің табиғат жағдайымызға бейімделіп, жұмыртқа тапқан, әзірге балапаны жоқ. «Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамы құс етін өндіруге негізделген. Фабрикада құс етін 65 түрлі өнім өндіріледі. 2004 жылы 1109213 құс болса, 136165 центнер құс еті өндіріліп, 13538655 дана жұмыртқа алынды, бұл 2003 жылдың ос мерзімімен салыстырғанда 8,7 пайызға көп. Фабрикада 1160 адам еңбек етеді.«Калантаевский» шаруа қожалығы дәнді дақылдар және күнбағыс өсіру жөніндегі тұқым шаруашылығы статусын алды. «Багратион» шаруашылығы тұқым шаруашылығы статусын алу үшін құжаттарын әзірлеуде.«АгроБАМ» шаруа қожалығының негізінде «Бальзам земли» биологиялық тыңайтқышын өндіру жөніндегі цех құрылысы аяқталды. 2005 жылдың наурыз айында ғалымдармен бірлесе отырып биологиялық тыңайтқыш пен азықтық қоспалардың алғашқы үлгісі шығарылмақ.2004 жылы Ұлан ауданының шаруашылықтарына 98000,0 мың теңгенің 3840 тонна арзан жанармайы берілді, оның 1000 тоннасы – көктемгі егіс, 2000 тоннасы – күзгі жиын-терін жұмыстарына, 840 тоннасы несиеге берілді. Жыл сайын ауданның машина-трактор паркі жаңарып келеді. Бүгінгі күнге дейін парк техникаларының ескілігі 85 пайыздан 60 пайызға түскен. 2004 жылы лизинг бойынша 31 техника жаңартылған. 2004 жылы «Сағыр» шаруа қожалығының негізінде балық ұнын өндіретін цех ашылған, ол бір ауысымда 200 килограмм балық ұнын өндіреді. Азов ауылдық округінде балық-ет консервілерін шығаратын «Чуембаев» жеке шаруашылығының цехы ашылмақ, консервілердің алғашқы өнімдері сапа сертификатын алу үшін лабораториялық сараптамаға жіберілген. 2004 жылы «Багратион-2» шаруа қожалығы Қытай Халық Республикасынан қатты ірімшік пен «Сулугни» ірімшігін орайтын орағыш – вакуум сатып алып орнатты, бұл өнім сапасын жақсартуға игі әсер етеді.



Өнеркәсіп.
Аудан аймағында ірі өндіріс орындары «ГРК Белогор ГОК», «Огнев» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бар. 2004 жылдың 12 айында товар өндіру (жұмыс қызмет) көлемі 3537,0 миллион теңгегеболды. 2003 жылмен салыстырғанда өнім өндіру көлемі 8,3 пайызға артты.

Байланыс
Аудандық телекоммуникация жүйесі негізгі техника-экономикалық көрсеткіштер бойынша 2004 жылы кіріс бойынша болжам 101,9 пайызға орындалды. Жоспардағы 64035,0 мың теңгенің орынына 65221,0 мың теңге игерілді. 385 телефон аппаратының орнына 590 телефон аппараты орнатылды, бұл 153,2 пайыз, телефон аппаратының өсуі 129,8 пайызға орындалған. 6232 дана сыйымдылықты монтаждаудың нәтижесінде 6085 телефон іске қосылды.

Автожолдар
2004 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын елді мекендер көшелерін жай жөндеуге және қалыпты жағдайда ұстауға 23,4 миллион теңге бөлінген, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 4,1 миллион теңгеге көп. Бөлінген қаржының 23391,6 мың теңгесі жолдарды жөндеуге және ұстауға жұмсалды, бұл жоспардың 99,9 пайызы. Ауыз сумен қамту 2003-2010 жылдар арасындағы «Ауыз суы» аймақтық бағдарламасы шеңберінде өткен жылы Саратовка ауылындағы су құбыры 18256,0 мың теңгеге жөнелді. Алмасай ауылындағы су құбыры жүйесін түбегейлі жөндеу үшін 26,7 миллион теңгенің жобалық-сметалық құжаттары жасалып қойылды.

Тұрғын үй құрылысы
2004 жылы ауданда жалпы алаңы 6441 шаршы метрлік 175 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2003 жылмен салыстарғанда 154,7 пайыз.Молодежный кентінің бас жоспарына түзету енгізу аяқталды, бұған бюджеттен 1,8 миллион теңге бөлінді. Кенттің бас жоспары бойынша бос жатқан орындарға екі-үш қабатты және жеке үйлер салуға 100 гектар белгіленген.

Кәсіпкерлік
Есеп беріп отырған мерзімге дейін шағын кәсіпкерліктен 55112,0 тың теңге салық төлемдері түскен. Өткен жылмен салыстырғанда түскен қаржы мөлшері 14294,0 мың теңгеге, немесе 135 пайызға өскен. Шағын кәсіпкерліктен түскен қаржы есебінен аудан бюджеті 2003 жылдағы 15,6 пайыздың орнына 20 пайыз болған.

Тұрғындарды жұмыспен қамту
Аудандық тұрғындарды жұмыспен қамту орталығына 977 адам жұмысқа орналасу мәселесімен келген. Бұл 2003 жылмен салыстырғанда 257 адамға көп. Бағдарламада 1000 адам деп есептелген. 2004 жылдың 31 желтоқсанына дейін нақты жұмыссыз деп есепте тұрғандар саны 2003 жылмен салыстырғанда 122 адамға азайған, 460 адам болған, оның 303-і әйел, 88-і 24 жасқа дейінгі жастар.2004 жылы «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы бойынша 196,0 мың теңге жұмсалды, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 168 пайызға көп.

Білім беру
Ауданда 38 мектеп, 2 мектептен тыс 1 мектепке дейінгі мекеме бар. 38 мектептің 26-ы орта, 9-ы негізгі, 3-і бастауыш, оларда 2004-2005 оқу жылдарында 6576 оқушы білім алуда. 2003-2004 жылдармен салыстырғанда оқушылар саны 572-ге азайды.Ауданда ауыл шаруашылық колледжі, оның ішінде лицей бар. Өткен жылы ауданда «Психологиялық коррекция кабинеті» ашылды. Кбинет денсаулығы шектелген 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге көмектесуга арналған. Есепті мерзім ішінде 26453,2 мың теңгеге 7 объектіге күрделі жөндеу, сондай-ақ 817 мың теңгеге жай жөндеу жүргізілген.Жаңа оқу жылының басынан бері С.М. Киров атындағы мектеп жанында 50 балаға арналған интернат жұмыс істеуде. Борсақ ауылында 30 балаға арналған мектеп салу жөнінде жоспарлы-сеталық құжаттар жасалған. Мектеп 1976 жылы салынған қазір авариялық жағдайда. Орта білім беру мекемелерінің кітапхана қорын жаңарту үшін 1900,0 мың теңгеге оқулықтар сатып алынды. Бес автобуспен 8 ауылдан 482 оқушыны тасу іс жүзінде асырылған. Жалпы білім беру қорынан мектеп жанындағы лагерьлерді ұйымдастыруға 414,2 мың теңге бөлінген. Биыл «Жалпы орта білімді информатизациялау» жаңа бағдарламасы ашылып, соның негізінде Киров, Ленин, Аманжолов, Октябрьдің 17 жылдығы, Молодежный кентіндегі, Тавриядағы, Привольныйдағы, Митрофановкідегі мектептерге «Кателко» цифрлы қондырғы орнатылған. Жыл аяғына дейін Интернет арқылы 30-дан астам мектеп жұмыс істемек. Қазір Интернет аймағында Привольный, Таврия мектептері жұмыс істейді. Жетім қалған және асыраушысынан айырылған балалар бір уақыт ыстық тамақпен қамтылған. Бұған қаржы жалпы білім бері қорынан 551230 теңге бөлінеген, 2003 жылмен салыстырғанда екі есе көп.Жаз кезінде мектеп жанындағы ұйымдастырылған лагерьлерде 3 кезеңде 721-ден астам бала дем алса, «Сартымбет» лагерінде жетім және аз қамтылған отбастарынан 80 бала денсаулықтарын жақсартты. Аудандағы білім беру мекмелерінің барлығында жай жөндеу жүргізілді.

Денсаулық сақтау
Ауданда коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар: Таврия аудандық, Асубұлақ учаскелік, Бозанбай ауылдық ауруханалары, 8 отбасылық емханалар, 6 ФАП, 18 фельшерлік пункттер, 7 үйдегі медицина қызметкерлері тұрғын халыққа медициналық қызмет көрсетеді.Таврия, Бозанбай ауылдарында, Асубұлақ кентінде 100 төсектік стационарлар сақталған. Оларда 17-18 мамандандырылған дәрігерлік қызмет көрсетіледі. Ауданның денсаулық саласында 44 дәрігер, 154 орта буын мамандар жұмыс атқарады. 2004 жылы 104163,1 мың теңгенің медициналық көмегі көрсетілсе, 700,0 мың теңгенің тегін дәрі-дәрмегі берілді. Тамаққа 3293,3 мың теңге, дәрі-дәрмекке 28,8 мың теңге жұмсалды. Денсаулық сақтау бюджетінен 15 ФАП пен фельдшерлік пункттерге 2,0 миллион теңгенің медициналық құрал-жабдықтары сатылып берілді. Гагарин, Завидный селоларындағы отбасылық емханаларға, Таврия аудандық ауруханасына үш санитарлық автомашина сатып берілді. 17007,2 мың теңгеге аудандық аурухана күрделі жөндеуден өткізілді, 1500,0 мың теңгеге төсек жанына монитор, дефибриллиятор, электроотсос сатылып алынды. Бозанбай ауылдық учаскелік ауруханасына 1506,0 мың теңгенің медициналық құралдары сатылып берілсе, Герасимовка отбасылық емханаға 266,1 мың теңгеге жөндеу жұмысы жүргізілді.

Мәдениет
Аудан территориясында 25 мәдени мекеме бар. 2004 жылы Завидный ауылында кітапхана қалпына келтірілді. Молодежный кентіндегі Мәдениет үйінің бірінші қабатындағы кафе жөнделуде, 210,0 мың теңгеге музыкалық құралдар сатып алынды. Құқық қорғау Оперативтік жағдайды қалыпты ұстау, қылмысқа жол бермеу мақсатында «Правопорядок», «Допинг», «Қару», «Группа», «Надзор», «Мигрант» профилактикалық шаралары өткізілді.Қолданылған шараларға қарамастан қылмыстың жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға өсті, Жалпы қылмыс саны 51,7 пайыз болса, басқаның мүлкін ұрлау 69,7 пайызға көбейді. Есеп беріп отырған жылда учаскелік инспекторлар 141 қылмыстың бетін ашты. Көші-қон полициясы бөлімі 3876 адамды құжаттандырды. Жол-транспорт оқиғалары 7,3 пайызға, аварияға түсу 9,2 пайызға азайды. Бюджет2004 жылдың аудан бюджеті түсім бойынша 101,4 пайызға орындалды. Бюджеттің өз қаржысы есебінен орындалуы 104,4 пайыз болды, болжамдағы 271,2 миллион теңгені орнына 283,2 миллион теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда кіріс 12,8 миллион теңгеге өсті. 38 кіріс көзінің 36-ы орындалды. Бюджеттің шығыс бөлігі 101,4 пайзға орындалды, 813787,0 мың теңгені орнына орындалуы 825465,0 мың теңге болды. Нақтыланған бюджет 67,146 мың теңге болса, ол 67,134 мың теңге болып орындалды, немесе 99,9 пайыз.2004 жылдың 24 желтоқсанына дейін шаруашылық тұлғалар мен аудан тұрғындарынан Алдан-ала болжамдағы 351378,4 мың теңгенің орнына бюджетне 369539,4 мың теңге салық пен басқа да төлемдер түсті, бұл 105,2 пайызды құрайды. Жергілікті бюджетне 271252,0 мың теңгенің орнына 275462,6 мың теңге түсіп, қамту 101,6 пайызды көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда кіріс 13323,6 мың теңгеге көп.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет