2-сурет. Екі берілгені бойынша үшінші көріністі салу Кесінді, қима және т.б. қолдана отырып бөлшектің геометриялық формасын сызбада өзгертуді Т-тәрізді кесінділі цилиндр мысалында қарастырайық. - 3 - сурет (а) екі проекция және төрт тік және үш көлденең жазықтықтармен шектелген кесінділі цилиндрдің нақты көрінісі келтірілген.
- Кесіндіні шектейтін нүктелерді алдын ала берілген деп қарастыруға болады (3,а суретінде олар шеңбер түрінде көрсетілген). Алдымен кесінді нүктелерінің тік проекциясын тауып алады. Цилиндрдің профильді проекциясын сызып (3-сурет,б), байланыс сызықтары арқылы кесінді проекциясын анықтайды.
3-сурет. Цилиндр сызбасында кесінді проекциясын тұрғызу Проекция жазықтықтарына қатысты фигураның кеңістіктік орналасуының өзгеруімен байланысты сызбаны түрлендіру - Әдетте проекциялау кезінде текшенің (куб) оның шектері проекция жазықтықтарына параллель болатындай етіп орналастырады. Бұл жағдайда текше (куб) проекция болып үш бірдей шаршы (квадрат) болып саналады (4-сурет, а).
- Тікбұрышты параллелепипед текше (куб) сияқты проекцияланады. 4-суретінде (б) оның үшін проекциясы келтірілген. Алайда, екі проекция текше (куб) немесе параллелепипедтің формасын нақты анықтауға мүмкіндік бермейді.
- Егер көпбұрыштарды симметрияның тік осі бойымен кішкене бұрса, яғни, олардың шектерін проекция жазықтықтарына параллель емес етіп орналастырса, онда текше (куб) немесе параллелепипед формасы екі бейне арқылы берілуі айқындалады (5-сурет, а, б).
- Тікбұрышты проекциялардың бұл қасиеті техникалық сызуда кеңінен қолданылады. Мысалы, қосымша көріністі орындау кезінде бейненің бұрылуын қолданғанда немесе қиманы орындау кезінде.
5-сурет. Көпбұрыштардың өзгерген позициялары Тапсырмалар - Дескрипторлар:
- Түрлендірудің не екенін біледі
- Түрлендіруді орындау үдерісін біледі
- Түрлендіруді орындау үдерісін өз сызбасында қолданады
- Түрлі тапсырмаларды орындайды
- Сызбаны талдайды
- Орындалған жұмысты талдайды және рефлексия жүргізеді
- Бөлшектің сызбасын жасайды
-
- Бағалау:
- Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау
- Саралау:
- Күрделі және жеңіл тапсырмалар
Достарыңызбен бөлісу: |