Қолдану
• Түрлендіру үдерісін өзінің сызбаларында қолданады
• Түрлі тапсырмаларды орындайды
Талдау
• Сызбаны талдайды
• Орындалатын жұмыстарды талдайды, рефлексия жүргізеді
Синтездеу
• Бөлшектің сызбасын жасайды
Бағалау
Өз жұмысын және сыныптастарының жұмысын бағалайды.
- Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру (графикалық жұмыс). 1-сабақ
Өндірісте әртүрлі геометриялық фигураларды түрлендіруді талап ететін сызбалар кездесуі мүмкін. Түрлендірулер, ең алдымен, белгілі ережелерге сай орындалатын бір кескіндердің басқа бір кескіндермен алмастырылуымен байланысты. Олардың әрқайсысына тоқталып өтейік
- Кескіндерді жетіспейтін сызықтармен толықтыру
- Көп жағдайда сызба соңғы нақтылайтын тексеріс кезеңінен өтетін кезде қандай да бір сызықтардың болмауы немесе өнімнің элементтерін көрсететін қандай да бір белгілердің болмауы сияқты жағдайлар туындап жатады. Керісінше, сызбаның деталі жайлы ешқандай ақпарат тасымалдамайтын артық сызықтарды алып тастау қажеттілігін тудыратын жағдайлар болады. Қалай болғанда да, қима, тіліктерді және т.б. орындау кезінде екі әдісті де ескеру қажет.
- 1 - суретте (а) келтірілген бөлшектің сызбасының мысалында қарастырайық. Жоғарғы көріністе кейбір сызықтардың жоқ екенін байқаймыз. Қисынды түрде талқылайық. Егер бөлшектің тесік бөлігі болатын болса, онда сызбаны белгілеу ережелері бойынша оны барлық көріністе штрихты сызықпен белгілеу керек (сурет 1,б). Осылайша, сызбаны жетіспейтін штрихты сызықтармен толықтыру қажет, мұндай процессті кескінді қайта жаңарту деп атайды.
- 1-сурет. Кескінді жетіспейтін сызықтармен толықтыру
- Кескінді түрлендірудің келесі әдісі - өнімнің үшінші көрінісін екі берілгені бойынша тұрғызу.
- Бөлшектің жетіспейтін көрінісін тұрғызу үшін, ең алдымен, оның көрнекті бейнесін көрсету керек, яғни аксонометриялық проекция бойынша орындалған бөлшек, содан кейін байланыс сызығы көмегімен жетіспейтін көріністі тұрғызу қажет.
- 2-суретте (а) бұранда (болт) дайындамасының екі көрінісі келтірілген, үшінші көрінісін салу қажет.
- Ең алдымен, бұранданың анализін жүргізу қажет. Суреттен көріп тұрғандай, бұранда дайындамасы алтыбұрышты призмадан, тікбұрышты параллелепипедтен, екі цилиндр мен қиық конустан (2 - сурет, б) тұрады.
- Барлық бөліктерді ойша біріктіре отырып, 2-суретте (в) көрсетілген бұранда формасы салынады. Бұранда дайындамасын құрайтын барлық бөліктердің профильді проекциясы белгілі. Осы геометриялық денелердің тек сол жақ көрінісін салу ғана қалады.
- Бұранданың профильді проекциясы байланыс сызықтары мен 45° бұрышпен сызылатын қосалқы түзу арқылы тұрғызылады (2-сурет, г).
Достарыңызбен бөлісу: |