Албергенов Аслан
Әріптердің өзгеретінін білемін .
Әлім Аида
Түбір сөзге жұрнақ жалғап, туынды зат есім шығаруға үйренеміз.
|
Жанұзақова Аяжан
Ы,і жалғанғанда дауыссыз дыбыс өзгереді.
Болат Жанерке
Түбірді білемін, жұрнақты білемін
|
2. Бүгінгі тақырыпқа байланысты мәтіннен жаттығу құрастыр.
Ерулік
Біздің ауылға біраз үй көшіп келді. Оларды жұрт қуанып қарсы алды. Күн сайын әр үй қонаққа шақырып, ерулік берді. Домбыра тартылды, ән айтылды. Жұрт бір-бірімен әзілдесіп, көңілді отырды. Монғолиядан көшіп келген туыстарды біз осылайша қарсы алдық.
(Осындай жаттығу орындау қызықты ма? Неге?)
|
Басарова Алтынай
Қызықты. Себебі біз ерулік деген мағынаны түсіндік.
Спанова Диана
Қызықты. Себебі, ойымызды дамыта отырып, сауатты жазуға үйренеміз.
|
Нұрпейісов Айкен
Қызықты.
|
3. Кестені толтыр. Берілген тапсырманы орындай отырып, неге үйренесің?
|
Рамазанова Аяжан
Бос төркөздегі белгісіз санды табу. Мұны бөлу арқылы да табуға болады.
Балсеитов Дастан
Бос әйнекшеге белгісізді санды қою. Белгісізді табуға үйренемін.
|
Жылқыбаева Гүлдана
Көбейту, бөлуді және кестені үйренемін.
Меңдығарин Бахром
Ауданын табуға.
|
8- кестеде үшінші сынып оқушыларының оқу тапсырмаларын орындауда талдау, мақсатты анықтау іскерлігін анықтауға бағытталған тәжірибелік -экспериментте алынған тапсырма сұрақтарына осылайша жауаптар берілді.
Берілген тапсырмалар нәтижесінде оқушылардың қазақ тілі, математика пәндеріндегі белсенділігі, тапсырманы орындаудың реттілік тәртібі туралы біліктері, қызығушылықтары анықталды. Нәтижесі элементтік талдау кестесіне жинақталды. Экспериментке қатысушы оқушылардың 23,8% жоғары деңгейді көрсетсе, 55% ең төменгі деңгейді көрсетті.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оқу әрекетін ұйымдастыруда кемшіліктердің болу себептерін: бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу әрекеті құрылымы жете білмейтіндігі, оқу тапсырмаларын орындауда әмбебап тәсілдердің қолданылмауы, оқушылардың оқу тапсырмаларын орындаудың ортақ тәсілдерін өздігінен қолдана білмейтіндіктерінен деп көрсетті. Бұл өз кезегінде алдағы жұмыстарды жүргізуге негіз болып отыр.
Кесте 9 – Тапсырмаларды орындау көрсеткіштері
Деңгей
|
Барлығы -200 оқушы
|
Эксперименттік топ
(101 оқушы)
|
Бақылау тобы
(99 оқушы)
|
Жоғары
|
23,8%
|
13%
|
Орташа
|
21,2%
|
19,2%
|
Төмен
|
55%
|
68,8%
|
Кесте бойынша жүргізілген анықтау экспериментінің қорытындыларын тұжырымдай келе, бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу әрекетін ұйымдастыруға даярлығы мен оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру негізінде білімді меңгеруін қамтамасыз ететін түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруға жол ашатын зерттеу экспериментінің келесі кезеңіне көшу қажеттігі туды.
Анықтау эксперименті оқушыларда оқу тапсырмаларын орындауда талдау, мақсатты анықтау іскерліктерін қалыптаспағандықтарын байқатты. Бұдан шығатын қорытынды, егер оқушы тапсырманы орындауда талдауды білмесе, мақсатын айқындай алмаса, онда тапсырманы орындауға қызығушылығы болмайтындығын көрсетті. Қызығушылық болады, егер оқушы тапсырманы шешудің тиімді жолын білсе, мақсат-міндетін ажырата алса. Ал, тапсырманы орындаудың тиімді жолын, мақсат-міндетін білу талдау, мақсатты анықтау іскерлігі арқылы жүзеге асатындығы эксперимент барысында анықталды.
Эксперимент нәтижелерін қорытындылайтын болсақ, оқушылардың қазақ тілі, математика сабақтарындағы белсенділігі, тапсырманы дұрыс орындаудың төмен деңгейі байқалды. Бұның себептері:
- тапсырманы орындаудың реттілік тәртібін білмеуі;
- тапсырманы орындағанда неден бастайтындықтарына қиналуы, жай орындай салуы;
- мұғалімнің оқушыны тапсырманы орындауға қызығушылығын туғызбауы, ынта-ықыласын оятпауы.
Аталған себептер оқушылардың оқу тапсырмаларын орындауда олқылықтардың бар екендігін байқатты. Анықтау экспериментінің нәтижесі және оған байланысты тұжырымдар оқушылардың оқу тапсырмаларын орындау барысында танымдық қызығушылығын қалыптастыру талдау іскерлігі, мақсатты анықтауды ұйымдастыру зерттеу жұмыстарына негіз болды.
Оқу тапсырмаларының мақсатын қою тапсырманың орындалуы, нәтижелелігіне әсер ететін бірден-бір фактор болып табылады.
Берілген тапсырмалардың нәтижелеріне қорытынды жасау барысында оқушылардың бойында әлі де болса оқу тапсырмаларының құрамды бөліктерін дұрыс білмейтіндігі, оқу тапсырмаларын орындаудың белгілі бір тәртібі қалыптаспағандығы, оқу әрекеті өз деңгейінде қалыптаспағандығы анықталды. Сондықтан да оқу тапсырмаларын орындауда талдау, мақсатты анықтауға үйретуге бағытталған қалыптастырушы эксперимент қажеттігі туындап отыр.
Қалыптастырушы эксперименттің міндеттері төмендегідей жүйеленді:
қазақ тілі, математика пәндері бойынша танымдық қызығушылықты
қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесін жасап, оны 3 сыныптың білім беру үрдісінде сынақтан өткізу;
бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу әрекеті барысында оқушылардың оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылығын қалыптасыру мақсатын көздейтін арнайы курс бағдарламасын жасау.
Эксперименттің екінші кезеңінің барысында төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлінді:
1. Қазақ тілі, математика пәндері мазмұны негізінде жаттығу, есепті талдау, оның мақсатын қоюда танымдық қызығушылықты қалыптастыруға мән берілді.
2. Кез-келген әрекет сол әрекетке сәйкес тапсырмаларды (жаттығу, есепті) орындау тұрғысынан қарастырылуы, оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары негізінде құрылатынына және есептің жаттығудың ерекше бір түрі ретінде берілуіне байланысты бастауыш сынып оқушыларына есеп ұғымын қалай түсінетіндігін нақтылау.
3. Оқу тапсырмаларын орындатуда талдауға, мақсатты анықтауға бағыттау.
Кесте құзыреттілікке бағытталған тапсырма түрлерін көруге болады.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қалыптастыру кезеңіне 200 оқушы қатысты, олардың ішінде эксперимент тобында (101 оқушы) 3 сынып оқушылары қатысты.
Екінші қалыптастыру кезеңінде математика, қазақ тілі пәндерінде оқушыларға құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындату, әмбебап тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, сабақ кезінде орындаған тапсырмаларын тексеру, білім деңгейін көтеру негізінде болды.
Құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды сұрыптап қолдану оқушылардың танымдық қызығушылығын, тапсырмаларды орындауға ынтасын, қызығуын, шығармашылық қабілетін қалыптастырады. Сондай-ақ, оқу мен өмір жағдаяттарында кездескен түрлі проблемаларды өзбетінше шешуге батыл әрекет жасайды, жолдарын іздестіру, түрлі тәсілдерді қолдана біледі.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бұл кезеңі Түркістан облысының Шымкент қалалық №38 және Н.Оңдасынов атындағы мектеп гимназиясында жүргізілді.
Кесте 11 – Тапсырмаларды орындау көрсеткіштері
Деңгей
|
Барлығы -200 оқушы
|
эксперименттік топ
(101 оқушы)
|
бақылау тобы
(99 оқушы)
|
Жоғары
|
23,8%
|
13%
|
Орташа
|
21,2%
|
19,2%
|
Төмен
|
55%
|
68,8%
|
Сурет 6 - Эксперимент сыныбының көрсеткіші
Сурет 7 - Бақылау сыныбының көрсеткіші
Үшінші сынып оқушыларының оқу тапсырмаларын талдау іскерлігін қалыптастыруға бағытталған жұмыс нәтижелері оң нәтиже беріп отыр, себебі, эксперимент сыныбында оқу тапсырмаларын талдай алып, оның мақсатын қойып жұмысты қызығушылықпен орындаған оқушылар саны өсіп, тапсырманың мәніне түсінбей, еш қызығушылық танытпаған оқушылар саны азайды. Ал бақылау сыныбында еш өзгеріс байқалмады.
Бұл уақыт аралығында жүргізілген эксперимент жұмысымен шектеліп қалуға болмайды. Қазіргі білім беру мазмұны бастауыш сынып мұғалімдерінен үнемі ізденушілікті, шығармашылықты, жұмыс мазмұнын үнемі күрделендіруді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |