Мектеп басшыларына!



Дата03.07.2016
өлшемі44 Kb.
#174968
Мектеп басшыларына!
Қазақстан мен Ресейдің білім беру жүйесі аясындағы қарым-қатынасын нығайту, дүние жүзі тарихы мен қоғамдық мәдениетке баулу, оқушылардың ақпаратпен өзіндік жұмыс жасау қызметін дамыту мақсатында Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының 6.01.2010 жылғы №389/01-04 хатына сәйкес «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО 2010 жылғы 12-15 ақпан аралығында Халықаралық «Алтын руно» ойын-сайысын ұйымдастырады.

Демеушілер мен ата-аналар есебінен ақылы түрде (300 теңге) өтетін ойын-сайысқа барлық тілек білдіруші оқушылар қатыса алады. Қатысушы балалар 60 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын 12-ақпан күні үйлеріне алып, 15-ақпанда жауапты мұғалімдерге тапсырады. Сұраныс «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТО-на ақпанның 3-не дейін төмендегі үлгімен (тізім Excel MS форматымен терілуі тиіс) тапсыру сұралады:






Область

район


школа

итого

3-4

5-6

7-8

9-11













каз

рус

каз

рус

каз

рус

каз

рус


Утарбаева А.З.

26.01.2010 ж.



Мектеп басшыларына!
29.01. 2010 ж. Благодар ОМ «География, биология, химия сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану», 3.02.2010ж. №26 ОМ «Эффективность использования инновационных технологии на уроках биологии и химии.» тақырыбында қалалық семинарлар өтеді. Осы екі мектепте өткізілетін, екі күнгі семинарға қазақ және аралас мектептеріндегі химия, биология, география пәндері мұғалімдерінің қатысуын қамтамасыз ету сұралады.

Тіркелу уақыты: Благодар ОМ -де 8.45.- 9.00;

№ 26 ОМ -де 8.00-8.15

Басталуы: № Благодар ОМ-де 9.15

№ 26 ОМ - де 8.20

Благодар ОМ- не №29 автобуспен «Астана», «Пионер» аялдамалары арқылы отырып, «Опытная» аялдамасынан түседі.


Әдіскер А. Садықова
Мектеп басшыларына!
Экологиялық білім мен дамуға арналған «Оқу орындары территориялары мен ғимаратының экодизайны» тақырыбындағы облыстық конкурс ережелері.


  1. Конкурстың мақсаты: Оқушылардың практикалық,тәжірибелік білімі мен қабілетті жүйесін қалыптастыру, экожүйені дамыту, экологиялық қасиет өлшемін өткізудегі тәжірибесін тарату.

  2. Конкурсқа қатысушылар: колледж, лицей, гимназия, мектеп оқушылары.

  3. Жобаға қойылатын талаптар:

3.1. Оқу орындары территориясын көгалдандыру және ландшафтық дизайн құрылымы бойынша практикалық ұсыныстар қамтылған жобалар ұсынылады.

3.2. Жоба құрылымы: а) сызба (эскиз,макет)

б) түсінік хат материалдың пайдалануы және оның түрлері, дизайны туралы шығарылған шешім, ағаштың түрлері, бөлме өсімдіктері, көшеттер саны немесе пайдаланылған тұқымдар, жерді тыңайту.

Микроклиматты жақсартуға климотехника түрлерін, пәндік оқу кабинеттерін дизайнына, «жасыл бұрыш», вестибюльдерге арналған жобалар болуы мүмкін.

3.3.Жоба шығынының сметасы.

4. Жобаны ұсыну тәртібі:

4.1. Қатысушының аты-жөні (толығымен), оқу орнының атауы, жетекшінің аты-жөні (толығымен), жоба жетекшісі. Материалдар мына мекен- жайда қабылданады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр-хан даңғылы, №1 үй, 6 кабинет «Поколение-М» ОО

4.2. Жоба қағазда, сондай-ақ электорнды нұсқада болуы мүмкін. Барлық материалдар қазақ тілінде немесе орыс тілінде болады.

5. Жобаны бағалау критерийі:

- практикалық, экономикалық, мүмкіндік тәжірибесі;

- жобаның маңыздылығы, жаңашылдығы;

- пікірлер мен шешімдердің түп нұсқасы ;

- қолданылған материалдар мен композициялардың аргументі;

- оқушылардың өз бетімен қатысу дәрежесі;



  1. Конкурсты өткізуді ұйымдастыру:

6.1. Конкурс өткізу үшін ұйымдастыру комитеті және әділ қазылар құрамы құрылады.

6.2. Өткізу орны мен уақыты; 10 наурыз, 2010 жыл, Әбілқайыр-хан даңғылы, №1 үй, 6 кабинет.



  1. Конкурсты өткізу нәтижесі:

7.1. Әділ қазылар жобаны бағалау нәтижесі бойынша конкурс жеңімпаздарын анықтайды (1-3 орындар)

7.2. Конкурс лауреаты анықталады;

Конкурстың жеке композициялары анықталады;

Ұйым комитетінің тел. 503 564 (жұм), 505-771, 8 705 622 14 21 (моб).



Әдіскер А. Садықова
Мектеп басшыларына!
2010 жылдың 28 қаңтарында №41 ОМ-де «Бейнелеу өнері арқылы ұлттық өнерді дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізіледі. Семинарға қазақ мектептерінің бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің қатысуы міндетті.

Тіркелу уақыты: сағ.9-00.

Басталуы: сағ. 9-30.

Ясный ауылы. Тел: 98-87-29.



Утарбаева А.З.
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 6 қаңтарындағы №02-4-2 хатына сәйкес жастардың шығармашылық қабілетін дамыту, өз ойын нақты жеткізе білу, сонымен қатар елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Бүкіләлемдік пошта бірлестігі мен ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен хат түріндегі (эпистолярлық) жанр бойынша халықаралық жастардың шығарма конкурсы өтетінін хабарлайды.

Конкурс тақырыбы: «СПИД және одан бір-біріңді қорғау неліктен маңызды екендігін айтып хат жаз».

Қойылатын талап: Конкурсқа 15 жасқа дейінгі 7-10 класс аралығындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатыса алады. Шығарма 800 сөзден аспай, тек қана тақырыпқа байланысты жазылуы тиіс.

Ең үздік орындалған жұмыс (1- қазақ тілінде, -орыс тілінде) облыстық кезеңге жіберіледі.



Жұмыстарды 2010 жылдың 5 ақпанына дейін (қалалық білім бөліміне №36 каб.) тапсыру қажет. (6 ақпан күні жұмыстар қабылданбайды.)

Утарбаева А.З.

Бақытжанова Г.Ш.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет