Мектеп бітіруші қатысты, бұл Ұбт-ға қатысуға өтініш білдіргендердің 97,4



Дата24.02.2016
өлшемі15.79 Kb.
2011 жылғы ҰБТ қорытындысы
Елімізде 4-10 маусымда 154 тестілеуді өткізу пункттерінде (49-ы – жоғары оқу орындарында, 105-і – мектептерде) ҰБТ өткізілді.

Ағымдағы жылғы ҰБТ-ға 126 168 мектеп бітіруші қатысты, бұл ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің 97,4 % немесе жалпы мектеп бітірушілердің 79 % құрайды (2010 жылы - 107 545-і тестілеуден өтті).

Шекті деңгей 50 балдан төмен балл жинағандар 12 138, бұл тестілеуге қатысушылардың 9,6 %-ын құрайды (2010 жылы – 11 596 (10, 8 %).

30 мектеп бітіруші (2010 жылы - 43 мектеп бітіруші) ең жоғары 125 балды жинады. 32 681 (25,9% ) оқушы 100 балдан артық балл жинады (2010 жылы – 24 278 (22,6 %).

Республика бойынша орташа балл 86,7-ні құрады (2010 жылы 84,8 %).

154 ҰБТ-ны өткізу пунктіне 4447 апелляциялық өтініштер түскен. Оның ішінде, апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияға 640 өтініш жіберілген, оның 108-і қанағаттандырылды (2010 жылы - 109), бұл жалпы барлық тест тапсырмалары базасының 0,09% құрайды.

Өтініштердің басым көпшілігі Қазақстан тарихы, математика, қазақ тілі және ағылшын тілі пәндерінен түскен.

ҰБТ-ның өту барысын бақылауды Министрлік өкілдері және жергілікті жерде құрылған мемлекеттік комиссиялар мен ҰБТ-ны өткізу және үйлестіру жөніндегі штабтар жүзеге асырды.

Министрлік жыл сайын мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары арасында ҰБТ-ны дайындау және өткізу мақсатында кешенді іс-шаралар өткізеді.

Мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің арасында өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қарамастан, ұялы байланыс телефондарын, шпаргалкаларды пайдалану, орнына бөгде адамдарды кіргізу және тағы да басқа заңсыз тестілеуден өту әрекеттері жыл сайын орын алып отыр.

Қылмыстық істің қозғалуына байланысты Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы мектеп бітірушілерінің 4 маусым күнгі тестілеу нәтижелері жойылды. Қайта тестілеу 10 маусым күні өткізілді.



Жалпы алғанда, ҰБТ-ның қолданыстағы форматы мектеп бітірушілердің білімін бағалаудың объективті құралы болып табылады және жоғары білім алу үшін азаматтарға бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

ҰБТ-ның нәтижелеріне талдау жасалынады, мектептердің оқу-тәрбие процесін, стандарттар мен оқу бағдарламаларын жетілдіру, мұғалімдерді даярлауды және олардың біліктілігін көтеруді ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын болады
Каталог: uploads -> files
files -> Пособие по русскому языку для учащихся 5-11 классов Садомова Антонина Петровна
files -> 280-бап. Акциз ставкалары
files -> Көксу ауылдық округінің әкімі Е. А сатымбаевтың 2014 жылға арналған жылдық есебі
files -> Алтынемел ауылдық округі бойынша әлеуметтік экономикалық дамуының қорытынды ақпараты баяндама өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 15 тамызындағы №615 «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу
files -> Қоғалы ауылдық округі әкімінің «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, 2014 жылы атқарған жұмысы және 2015 жылға алда тұрған міндеттер туралы есебі»
files -> Перечень лекарственных средств, отпускаемых бесплатно
files -> Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауыл округінің әкімі Бекежанов Бақберген Сейтжанұлының ауыл тұрғындарының алдында 2014 жылғы бір жылдық атқарған жұмыстары туралы есебі бойынша жинақталған құжаттар Сарыөзек ауылы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет