Мектеп жасына дейінгі балалардағы тұТЫҚпаны түзетудің Ғылыми-теориялық негіздері



бет2/4
Дата13.12.2023
өлшемі32.73 Kb.
#486453
1   2   3   4
Тұтықпа (1) (1)

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Еліміздегі әрбір азаматтардың құқығын қорғайтын демократиялық республикамыздың Заң жүйесі негізінде және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында «Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз»-дей отырып, ерекше біліп беру қажеттілігі бар еліміздің әрбір азаматының денсаулығын жақсарту мәселесіне айрықша назар аударуды талап етті [1].
Осы орайда ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалардың бірі тұтықпа тіл кемшілігі бар. Тұтықпа - сөйлеу апаратының бұлшық еттерінің тыртысу салдарынан, сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуына байланысты болады. Өз зерттеулерінде З. Андронова, Л.И. Белякова, Е.А. Дьякова [2;50] Н.П. Тяпугина, Ю.А. Флоренской, М.Е. Хватцева [3;8], тұтығу сөйлеу апаратының тырысу әсерінен және тыныс алу, артикуляциялық және фонациялық бұлшықеттің дискординациясы мен эмоциялық ерік-қабілетінің өзгеру жағдайында болатындығын жазады. Тұтықпаны түзетуде жан-жақты әсер ету керектігін бағыттап, оны шынайы тәжірбиелік іс-әрекетте қолдану жолдарын керсеткен И.А. Сикорский, И. К. Хмелевский өз еңбектерінде баяндаған. И.А. Сикорскийдің жазбаларында тұтыкпаны емдеу барысында төмендегі әрекеттерді толығымен қамтыған: бірінші, анық сөйлеу гимнастикасының жаттығулары (тыныс алу-шығару, дауыс, артикуляциялык жаттығулар, сөйлеу формалары); екіншісі, психотерапиялық сауықтыру (тұтығушыны қолайлы қоршаған орта жағдайына жатқызу, логопедиялық сабақтарды біртіндеп күрделенуі, тұтығушының көңіл-күйіне оң әсер ету және т.б.); үшіншісі, фармацевтикалық және динамикалық емдеу (арнайы физиотерапия, белсенді дәрі-дәрмектер, ұсынылған қозғалыс жаттығулары). И.А. Сикорскийдің көптүрлі әдістермен емдік шарасы алғаш рет тұтықпаны жеңудін кешенді жүйесіне айналды [4;75]. Физиолог И.М. Сеченов пен И.П. Павловтың және олардың ізбасарларының іліміне сүйене отырып, ғалымдар мен тәжірбие-мамандары тұтықпаны жеңудің қазіргі заманғы кешенді тәсілін айқындады [5;6].
Кешенді медициналық-педагогикалық тәсілде қолдану барысында тұтығушының кемшілігін түзетуде маңызды жауапты іс-әрекет - логопедиялық сабақ болып есептеледі. Логопедиялық түзетудің негізгі нәтижесі болып тұтыға сөйлеуі жойылған және психологиялық-эмоциялық тұрақтылықты сақтай отырып, өзіне, қоғамға пайдалы жұмыс атқара алуы болып табылады.
Сонымен бүгінгі күні арнайы педагогикалық ғылымдағы арнайы білім беру жүйесінде қолданылып жүрген жұмыстарды байқағандай, тұтықпаны түзетуге бағытталған сабақтарда толыққанды көрсетілген әдістемесі әлі толық айқындалмаған. Тұтықпасы бар оқушыларды түзету жұмыстарын жүргізу барысында жаңашаланған, тиімділігі зор әдістердің қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыдан негізделіп, әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қайшылық туындап отыр, бұл қайшылыктардың шешімін табу біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін анықтап, зерттеу тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі балалардағы тұтықпаны логопедиялық жұмыстар арқылы түзету» деп таңдауымызға себеп болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет