Мектеп жасына дейінгі балалардағы тұТЫҚпаны түзетудің Ғылыми-теориялық негіздері



бет3/4
Дата13.12.2023
өлшемі32.73 Kb.
#486453
1   2   3   4
Тұтықпа (1) (1)

Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардағы тұтықпаны логопедиялық түзету жұмыстарының тиімді мүмкіндіктерін теориялық негіздеу және әдіснемесін жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұтықпа тіл кемшілігін түзетуде психологиялық дамыту жұмыстарын ұйымдастыруын зерттеуге бағытталған ғылыми- теориялық мағлұматтарға талдау жасау.

  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұтықпа тіл кемшілігін түзетуде логопедиялық жұмыстарын ұйымдастыруын тәжірибелік түрде тексеру және жаттығулар кешенің жасау және саралау.

  3. Мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетін тұтықпаның алдын-алу жолдарын анықтау.

Зерттеу нысаны: Тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалар.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардағы тұтықпаны логопедиялық түзету жұмыстарының ғылыми-практикалық негіздері.
Зерттеу болжамы: Егер тұтықпасы бар мектеп жасына дейінгі балалармен логопеиялық түзету жұмыстары неғұрлым ерте әрі тиімді жүргізілсе, онда тұтықпаны жоюға болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Мектеп жасына дейінгі тұтықпасы бар балаларды логопедиялық жұмыстар арқылы түзетуден тұрады. Баланың жас және жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес, түзету-дамыту жұмыстарын іске асыру және мектепке дейінгі тұтықпасы бар бала бұзылысын түзетуде қолданылатын логопедиялық әдіс-тәсілдермен қамтамасыз ету болып табылады.
Зерттеу әдістері: Теориялық зерттеу әдістері: ғылыми және арнайы әдебиетті пайдалану, әдістемелік, дидактикалық – зерттеу мәселесі бойынша жинақтау, салыстыру, жалпылау, жобалау, болжау. Эмпирикалық зерттеу әдістері: бақылау, бағалау, педагогикалық эксперимент.
Ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы: Логопедиялық түзету жұмысын тиімді қолдану арқылы мектепке дейінгі тұтығуы бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үдерісін зерттеу әдістемесін жасау.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарауда мектеп жасына дейінгі балалардағы тұтықпаны түзетудің ғылыми-теориялық негіздері анықталған.
Екінші тарауда мектеп жасына дейінгі балалардағы тұтықпаны түзетудің жүргізілетін тәжірибе сипатталған.
Қорытындылай келе, бүкіл жұмыс бойынша қорытындылар жасалады, қосымшаларда эксперименттік зерттеу кезінде пайдаланылған әдебиеттер бар.

1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДАҒЫ ТҰТЫҚПАНЫ ТҮЗЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардағы тұтықпаны түзетудің ғылыми-теориялық негіздері.
Тұтықпаны зерттеу тарихы екі мың жылдан асады, сондықтан бұл мәселені ең көне тарихи дамудың бірі деп санауға болады. Тұтығу адамзатқа адамның сөйлеуі сияқты белгілі. Оның мәнін әр түрлі түсіну ғылым мен ұстанымның даму деңгейіне, этникалық-мәдени қатынастарға байланысты. Кейінірек, XVII – XVIII ғасырларда тұтықпаның перифериялық сөйлеу аппаратының жетілмегендіктен түсіндірілді. XX ғасырда тұтығу механизмдерін түсінуде үш негізгі теориялық бағыт қалыптасты. Бірінші бағытының өкілдері тұтығу сөйлеу орталықтарының тітіркендіргіш әлсіздігінен пайда болатын спаситикалық невроз деп санайды (Гуцман Г., Куссмауль А., Сикорский И.А.). Сикорский И.А бірінші болып сөйлеудің дамуы әлі аяқталмаған кезде тұтығу балалық шаққа тән екенін атап өтті. Шешуші рөл Сикорский И.А. тұқым қуалаушылықа, басқа психологиялық және биологиялық себептерді (қорқыныш, көгеру, жұқпалы аурулар, еліктеу) балалардағы тұрақсыз сөйлеу механизмдерінің тепе-теңдігін бұзатын соққылармен қарастырды. Екінші бағыты ұсынған ғалымдар тұтығуды психологиялық сипаттағы ассоциативті бұзушылық ретінде сипаттады, оның тамыры көбінесе балалық шаққа кетеді (Г.Д. Неткачев, Ю.А. Флоренская). XX ғасырдың ортасындағы шетелдік зерттеушілер, атап айтқанда Э.Фрешельс, тұтығу себептері ретінде балалардың дұрыс емес тәрбиесін, жұқпалы аурулардың салдарынан ағзаның астенизациясын, тіл, еліктеу, инфекция, құлау, қорқыныш, қайта оқыту кезінде солшылдық. Г.Д. Неткачев алғашқылардың бірі болып психотерапиялық тұрғыдан тұтығуды жеңу тәсілін ұсынады, осылайша тұтығу механизмдерін түсінуге психологиялық көзқарас одан әрі дамыды[6;230]. Үшінші бағыттың өкілдері тұтығу – бұл психикалық жанжалдардан психикалық жарақаттары нәтижесінде пайда болған көрініс деп санайды. (А.Адлер, Шнейдер). Бұл теорияны жақтаушылар, бір жағынан, тұтығу кезінде адамның басқа адамдармен тіл табысу мүмкіндігін болдырмауға деген ұмтылысы көрінеді, ал екінші жағынан, мұндай демонстрациялық азап шегу арқылы басқалардың жаңашырлығын оятады деп санайды. Г.Д. Неткачев алғашқылардың бірі болып психотерапиялық тұрғыдан тұтығуды жеңу тәсілін ұсынды, осылайша тұтығу механизмдерін түсінуге тұтығуды жеңу тәсілін ұсынды, осылайша тұтығу механизмдерін түсінуге психологиялық көзқарас одан әрі дамыды[7;100].

Тұтықпа келесідей жіктеледі:



  • тоникалық форма – бұл формамен сөйлеу кезінде және сөздер мен буындарды ұзарту кезінде жиі тоқтаулар орын алады.

  • клоникалық форма – ол дыбыстарды , буындарды, сөздерді айту кезінде қайталаулардың болуымен сипатталады.

  • аралас форма – екі компонентте бар.

Дамудың предиспозициялық факторларына мыналар жатады:

  1. Тұқым қуалаушылық;

  2. Орталық жүйке жүйесінің күйеуі;

  3. Психикалық жарақат алған;

  4. Тасымалданатын жатырішілік инфекциялар мен жарақаттар

  5. Сөйлеуді қалыптастырудың жалпы процесіндегі ерекшеліктер;

  6. Сонымен, мыналар арасында айырмашылқтар бар:

Балалар, атап айтқанда ұлдар, бұл патологиядан жиі зардап шегеді. Оларда бұл бұзылыстың жиілігі қыздарға қарағанда бірнеше есе жоғары. Статистика бойынша ұлдарқыздарға қарағанда кекештенуден 4 есе жиі зардап шегеді. Жалпы алғанда, балалардың 5-8% 2 мен 6 жас аралығындағы сөйлеу қабілетінің бұзылуымен кездеседі [8;102]. 2-5 жас аралығындағы кейбір балалар қараңғылықтан, жалғыздықтан қорқуы мүмкін, невротикалық энурез жиі кездеседі. Мұндай балалардың жаңа ортаға үйренуі қиынға соғады, балабақшаға бару қажеттілігіне шыдамайды.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында тұтығатын оқушылардың мәселелерімен ғылыми зерттеулермен негізін қалап, тұтығудың теориясымен практикасын терең зерттеуге ала бастады. Зерттеушімен және оның күресушілік болжамдарды Европа, Ресей мен Франция, Германия, Австро-Венгрияда жасалды. Сол уақыттағы Берлин есту қабілеті төмен оқушылардың мектебінің директоры Гутцман тұтықпасы бар оқушыларға зерттеу жүргізіп, тұтықпасы бар оқушылардың психикалық бұзылушылықтарына ықпал етті [9;190].
Мектеп жасына дейінгі балаларда басталғанда тұтығу әдебиеттерде органикалық текті немесе мидың әртүрлі ауруларында байқалатын симптоматикалық немесе (екіншілік) деп аталатын тұтығудан айырмашылығы бар дербес сөйлеу патологиясы ретінде қарастырылады.

1.2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТҰТЫҚПА ТІЛ КЕМШІЛІГІН ТҮЗЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Тұтығу мәселесі әрдайым дәрігерлерді, мұғалімдерді, психологтарды және логопедтерді алаңдатты. Бірақ бұрын бұл тілдің тонусының тыс иннервациясына байланысты ауру болса, онда XIX ғасырдың аяғынан бастап дәрігерлер тұтығу күрделі психофизиологиялық ауру деген пікірге келді. Қазіргі уақытта тұтығу және оны түзету әртүрлі аспектілерде зерттеледі.
Ежелгі дәуірдің ғалымдары өздерінің еңбектерінде көрініс тапқан тұтықпаның психологиялық ерекшеліктері туралы білген. [10;59] Пікірлерді жинақтап, И.А.Сикорский өз пікірін білдірген:
- адамдардың алдында ұялу;
- шамадан тыс әсерленгіштік;
- еріктің салыстырмалы әлсіздігі;
- белгілі бір адамдардың алдында немесе қоғамда сөйлеуден қорқу.
Тұтықпаның психологиялық ерекшеліктерінің (ойындағы мінез-құлық ерекшеліктері, конфликттік жағдайларда мінез-құлық ерекшеліктері, психикалық әрекет ерекшеліктері және т.б) жекелеген мәселелерге арналғанеңбектер XX ғасырдың аяғында ғана пайда болғанын атап өткен жөн.
Зерттеушілер қимыл-қозғалысты азайту сөйлеудің еркіндігін қалыпқа келтіруге әкелетініне назар аударды. Г.А.Волкова тұтығуды мектеп жасына дейінгі балалар қимыл-қозғалыс барысында ойын әрекеті арқылы жеңу керек деп есептейді. Автор ойын әрекеті нақты оқиғалар мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсететін әртүрлі жағдайларды жасауға мүмкіндік беретінін атап көрсетеді. Әртүрлі ойын жағдаяттарына қатысу, орта буыннан бастап жетекшіге дейінгі рөлдерді ойнау тұтығуды қажетті тұлғалық қасиеттерімен тәрбиелейді. Ойын әрекетін саралап қолдану барысында тұтықпа балалардың жеке ауытқуларын түзету және осының негізінде олардың сөйлеу тілін тәрбиелеу жүзеге асады.
Мутизмнен тұтығу пайда болады. Мутизм – қолайсыз психологиялық факторлардың әсерінен сөйлеудің уақытша жойылуы. Ол уақыт өте келе баланың психологиялық жағдайына әсер ететіні сөзсіз. Психотерапевте немесе арнайы сөйлеу орталығына уақытылы жүгіну арқылы бұл белгілердің өте тез түзетіледі және олардың ауыртпалығын азайтады. Бірақ 6 жаста болса да тұтығуды емдеуге болады. Ең бастысы – маманға хабарласуды кешіктірмеу. Өйткені, мкетепке баруға әлі бір жыл бар, осы уақыт ішінде сіз балаңыздың тұтығудан арылуына көмектесе аласыз. Егер бұл жасалмаса, онда мектеп өмірінің басталуымен сөйлеу жаңа эмоционалдық стресстің нәтижесінде одан әрі зардап шегуі мүмкін. Ата-аналар айтылған шаралардың дұрыс ұйымдастырылуымен оқушыға қажетті жағдайды жасаумен ата-аналары оқушымен бірлесе ыждағаттап, оқушымен жасауға қажетті ақыл-уақытылы беруі.
Тұтықпаның пайда болуымен бір мезгілде балалар одан сайын ашуланшақ, масасыз, ұйқысы нашарлайды. Кейбір жағдайларда ауыр қыңырлық, тәртіпті бұзу, дөрекілік пайда болады. Кейбір балаларда тұтығу пайда болған кезде қателіктерінен қорқып, сөйлеу барысында ауыздарын қолдарымен жабудың қысқа кезеңі болады. Бұл жағдайда балалар ауызша қарым-қатынасты шектеуге тырысады.

  1. Артикуляциялық жаттығуларды орындату.

  2. Балалардың үйде үлкендерді толық тыңдайды.

  3. Әуеннің көмегімен айтылатын жаттығуларға жиі қатыстыру.

  4. Балаларға күнде таза ауамен тыныс алу.

  5. Балаларға ұйқы алдында қорқынышты ертегі айтпау, түрлі жанрдағы фильмдерді көрсетпеу.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемшіліктерін сәтті түзету үшін әр балаға жеке көзқарасты қолдану қажет. Бұл түзету жұмысы тіл кемшіліктерін диагностикалау және әр баланың жеке қажеттіліктерін анықтау негізінде жүргізілуі керек дегенді білдіреді. Сондай-ақ балалардың жас ерекшеліктерін ескеру маңызды, өйткені сөйлеу дағдылары баланың даму кезеңіне байланысты бірте-бірте қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тұтықпа тіл кемшіліктерін түзету ерекшеліктері балаға адекватты мотивацияны қамтамасыз ету қажеттілігімен де байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген қызығушылықтарын сақтау және тілдік дағдыларын дамыту үшн позитивті күшейту және ынталандыру қажет. Баланың тіл байлығын дамытуға әлеуметтік-мәдени ортаның ықпалын да ескеру қажет. Сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалардың тұтықпа тіл кемшіліктерін түзету ұзақ процесс екенін түсіну керек, ол үнемі бақылауды және нәтижелерді бағалауды қажет етеді.
1.3 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТҰТЫҚПА ТІЛ КЕМШІЛІКТЕРІН ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ТҮЗЕТУ
Логопедиялық жұмыс тұтықпаны жеңудің кешенді медициналық – педагогикалық тәсілде өте маңызды болып табылады. Логопедиялық жұмыстың негізгі мақсаты тұтыға сөйлеуді және мінез – құлықты қалыпқа келтіру, балалардың психологиялық ауытқуларын жою болып табылады. Логопедтің міндеті – бір жағынан, дұрыс сөйлеу дағдысын, екінші жағынан, үйлесімді дамыған, толыққанды тұлғаны тәрбиелеу. Логопедтің нақты міндеттері бала бойындағы дұрыс сөйлеу дағдыларын дұрыстау: дұрыс екпін, жеткілікті дыбыс және мәнерлілік, сөйлеу барысындағы дұрыс тыныс алу, дауысты дыбыстарға сүйену болып табылады.
Еркін сөйлеуді тәрбиелеу кезінде ең алдымен баладағы дұрыс екпін қарқын қалыптастыру қажет, яғни асығыс емес, дұрыс сөйлеу білу. Сондықтан логопедтік жұмыс барысында логопед баланы қатты, айқын, сенімді ссөйлеуге, логикалық екпіндерді дұрыс пайдалануға, дауыстың жоғарылауы мен төмендеуіне, мимико – жестикуляторлық құралдарды дұрыс пайдалануға үйретеді. [11;35]
Дұрыс сөйлеуді тәрбиелеуде сөйлеу барысындағы тыныс алуын қалпына келтіру маңызды, себебі тұтығушыларда әдетте ол тез, тынымсыз, қысқа болады. Жиі жеке дыбыстар, сөздер баланың дем алуына әсер етеді. Кей жағдайларда балалар жеке дыбыстарды, сөздерді дем шығарып бөлек айтады. Сөйлеу жаттығуларында логопед балаға фразаларды бір сөздер ретінде бірге айтуына назар аударады, яғни әр сөз бөлек емес, барлығы бір үлкен сөз ретінде. Бұл, әдетте, тұтығушыларға сөйлеуді бастау қиын болғандықтан жасаланады, егер олар ұзақ сөз айтса, соғұрлым аз қиындықтар болады. [12;48]
Логопедиялық жұмыстың түрлері. Тұтығатын балалармен жасалынатын жұмыстың міндеттеріне мыналар жатады: баланы психологиялдық – педагогикалық зерттеу, логопедиялық сабақтар, өз бетінше жұмыс жасауды ұйымдастыру.
Тұтығатын балаларды психологиялық - педагогикалық зерттеу. Осы зерттеуден соң логопедиялық жұмыс іс жүзінде басталады. Бұл логопедиялық жұмыстың процесіндегі құралдар мен тәсілдерді таңдауды анықтайды, оның нәтижелілігін бағалауға және аяқтағаннан кейін ұсыныстар беруге мүмкіндік береді. Логопедиялық сабақтар тобымен де, жекелей де жүргізіледі. Топтық сабақтарда тірек қарым – қатынасты жаттықтыру және баланың ұжымда дұрыс мінез – құлқы дағдыларын тәрбиелеу үшін пайдаланылады. Жеке сабақтар қосымша жаттығулар түрінде өткізіледі (дұрыс айталмауды түзету, психотерапиялық сипаттағы әңгіме және т.б.).
Логопедиялық түзету жұмыстарын ұйымдастыру кезінде баланың қызығушылығын ескеру маңызды. Жаңа ойыншық қызығушылық тудырады, демек, ол сабаққа көрнекі құрал ретінде қосылуы тиіс. Бала шаруашылық бойынша көмектесуді ұнатады, демек, еңбек іс – әрекеті барысында сөйлеу жаттығуларын қарастыру қажет. Қыз сурет салуды, қуыршақтармен ойнауды ұнатады және оны сабақтарға әкеліп, сөз сөйлеу әрекетіне қосады. Осылайша, сөйлеу жаттығуларының жалпы білім беретін түзету сабақтарымен, баланың күнделікті әрекетінің қызығушылықтары мен ерекшеліктерімен байланыса болуы оны әр түрлі жағдайларда дұрыс сөйлеуге дайындайды, оған жаңа сөйлеу дағдыларын өзінің іс – әрекетіне біртіндеп алмастыру мүмкіндігін жеңілдетеді.
Логопедиялық түзету жұмыстары логопедиялық кабинетте және одан тыс, әр түрлі өмірлік жағдайларда, таныс және бейтаныс адамдардың және т.б. қатысуымен жұмыс жасалынуы керек. Бұл формаларға: ертеңгіліктерге, балалар концерттеріне қатысу, дидактикалық, қозғалмалы, сюжеттік – рөлдік және экскурсиялар, микрофон алдында өнер көрсету, шығармашылық ойындар және т.б.
Алғашқы сабақтардан бастап, балалар логопедтің сұрақтарына жай және қысқа сөз тіркестермен жауап береді. Ойыншықтың, түрлі заттардың геометриялық формалары, олардың үлкендігі, түсі, әр түрлі іс–әрекетері аталады. Одан соң балалар заттар мен орындалған іс – әрекеттің көрнекілігі бойынша кең таралған жай сөйлемдермен жауап береді. Мысалы, соңында балалар логопедтің қиын сұрақтарына жауап бере отырып, тұтықпай сөйлей алатын қабілетке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу дамуының мұндай кезектілігі мен жүйелілігі баланың керекті сөздерін оңай және жылдам табуына, мүдірмей сөйлеуіне жағдай туғызады. 10-12 күндерде логопед «үндемеу тәртібін» өткізуді ұсынады. Ата-аналар мұны үйде де жүргізу керек. Яғни екі апта көлемінде баланы сөйлетпеуге тырысу жайлы.
Тыныс алу, артикуляция және дауыссыз дыбыстар бойынша жұмыс жүргізіледі. Топтық сабақтарда міндетті түрде тыныс алу жаттығулар жүргізіледі. Сөйлеу кезінде тыныс алу бұл жай тыныс алудан ерекше. Бала сөйлер алдында тыныс алуды ұмытпауы керек; тыныс алғанда ішіміз көтеріліп, тыныс шығарғанда төмен түседі. Тыныс алуда кеудені тым жоғары көтермеу, тыныс шығарғанда төмен түсірмеу керек. Бала тыныс алған соң бірден сөйлеу керек. Тыныс алып, тыныс шығарған уақытта 2-3 сек. үзіліс жасау. Әдемі, сүбелі сөйлеу үшін нақты, мәнерлі болуы қажет. Логопед осыны міндетке ала отырып, балалармен күнделікті артикуляциялық жаттығулар жүргізеді. Үйлеріне барған кезде айнаның алдында өздері жаттығуды орындауын тапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет