Мектеп жасына дейінгі балаларды мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларға үйретудің мәні мен маңызы және түрлері жоспары


Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығу – ұжымдық дене тәрбиесі



бет11/14
Дата02.01.2022
өлшемі166.5 Kb.
#453232
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Баларды саптык жаттыгуга уирету

2.4. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығу – ұжымдық дене тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығу ұжымдық спорттың негізгші құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтанда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығулардың коллективтік психология қалыптастырудағы мәнін басты орынға қоямыз. Әр түрлі табиғи жағдайға қатысты жүгіру тәсілі де өзгеріп отырады. Мысалы, жазда жүгіруші жеңіл киініп жүгірсе, қыста жылы киініп жүгіреді. Алға қойған мақсатқа байланысты бірде тура жүгірсе, енді бірде бұлтарып жүгіреді. Жүгіру жолының ерекшелігіне қарай жүгіру түрі де өзгеретін болады. Мәселен, ылдиға (еңіске) қарай жүгіргенде өкшені жерге көбірек тіреп, денені шалқайта ұстап жүгіру керек. Өйтпесе, жүгіруші денесін билей алмай, етпетінен құлауы мүмкін. Ал өрге қарай жүгіргендн аяқтың ұшын жерге қаттырақ басып, кеудені алға еңкейтіп ұстау қажет. Өйтпесе, жүгірушігің салмағы оны артқа қарай ауытқытып жіберуі мүмкін. Ал енді қалың шөп өскен жермен жүгіргенде адымды қысқа алып, тізені неғұрлым жоғары көтере жүгіруге тура келеді. Құмның үстімен жүгіргенде жүгіруші жүгіру тәсілін (техникасын) өзгертпесе, тез шаршап қалады.

Оқушыларға мектеп жасына дейінгі балаларға арналған саптық жаттығуларды жасату жылдың қай мезгілі болса да, топ болып жалаң аяқ жүгірген денсаулыққа аса пайдалы. Сондай-ақ құм, тас, батпақты, тікенді жерлермен жүгіру адамның мінез-құлқын өзгертіп, оны шыдамдылыққа, төзімділікке баулиды.

Топ болып жүгірудіңЖүгірудің әр түрлі әдіс-тәсілдері мына төмендегідей қимыл-қозғалыс ойындары арқылы жетіліп, қалыптасады.

«Жаңа қоныс» ойыны. Әрқайсысының құрамында 8-10 ойыншысы бар 2-3 команда жеке-жеке тізбек құрап бір сызықтың бойына келіп тұрады. Олар сол сызықтан алдыңғы жақтарындағы 15-20 м қашықтыққа сызылған екінші бір сызықтың бойына мынадай ретпен «қоныс аударулары» керек. Берілген белгі бойынша әр командадан екі ойыншы қол ұстаса жүгіріп, алдағы сызыққа жеткен соң, біреуі сонда қалып, екіншісі қайта жүгіріп келіп үшінші ойыншыны алып кетеді. Үшінші ойыншы төртіншіні, төртінші ойынша бесіншіні, сөйтіп қай команданың ойыншылары жаңа қонысқа бірінші болып ауысып бітсе, сол команда жеңіске жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет